Тақырыбы: Қан жүйесі. Гомеостаз. Қанның ұюы. Қан топтары



бет1/7
Дата25.08.2022
өлшемі1,46 Mb.
#38247
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қан

Тақырыбы: Қан жүйесі. Гомеостаз. Қанның ұюы. Қан топтары.

  • Дәріс жоспары:
  • 1. Қан организмнің ішкі ортасы ретінде. Гомеостаз.
  • 2. Қан құрамы, плазма құрамы.
  • 3. Қанның физикалық-химиялық қасиеттері.
  • 4. Эритроциттер. Гемоглобин. ЭТЖ. Гемолиз.
  • 5. Лейкоциттер, саны, түрлері, маңызы..
  • 6. Тромбоциттер.
  • 7. Гемостаз туралы түсінік.
  • 8. Қан топтары. Резус фактор.
  • 9. Қан құю негіздері.

Қан, лимфа, ұлпааралық сұйықтық организмнің ішкі ортасын құрайды. Ішкі ортаның құрамы және қасиеттері тұрақты болады. Ішкі ортаның тұрақтылығын гомеостаз (У. Кэннон), ал оны қамтамасыз ететін механизмдерді гомеокинез дейді.

  • Гомеостазға: изоиония, изоосмия, изогидрия (рН), изоволемия, изотермия т.б. жатады.

Қан құрамы

  • Қан – тіршілік етуге өте қажетті сұйықтық. Қанның жалпы мөлшері жалпы дене салмағының 6-8%-ын құрайды
  • немесе адамда 4-6 л қан болады.
  • Эритроциттер
  • Ерлер (4,0-5,1)*1012/л
  • Әйелдер (3,7-4,7)*1012/л
  • Тромбоциттер
  • (180-320)*109/л
  • Лейкоциттер
  • (4-9)*109/л
  • Гематокриттік көрсеткіш – плазма мен формалық элементтердің көлемдік ара қатынасы.
  • Ерлерде – 0,40 – 0,48 л/л
  • Әйелдерде – 0,36 – 0,42 л/л
  • Плазма 52-58%
  • Формалық элементтер 42-48%
  • Ерлер (4,0-5,1)*1012/л
  • Әйелдер (3,7-4,7)*1012/л
  • (4-9)*109/л
  • (180-320)*109/л
  • Қанның құрамы
  • Гематокрит - (haematocrit)
  • Ерлерде 54 % (40- 48)
  • Әйелдерде 47 % (36-42)
  • Балаларда
  • Нәрәстелерде 44 – 62 %;
  • 3 ай - 44 %;
  • 1 жас - 31-40%.
  • 10 жас – 37- 44 %.

Плазма құрамы

  • Азотты заттар
  • Азотсыз заттар
  • Белоктар – 60-80 г/л
  • Альбумин – 35-45 г/л
  • Глобулин – 20-35 г/л
  • Фибриноген – 3-5 г/л
  • Қалдық азот - 14,3-28,6
  • ммоль/л
  • Мочевина – 3,0-8,0
  • ммоль/л
  • Билирубин – 8-20 ммоль/л
  • Липидтер – 4,0-8,0
  • ммоль/л
  • Холестерин (жалпы) –
  • 3,0-7,0 ммоль/л
  • Глюкоза – 3,3-5,6 ммоль/л
  • Су 90-92%
  • Құрғақ қалдық 8-10%
  • Органикалық заттар 7-9%
  • Бейорганикалық заттар ~1%
  • Na+ - 130-150 ммоль/л
  • K+ - 3,0-8,0 ммоль/л
  • Cа+ + - 2,5-2,75 ммоль/л
  • Cl - - 95-110 ммоль/л
  • Mg+ + - 1 ммоль/л-ге дейін
  • Қанның негізгі қызметтері
  • Тасымалдау
  • Тыныс алуға қатысу
  • Қоректендіру
  • Экскрециялық
  • Қорғаныштық
  • Гуморалдық реттеуге қатысу
  • Рефлекстік реттеу
  • Креаторлық байланыстарды қамтамасыз ету
  • Гомеостаз тұрақтылығын қамтамасыз ету
  • Дене температурасын сақтау
  • Қанның физикалық-химиялық қасиеттері
  • 1. Түсі – эритроциттер ішіндегі гемоглобиннің әртүрлі газдармен, басқа заттармен реакцияға түсіп, тиісті қосындылар түзуіне байланысты.
  • 2. Дәмі – тұзды, құрамында NaCl көп болуына байланысты.
  • 3. Иісі – құрамында тез буланатын май қышқылдарына байланысты.
  • 4. Қанның меншікті салмағы – 1,050-1,064
  • плазманың меншікті салмағы – 1,024-1,032 формалық элементтердің
  • меншікті салмағы – 1,089-1,098
  • Қанның меншікті салмағы негізінен қан құрамындағы эритроциттердің аз-көптігіне байланысты (физиологиялық және патологиялық)
  • 5. Қанның тұтқырлығы – 4-5 (қан жасушалары мен плазмадағы ірі молекулалық заттардың деңгейіне байланысты).
  • Осмостық қысымы – 290-310 мосм/л
  • Қанның құрамындағы тұздар (электролиттер) мөлшеріне байланысты туындайтын қысымды осмостық қысымы дейді. Қанның осмостық қысымы негізінен NaCl иондарына байланысты.
  • Онкотикалық қысымы – 3,0-4,0 мосм/л
  • Қанның құрамындағы белок молекулары тудыратын қысымды онкотикалық қысымы дейді. Қанның онкотикалық қысымы аз, бірақ оның қан мен тін арасындағы су алмасу үрдістерін реттеуде маңызы зор.
  • Қан реакциясы (рН) вена қанында – 7,36 артерия қанында – 7,42
  • Қан құрамындағы сутегі (Н+) мен гидроксил (ОН-) иондарының ара-қатынасына байланысты. Өте тұрақты көрсеткіштердің бірі, 0,1-0,2 мөлшерге өзгерсе қауіпті.
      • Түсі.
  • Қанның буферлік жүйелері
  • Қанның буферлік жүйелері - қышқыл-сілтілі тепе-теңдігін қамтамасыз ететін, эритроциттер мен қан плазмасында болатын арнайы күрделі әрекеттік жүйелер.
  • 1. Гемоглобин жүйесі – - 75%
  • 2. Карбонаттық – плазмада, эритроциттерде
  • 3. Фосфаттық –
  • 4. Белоктық. – плазмадағы ең күшті буферлік жүйе. Белоктың молекуласындағы қышқыл мен сілті топтарына амфотерлік реакция беретініне байланысты
  • Ацидоз – қан реакциясының қышқыл жаққа ауытқуы Алкалоз – қан реакциясының сілті жаққа ауытқуы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет