ЭТЖ плазмадағы белоктардың мөлшеріне байланысты. Эритроциттер мембранасының сыртқы бетінде сиан қышқылы көбірек болғандықтан теріс зарядталған. Сондықтан олар бір-біріне жақындамай, көпке дейін тұнбайды. Плазма белоктары әлсіз теріс зарядталған. Плазмада тұрпайы дисперсиялық әлсіз теріс зарядталған белок мөлшері көбейіп кетсе, олар эритроциттер бетіне адсорбцияланып, теріс зарядтылығын азайтады да, эритроциттердің жабысқақтығы күшейіп, бір-біріне жабысуына жағдай туындайды. Эритроциттер бір-біріне жабысып, теңгелер тізбегін құрап, тұнады.
Қанның қызметінің бірі қорғаныс қызметі болып табылады. Қанның қорғаныс қызметін - лейкоциттер атқарады, - осы қызметіне қанның ұюы – гемостаз жатады.
Лейкоциттер – қанның ақ жасушалары. Қандағы мөлшері 4,1-9,0х109/л.