Тәрбиеші:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге Күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Жемістермен көкөністерді қарсы алайық.
(Осы кезде әуен ойналады. Ортаға жемістер көкөністер шығады.)
10. Ерке (Алма) Дәмі аузыңнан кетпейді,
Қызыл алма шырын бал.
Көктей тісің өтпейді,
Піскен кезде үзіп ал.
11. Жасмин (Шие) Мен маржандай шиемін,
Күн сәулесін сүйемін.
Жемістерім піскенде, Төмен басты иемін
12.Жанали (Қияр) Дәнін егіп қиярдың,
Тыным таппай суардым,
Түйнектерін көргенде,
Бес алғандай қуандым.
13. Заманбек (Картоп) Картоп біздің атымыз
Жер астында жатамыз
Бір тамырдан тараған
Ағайынбыз бәріміз
14.Алдияр (Қарбыз)
Күздің әрбір таңында,
Өзімнің бау бағымда
Жайылып жасыл желегім,
Менде өсіп келемін
15.У.Медина( Жүзім) Қолмен үзіп аламын,
Себетіме саламын.
Жүзім терген кезімде ,
Нұр ойнайды жүзіме.
16. Ж.Медина (Алма) Тал шыбығым бұралып,
Ағаштарда қызарып.
Тұрған ол мен алмамын,
Күнге қарап ұялып.
17.Жансая Нан анасы бидаймын,
Елге астық сыйлаймын.
Дақылдарым пыскенде,
Қауызыма сыймаймын
Ән: «Кап- кап-кап, тук-тук-тук». Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Өнершіл - өрендерім! Міне, менің сыйлығым бір себет Күз сыйы. Сендерге денсаулық, шаттық және байлық әкелсін.
Тәрбиеші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс! Бүгінгі сыйлығына рахмет . Бізге тағы кел, біз сені сағына күтеміз.
Күз ханшайымы:
Берекелі бақ дәулет
Артта түссін тойланып.
Сау болыңдар, балалар,
Келгенше жыл айланып.
(Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді)
Қош бол,Күз ханшайымы.
Тәрбиеші: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек.
Міне, балалар осымен «Алтын Күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Сіздерді Күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін!