Тақырып 28. Еуропаның өзгеруіне Наполеон жорықтарының әсері Наполеонның жаулаушы жорығының Еуропадағы индустриалды қоғамның қалыптасуына ықпалы



бет1/3
Дата16.01.2023
өлшемі0,8 Mb.
#61526
  1   2   3
Байланысты:
Напалеон Бонапарт


Тақырып 28. Еуропаның өзгеруіне Наполеон жорықтарының әсері
Наполеонның жаулаушы жорығының Еуропадағы индустриалды қоғамның қалыптасуына ықпалы. 1799 жылғы 18 брюмердегі (9-10 қараша) мемлекеттік төңкеріс Ұлы француз революциясына соңғы нүкте қойды. Мемлекет басында Наполеон Бонапарт тұрған консул режімі енгізілді. 1804 жылы консулдың орнына Бірінші империя келді, Наполеон империтор болып жарияланды.



Наполеон Францияны әлемдегі жетекші мемлекетке айналдыру мақсатында, әсіресе бірінші кезекте Еуропа елдері арасында үстемдігін арттыру үшін сыртқы саясатта басқыншылық соғыс жүргізді. Бұл Еуропалық державалар мен халықтар тарапынан қарсылық тудырды. Сондықтан да Еуропа саясаты Наполеонның 1799-1815 жылдары аралығында жасаған жорықтарын Францияның Еуропада жеке үстемдік жасау мақсатында болған деп қаулы қабылдады.


Наполеонның жаулап алу жорықтары Франциядағы капиталистік дамуды жеделдетті. Наполеонның жаулап алу жорықтары экономикалық қорды қажет етті. Үкімет елдегі кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік жасады. Ірі буржуазияға пайдалы мемлекеттік тапсырыстар беріле бастады. Наполеон елдің қаржылық жүйесінде реформалар жүргізді. 1800 жылы француз банкі құрылып, жаңа ақша бірлігі – франк енгізілді.
1804 жылы Азаматтық кодекс (заңдар жинағы) немесе Наполеонның кодексі жарыққа шықты. Онда классикалық буржуазиялық модельдегі меншік қатынастары, мұрагерлік құқық, әйелдердің ерлерге, жалдамалы жұмысшының қожайынға қатынастары бекітілген. Кодексте азаматтардың заң алдында тең екені, тұлғалар еркіндігіне, мүлкіне, ар-ұят бостандығына қолсұғылмаушылық көрсетілген.
ХІХ ғ. алғашқы он жылдығында француз экономикасының барлық саласы күрт дамыды. Әсіресе өндіріс қатты қарқын алды, мануфактурамен қоса, өндірістік машиналар да қолданысқа енгізілді. 1812 жылы тек тоқыма өнеркәсібі бойынша ғана 200-ден астам фабрикалар жұмыс істеп тұрды. 1800-1811 жылдар аралығында Лионда мата өндіру үш есеге артты. Бұл машиналарды қолдану арқасында болған жетістіктер еді. Жылдам даму тек жеңіл ғана емес, ауыр өнеркәсіпте де көрініс берді.
Айтарлықтай даму Францияның ауылшаруашылығында да орын алды. Наполеон шаруалардың революция жылдары қол жеткізген жерлерін кедергісіз пайдалануына мүмкіндік беретін шарттарды бекітіп, реттеп берді. Бұл өз кезегінде жерді пайдалануды тиімді етті; мал басының өсіп, ауылшаруашылығында тауар санының артуы Францияның ішкі нарығының дамуына ықпал етті. Еуропа елдерін бағындырып, жаңа жерлерді жаулап алған Наполеон ол аймақтарды Францияның тауарын өткізетін аймақтарға айналдырды. Бұған 1806 жылы Наполеонның Англияға енгізген континенттік блокада саясаты етті. Нәтижесінде ағылшын өндірістік тауарларына Еуропа нарығы жабық болды. Мықты бәкелесінің жолын жапқан француз экономикасы өз дамуында жаңа қарқын алды.
Жаулап алу жорықтары Францияның ресурстары мен күшін арттырды. Франция жаулап алған жерлері мен елдерін тонап, контрибуция алып, бағынышты елдерге, әскери континеттерге өзіне тиімді кедендік бағалар белгілеп, өз пайдасын еселеп арттырып, қазынасын толтырды.
Буржуазиялық Францияның жаулап алу жорықтары феодалдық Еуропаға айтарлықтай ықпалын тигізді. Қақтығыстар феодалдық қатынастарды ыдыратып, капитализмнің дамуын тездетті.
1811 жылы Француз империясы үлкен аймақты иеленген ерекше қуатты мемлекетке айналды. Бағынышты елдер мен одақтас мемлекеттерді қосқанда оның ықпалы бүкіл Батыс және Орталық Еуропаға дейін жүріп тұрды. Францияның бәсекелестері теңіз жағынан Англия, құрлықта Ресей ғана болды. Буржуазиялық Францияның жаулау жорықтарында жеңіске жету себептері құрлықтағы Еуропада оған қарсы шыққан мемлекеттер, негізінен, нашар жасақталған, аз санды әскері бар феодалдық монархия мен шаруа-помещиктер еді. Францияның әскери жеңістеріне Германия мен Италияның саяси бытыраңқылығы да өз әсерін тигізді. Оның шегарасында күшті ұйымдасқан мемлекеттер болған жоқ.



Наполеон жаулап алу жорықтарының кезінде Франция шегарасын айналдыра қуыршақ мемлекеттерді құрып, олардың басына өз туыстарын отырғызып қойды.


Француз билігі жаулап алған елдерінде буржуазиялық реформалар жүргізді. Француз әскерлері басып алған аумақтарда Наполеон кодексі енгізіліп, феодалдық тәртіп жойылды. Өндірісте капитализмнің дамуы цехтардың жойылуына әкелді. Шіркеу мен алпауыт жер иеленушілердің жерлерінің төмен бағада сатылуы жергілікті буржуазияның капиталын арттырды. Осы себепті капиталистік өндірістің дамуына мол мүмкіндік ашылды.
Наполеонның Рейн одағы мен Вестфаль корольдығын құруы, қоғамдағы діннің ықпалын азайтуы, Азаматтық кодекстің енгізілуі Германияда саяси өзгеріс орнатты. Осының нәтижесінде 200-ден астам ұсақ елге бөлінген неміс халқының басы бірігіп, біртұтас мемлекет болып қалыптасты. Наполеонның кодексі енген Италияда шаруалардың бұған дейін сақталған басыбайлылығы біржола жойылып, жер иеленушілердің заңдары орнады. Наполеонның ішкі шегараларды жойып, бірыңғай заң жүйесі мен жалпы әскери бағыныштылықты енгізуі Италияның да біртұтас мемлекетке айналуына жол ашты. Германияға, Бельгияда, Италияда француздардың үстемдік құруы жергілікті феодалдық ақсүйектердің билігін шектеді. Испанияда феодалдардың ұйымдары тоқтатылып, шаруаларға міндеттеген бірқатар борыштар алынып тасталды. Герцогтік Варшавада шаруалардың басыбайлылығы жойылып, Наполеонның кодексі енгізілді.
Наполеонның жаулап алған елдерінде феодалдық тәртіптің жойылуы оң өзгерістерге ықпал етті, капитализмнің дамуына жол ашты, абсолюттік режимнің әлсіреуіне әкелді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет