Тақырыбы: Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлі



Дата30.09.2024
өлшемі18,8 Kb.
#146198
Байланысты:
Жиналыс ата ана


Тақырыбы:Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлі
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Ата - аналардың балабақшамен, тәрбиешімен тығыз байланысын арттыру; Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру.

Кіріспе
Амандасу әдісі


Сәлеметсіздер ме, құрметті ата - аналар! Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесіндегі ата - ана ролі» атты тренинг – сабағымызға қош келдіңіздер!
, Құшақтасу әдіісі
Баласының қасиеттері туралы жіп арқылы айту
2. Топқа бөлу.
Ата - аналар сол тұрған күйінде түрлі түсті гүлдерді таңдайды. Түстер бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады.


3.Ата-аналарға бала тәрбиесі туралы түсінік беру
Аңыз «Мінсіз емес»
Ертеде бір су тасушының екі үлкен қыш құмырасы болыпты. Құмыраның біреуі жарық болыпты, сол жарықтан бұлақтан ауылға жеткенше жарты суы ағып кетеді екен. Ал екінші құмыра мінсіз болыпты. Екі жыл бойы су тасушы ауылдастарына бір жарым құмырадан су тасыпты. Әрине, мінсіз құмыра өзінің жетістігін мақтаныш ететін. Ал жарық құмыра болса, өзінің жарты ісіне ұялып, байғұс болып жүретін. Бір күні құмыра су тасушыға былай дейді:
«Мен өзімнің тірлігіме ұяламын және сенен кешірім сұраймын.
Не үшін ұяласың?
Менің бүйірімдегі жарығымнан су ағып тұрады. Сен өз жұмысыңды орындап жүрдің, бірақ менің кесірімнен жұмысыңның жарты нәтижесін ғана алдың» – деді құмыра. Сол кезде су тасушы:
Мынау жолдың жиегіндегі гүлдерге қарашы. Сен олардың арғы бетте емес, сен жақтағы бетте ғана өсіп тұрғанын байқадың ба? Мен сенің кемшілігіңді әрдайым білетінмін.
Күнде бұлақтан шыққаннан сен жолдағы гүлдерді жарық құмыраңнан аққан суыңмен суаратынсың.
Екі жыл бойы сол гүлдерге қарап мен қуанатынмын. Сенсіз бұл сұлулық болмас еді!
Бұл аңызда қандай мағына жасырылған!
Балалардың бойында әр түрлі, жеке, есте қаларлықтай өздерінің қайталанбас қылықтары бар. Соларды тек сезе біліп, түсінуіміз керек.

Біз бала, оның тәрбиесі, отбасы және балабақшаның бала тәрбиесіндегі орны туралы пікірлерімізді, өз ойымызды, көзқарасымызды ортаға салып сұхбатасамыз, бір-бірімізбен тәжірибе алмасамыз.Балабақшаға келер алдындабала отбасында тәрбиеленеді. Отбасы деген не? Отбасы адамбаласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіпдүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады.Отбасы – шағын мемлекет әр мемлекеттің өзіне тән өндіріс, өнім, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс – шығыс бюджеті, тәртібі, заңы болады .«Ел болам десең – бесігінді түзе» деген нақыл сөзді біздің ата-бабамыз мұра болып қалдырған. Бұл нақыл сөзді қалай түсінуге болады?Қазақ отбасында өз баласың мейірімділікке, имандылыққа бауылып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап – құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сипайлық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен




Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Ата-ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа.
4.топтық жұмыс
Түсінгендерін жазу
5.Қағазда берілген әріптен басталатын еркелету сөздері
«Крокодил»
Ата-аналар бір біріне сөздер жасырып ыммен көрсету арқылы (зымыран,қалам,гүл,мысық,сиыр,даптер,бала,тәрбиеші) ойын ойнайдя
6.<<Ашығын айтсам».
Ата - аналарға төмендегідей бланкілер таратылып толтырылады.
Менің тренинг барысында түйгенім ----------
Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады -------------
Жүргізушіге ұсыныс ---------
Маған ең пайдалы, құнды болған ----------
Мен бұдан да ашық, шынайы болар едім, егер ----------------
Маған ұнамағаны --------------
Ең жақсы ұнағаны --------------
Келесі тренингте мен келесі жайттарды білгім келеді -------------------
Тренинг жүргізуші сізге ұнады ма?--------------
Тренинг жүргізушінің орнында мен болсам -------------
Тренингті қорытындылау --------------------------
Қолы ------------------------------------
8. Қорытынды.
Ата - анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.
Гүлденіп ой - өлкесі,- деп Абай атамыз ата - ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата - аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата - бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата - ана мен балабақша өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл - қыздары жан - жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.
Бүгінгі тренингімізге келгендеріңізге көп-көп рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет