Тақырыбы: Ақпарат және ақпараттық үдерістер



бет5/6
Дата06.09.2023
өлшемі0,79 Mb.
#106262
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
ііі. құзырлылық қалыптастыру






Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
1. Ақпараттық үдеріс дегеніміз не?
2. Қазақ халқы жазбаға көшпеген кезде ақпарат үдерісі қалай өтті? Яғни, ақпарат алмасу, сақтау және өңдеу қалай іске асты?
3. Қазақстан қоғамын ақпараттық қоғам деп айтуға бола ма?
4. Елімізде қандай үлкен көлемде ақпаратты өңдейтін жүйелер бар?
5. Белгілі ақпарат іздеу жүйелерін айтып өтіңіз. Қазақ тілінде берілген сұраныстарға жақсы нәтиже беретін іздеу жүйелері бар ма?


ІІ деңгей тапсырмалары
1. Іздеу жүйелері inverted index атты деректер структурасын пайдаланады. Мысалы, бізде үш құжат бар.
T[0] = "it is what it is"
T[1] = "what is it"
T[2] = "it is a banana
Оларды пайдаланып іздеу жүйесі келесі inverted index жасайды:
"a": {2}
"banana": {2}
"is": {0, 1, 2}
"it": {0, 1, 2}
"what": {0, 1}

Содан сон біз "what is it" дегенде сөйлемді іздесек бізге 0 және 1 құжаттар беріледі өйткені .


Келесі құжаттарды пайдаланып inverted index жаса:


T[0] = Л. Толстой өзінің "Война и мир" шығармасында Наполеон Бонапартты күлкілі әрі өте кішкентай адам ретінде суреттейді.

T[1] = Наполеон император ғана емес, академик те болған.


T[2] = Наполеон бір минуттың ішінде 2000 сөзді айта алатын жылдамдыққа ие болған.


Содан сон "Наполеон болған" сұранысына қандай құжаттар берілетінін көрсет.




ІІІ деңгей тапсырмалары

1. Сурет және видео іздеу жүйелерін мәтін іздеу жүйесі арқылы қалай жасауға болатынын талқыла.


2. Әлеуметтік жүйелер негізінде жасалған іздеу жүйелері классикалық іздеу жүйелерімен салыстырғанда қандай басымшылығы болуы мүмкін? Мәтін іздеу жүйелерінің кемшіліктері туралы ойла.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет