Тақырыбы: Қан түзу жүйесі ауруларының зертханалық аспаптық диагностика әдістері



бет2/6
Дата29.03.2023
өлшемі0,62 Mb.
#77213
1   2   3   4   5   6

Гемоглобин жоғарылау себебі:

  • Сусыздану (су ішудің азаюы, шөлдеу, бүйрек жұмысының бұзылуы, қант диабеті, көп мөлшеде құсу және іш өту, зәр айдағыш заттарды пайдалану);
  • Жүректің немесе өкпенің туа пайда болған ақауы;
  • Жүрек немесе өкпе жетіспеушілігі;
  • Бүйрек аурулары (бүйрек артериясының стенозы, қатерсіз ісіктер)
  • Қан түзу ағзаларының аулары (эритемия);
  • Эритроциттер

    Эритроциттер төмендеу себебі: Эритроциттер санының төмендеуі анемия деп аталады. Бұл патологиялық жағдайдың себептері көп, және ол әрдайым қан түзу жүйесімен байланысты емес. Себептері:

    • Дұрыс тамақтанбау (белок және дәрумендерге кедей тағам);
    • Қан жоғалту;
    • Лейкоздар;
    • Гемолиз (токсикалық заттардың немесе аутоиммунды процесс арқасында қан жасушаларының өлуі)
    • NB! Эритроциттер санын анықтауда эритрогемометр, электрофотоколориметр, электрондық есептегіштер қолданылады.

    Лейкоциттер

    Лейкоциттер қан ағымындағы ақ түсті жасушалар. Бұл жасушалар иммунды жүйенің негізі десе болады. Ағзаға инфекция, токсикалық заттар, бөгде заттар түскенде осы лейкоциттер сонымен күресіп, ағзаны қорғайды. Лейкоциттердің түзілуі қызыл сүйек кемігінде және лимфа түйіндерінде жүреді. Лейкоциттер бірнеше түрге бөлінеді, олар: нейтрофильдер, базофильдер, моноциттер, лимфоциттер. Олардың әрқайсысы сыртқы түріне және атқаратын қызметіне байланысты ажыратылады.

    Лейкоциттердің жоғарылау себептері:

    1.Физиологиялық лейкоциттердің жоғарылау: Тағам қабылдаудан кейін,; Белсенді физикалық жүктемеден кейін; Жүктіліктің екінші жартысында; Егу жасалғаннан кейін; Етеккір кезінде;

    2.Қабыну реакциясы кезінде (патологиялық): Іріңді қабыну аурулары (абсцесс, флегмона, бронхит, гайморит, аппендицит және т.б); Күйіктер және травмалар; Операциядан кейін; Ревматизмнің асқыну кезінде; Онкологиялық аурулар кезінде; Лейкоз кезінде (иммунды жүйе стимуляциясы жүргенде);

    • Гематокрит – зертеудегі қаның жалпы көлемінің ондағы бар эритроциттерге пайыздық қатынасын айтады. Пайызбен өлшенеді.
    • Гематокрит – зертеудегі қаның жалпы көлемінің ондағы бар эритроциттерге пайыздық қатынасын айтады. Пайызбен өлшенеді.
    • Гематокрит жоғарылау себептері: Эритемия; Жүрек немесе тыныс жетіспеушілігі; Сусыздану (көп мөлшердегі құсу, диарея, қүйіктер, диабет)
    • Гематокрит төмендеу себебі: Анемия, Бүйрек жетіспеушілігі; Жүктіліктің екінші жартысы;


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет