Ән: «Алтын күз» Міне Күз ханшайымның бірінші тапсырмасы - сұрақтар.
1-сұрақ: Күз мезгілінде неше ай бар? 3 ай
2-сұрақ: Күз айларын ата. (Қыркүйек, қазан, қараша )
3-сұрақ: Күз айларында қандай өзгерістер болады? (Күн суытады, көкөністер жемістер піседі, ағаштардың жапырақтары түседі)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!Ал олай болса күз мезгілі туралы тақпақтарымызды айтып берейік.
1.Айгерім Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр түседі
2. Дияр Жемісін мол теретін
Күз дос екен бізбенен Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
3.Қарақат Күздің айы тамаша,
Жеміс жидек піседі.
Астықтар орылып,
Қоймаларға түседі.
4.Нұрай Қара бұлт қабағын түйеді
Бұталар боз қырау киеді
Осы ма осы ма күз деген
Бақшаға баратын бізбенен
5.Жансая Алқаптағы бидайды,
Қоймаға ел жинайды!
Тырнасы тізілген,
Ұнатамын күзді мен !
6. Таңат Астық - жеміс жиылды.
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз - мың алғыс.
Алдық өнім сыйыңды.
7.Диана Алтын сары қызыл көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
8.Мейіржан Сап сары ғып даланы,
Бояптығой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.
9.Аяна Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр түседі
Би: «Көкөністер мен жемістер» Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың өнерлері ұнады ма?
Күз ханшайымы: Иә, балалардың бәрі өнерлі екен.
Тәрбиеші: Қане, балалар, осындай молшылық Күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойын шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістер жинайды.
Ойын: «Кім жылдам?»
Ойынның шарты: Жемістермен көкөністерді ажыратып жинау.
Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың ойынына баға беріңіз.
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Көкөністер мен жемістерді дұрыс ажыратып жинадыңдар.