Тақырыбы: «Алтын күз!» Мақсаты



бет2/4
Дата23.08.2023
өлшемі26,13 Kb.
#105521
1   2   3   4
Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар.
Тәрбиеші: Балалар біз күз ханшасын төрге отырығызайық.
Күз ханшасы ең алдымен сендердің өнерлеріңді тамашалағысы келеді.

Тұлпар тобының орындауында «Алтын күз» әні
Күз ханшайымы: Енді екінші сұрағымды тыңдаңдар
С:Көкөністер қайда өседі?
Ж:Балалар: Бақшада.
С:Жемістер ше?
Ж:Балалар:Бақта.
Тәрбиеші: Балаларымыз ендігі кезекте көкөністердің қандай пайдасы бар екенін сіздерге айтып береді
Автор: Топқа Қарбыз кіріп келеді.
Қарбыз: Абылай Күннің нұрлы шуағы,
Шұғыла боп шығады.
Шөлің әбден қанады,
Көзің шамдай жанады.
Тамылжыған шырыны,
Таңдайымда қалады.
Мен - Қарбызбын! Бау-бақша ханзадасымын. Барлық көкөністер осында жүр екен. «Жанерке» бақшасында мереке болып жатқанын естіп, мен де келдім.
Күз ханшайымы: Әрине келіңіз, қонақ болыңыз!
Қарбыз: Кәне, көкөністер келіңдер! Ортаға шығыңдар.
Автор: Қарбыз барлық көкөністерді ортаға шақырды.
Картоп: Балауса.
Мен ұялшақ - Картоппын
Мен емеспін мақтанар.
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар!
Сәбіз: Қ. Ануар Кім бар сәбіз шырынын,
Жастайынынан ішпеген.
Мені жеген адамдар,
Кем болмайды күшке де.
Қияр: Нұртас
Атым- Қияр, теріп ал,
Жиі-жиі суғарып.
Орамжапырақ: Жанали
Қабат-қабат тоным бар,
Аласа ғана бойым бар.
Ол мен - Орамжапырақпын.
Қызанақ: Айсұлтан
Піскен кезде қызанақ
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей
Томат шырынын ішпеген?
Қызылша: Пермебай Әнуар
Ақ түсім бар қант алар,
Қызыл түсім қанға нәр.
Ал, балақай, біліп қой,
Қызылшамын, пайдам бар.
Асқабақ: Нұрали
Бақша төріндегі - Асқабақпын,
Сап-сары боп торсиып,
Күтемін сені терсін деп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет