Тақырыбы: “Анализаторлар туралы түсінік И. П. Павлов ілімі. Анализаторлардың құрылысы мен қызметі ”



Дата14.10.2023
өлшемі2,69 Mb.
#113841
түріАнализ

Тақырыбы:
Анализаторлар туралы түсінік И. П. Павлов ілімі. 2.Анализаторлардың құрылысы мен қызметі..”
И.П.Павлов бойынша: « Анализатор дегеніміз сыртқы қабылдаушы аппараттан басталып, мида аяқталатың күрделі нервтік механизм.»
Анализатор – талдағыш, 3 бөлігінең тұрады:
  • Рецептор
  • Өткізгіш жолдары
  • Ми қыртысы (ядросы)

Ішкі ортасынан қабылдайтын анализаторлардың қыртыстық шеттері:
  • Қозғалыс анализаторының ядросы, яғни сүйек, буын, қанқа бұлшықеттерінің мен олардың сіңірлерінен шығатын проприоцептивтік тітіркенулердің анализаторының ядросы орталық алдынғы қатпар мен lobulus precentralis құрамында жатады.
  • Бас пен көздің қарама – қарсы жаққа үйлесімді бұрлысына қатысы бар қозғалыс анализаторының ядросы ортаңғы мандай қатпарында, алдыңғы қозғалыс аймағында орналасады.
  • Қозғалыс анализаторының ядросы арқылы мақсатты бағытталган күрделі кәсіби, еңбек және спорттық қозғалыстар синтезделеді. Оның ядросы төменгі шеке үлесшесінде, gyrus supramarginalis –те орналасады. Бүл алаң зақымданғанда жалпы қозғалыстар жасауға ғана қабілеттілік сақталады, ал бағытталған әрекет істеуге қабілетсіздік- апракция (әрекет ) пайда болады.
  • Бастың орналасу қалпы мен қозғалыс анализаторының ядросы -статикалық анализатордың ( вестибулярлық аппарат) ми қыртысында әлі дәл толық анықталған жоқ.

  • Бірақ, ортаңғы және төменгі самай қатпары аймағында жататын аландар зақымданғанда атаксия, яғни тепе-тендікті қалыпты ұстау бұзылып, тік тұрған кезде адамның шайқалуы байқалады.

Сыртқы ортасынан келетін нерв импульстары- сыртқы анализаторларының қыртыстық шеттеріне келеді.
1. Есту анализаторының ядросы жоғарғы самай қатпарының ортаңғы бөлігінде, аралшыққа қараған бетте жатады. Ол зақымданса керендік пайда болады.
2. Көру анализаторының ядросы шүйде үлесінде жатады. Шүйде үлесінің ішкі бетінде sulcus calcarinus-тың жиектерінде көру жолы аяқталады. Көру анализаторы ядросы зақымданғанда адам соқыр болып қалады.
3. Иіс сезу анализаторының ядросы иіс миы негізінде – uncus-те гиппокампта орналасады.
4. Дәм сезу анализаторы ядросы орталық артыңдағы қатпардың төменгі бөлігінде, бір деректер бойынша uncus ішінде, иіс сезу анализаторының қыртыстық шетімен көрші жатады. Иіс сезу және дәм сезу сезімдерінің тығыз байланысы осымен түсіндіріледі.
5. Тері анализаторының ядросы ( жанасу, қысым сезу,ауырсыну және температура ) сезімталдығы орталық артыңдағы қатпарда және жоғарғы шеке аймағы қыртысында жатады.
 
6. Сөз қозғалтқыш анализаторы, ол төменгі маңдай қатпарының артқы бөлігінде, қимыл аймағының төменгі бөлімінің қасында жатады. Орталық зақымданғанда ең қарапайым сөз бұлшықеті қозғалыстарын жасау, айқайлау,тіпті ән салу қабілеті сақталады да, бірақ сөз сөйлеу қабілеті жоғалып, қозғалыстық афазия ( фазис-сөз сөйлеу) пайда болады.
Бұл алаң алдыңда сөз сөйлеу мен әң салуға қатысы бар алаң орналасқан. Ол зақымданса, вокалдық амузия – әң салуға, музыкалық фразалар құрастыруға қабілетсіздіқ, сондай-ақ аграмматизм – сөздерден сөйлем құрай алмау пайда болады.
7. Ауызша сөз сөйлеу анализаторы – жоғарғы самай қатпарының артқы бөлігінде, латералды жүлгенің тереңінде жайғаскан.
Бүл алаң зақымданғанда дыбыстарды есту қабілеті сақталады да, бірақ сөзді түсіну қабілеті жоғалып, сөз саныраулығы немесе сенсорлық афазия( фазис- сөз сөйлеу) пайда болады.
8. Жазба сөздің қозғалыс анализаторы ортанғы мапдай қатпарының артқы бөлімінде, орталық алдындағы қатпардың (кимыл аймағы) жанында орналасады.
Көрсетілген алаң зақымданғанда қозғалыстың барлық түрлері сақталады да, бірақ әріп, сөз және басқа таңбаларды жазуға қажет қимылдар жасау қабілеті жоғалады ( аграфия ).
9. Жазбаша сөздің көру анализаторы ол sulcus calcarinus ( топшылық жүлге ) қасында, gyrus angularis ( бүрыштық қатпар) құрамында орналасқан. Төменгі шеке үлесшесі жарақаттанғанда көру қабілеті сақталады да, бірақ оқи білу қабілеті ( алексия ), яғни жазылған әріптерді талдау және олардың сөз бен сөз тіркестерін құрастыру жоғалады.
Барлық сөз анализаторлары екі ми сыңарында да қаланады, бірақ бір жағында ғана дамып ( онқай адамда-сол жағында, солақай адамда – оң жағында), функционалдық жағынан асимметрмя болады. Қолдың ( енбеқ мүшесінің ) қозғалыс анализаторы мен сөз анализаторларының арасындағы бұл байланыс, мидың дамуына шешуші әсер еткен еңбек пен сөз арасыңдағы байланыспен түсіндіріледі.
Сөз қозғалтқыш анализаторы зақымданғанда сөз сөйлеу бұлшықеттерінің қарапайым қимылдық қабілеті сақталып, бірақ ауызша сөйлеу мүмкіндігі жоғалады( қимылдық афазия ).Мүндай жағдайда кейде сол қолды ( онқай адамда) ұзақ жаттықтыру арқылы сөйлеу қабілетін қалпына келтіруге болады. Сол қолдың жұмысы сөз қозғалтқыш анализатордың оң жақ ядросы қызметінің қалпына келуіне ықпал жасайды.
Назарыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет