Тақырыбы: Атмосфера Дайындаған: Алпиева К. Б. Топ: Пимно-105 Тексерген: Әбіл А. С. Ақтөбе 2022 Жоспары: Атмосфераның құрамы мен құрлысы. Атмосфераның жылынуы. Атмосфералық қысым Ауа массалары мен фронттар



бет4/5
Дата05.11.2022
өлшемі41,73 Kb.
#47763
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Атмосфера

4.Ауа райы. Климат .
Ауа райы. Күнделікті радиодан, теледидардан ауа райы туралы хабарламаны тыңдауға болады. Ауа райы әр жерде әртүрлі болады. Мысалы, бір жерде күн ыстық, ашық болса, екінші бір аймақта жаңбырлы, бұлтты, келесі бір жерде ала бұлтты. Ауа райы тез өзгеріп отырады, оған жер бетіндегі ауаның ауысуы әсер етеді.Ауарайы метеорологиялық өлшемдермен (температура, қысым, жел, ауа ылғалдылық, бұлттылық, атмосфералық жауын-шашын) және атмосфералық құбылыстармен (тұман, найзағай, боран, дауыл, т.б) сипатталады. Ауа райының өлшемдері мен құбылыстары өзара байланысты. Жер бетіндегі ауа райының өзгеруі тіршілікке, табиғатқа елеулі ықпал жасайды.
Климат. Жер шарының әр аймағының өзіне тән ауа райы болады. Мысалы, Қазақстанның орталығында қыс аязды, қарлы боранды, жазы ыстық, құрғақ болып келеді. Экватор маңында жыл бойы ыстық, ылғалды болса, поляр аймақтарының қысы суық, аязды, жазы бұлыңғыр, салқын болады. Ауа райының мұндай сипаттары жыл сайын қайталанып отырады.
Климат – жер бетіндегі белгілі бір аймаққа тән қайталанып отыратын ауа райының көпжылдық жай – күйі.
Климаттың негізгі элементтеріне атмосфералық қысым, ауаның ылғалдылығы мен температурасы, атмосфералық жауын-шашын, т.б. жатады.
Жер бетінің климаты алуан түрлі. Климаттың алуан түрлілігіне күн сәулесінің түсу бұрышының ендікке байланыстылығы, мұхиттар мен теңіздерге алыс-жақындығы, жер бедері, адамның шаруашылық әрекеті әсер етеді.
Жер бетінің мұхиттарға жақын аймақтарындағы қоңыржай белдеулерінде қысы жылы, жазы қоңыр салқын, жауын-шашынды болады. Ал құрлықтың орталығында климат құрғақ, қысы суық, жазы ыстық, континенттік типті климат қалыптасады.

5.Жыл мезгілдеріне сипаттама.
Ежелгі дәуірде адамдар жылды әр түрлі бөліктерге бөлген. Үнді мұхитының аралдарындағы тайпалар муссон желінің соғуына қарай, жылды екі мезгілге бөлген. Олардың жерінде муссон 180 – 185 күн оңтүстік-батысқа қарай, содан кейін 180 – 185 күн солтүстік-шығысқа қарай соғады. Орталық Африка тайпалары өз жерлерінде ауа райының нөсер жауынды, қапырық ыстық және жайдары құрғақ болуына қарай жылды үш мезгілге бөлген. Осы күнгі халықтардың көпшілігі жылды жазғытұры (көктем), жаз, күз, қыс деп төрт мезгілге бөледі. Бұлай бөлуге тиянақты астрономиялық негіз бар. Жердің орбитасы, яғни оның Күнді айналып жүретін жылдық жолының түрі эллипс түрінде болады. Жер эллипстің доғасын бойлап, орбита бойынша Күнді айналумен бірге өз осінен де айналып тұрады. Ол өз осінен бір рет айналып шыққанда бір тәулік уақыт өтеді. Жердің «күнгейі» немесе «теріскейі» жоқ, осьтен айналу салдарынан оның бетіндегі нүктелер, мысалы, қалалар тиісті ретімен Күн жаққа ауысып отырады. Жердің жарық түскен жарты бетінде күндіз, көлеңкеде қалған жарты бетінде түн болады. Жердің осі – ойша болжанатын геометриялық түзу сызық. Бұл ось Жердің полюстерінен өтіп, оның Күнді айналу орбитасы жазықтығында жуық түрде 66°33` бұрыш жасайды. Осьтің бағыты өзгермейді деуге болады (мардымсыз аз өзгерісі есепке алынбайды). Егер Жердің осі оның Күнді айналу орбитасы жазықтығына перпендикуляр болса, Күн сәулелері Жер бетінің әрбір нүктесіне бүкіл жыл бойы біркелкі түсіп, оны үнемі біркелкі жылытып отырар еді, яғни Жыл мезгілдері ауыспас еді. Күн мен түн де ұзарып-қысқарып отырмай, өзара тең 12 сағаттан болар еді. Жер әрі Күнді, әрі өз осінен айналып жүретіндіктен және осінің бағыты өзгермейтіндіктен, орбитаның АВС доғасында оның оңтүстік полюсі (S) көлеңкеде қалады да, солтүстік полюсіне (N) жарық түсіп тұрады, ал CDA доғасында – солтүстік полюсі көлеңкеде қалады да, оңтүстік полюсіне жарық түсіп тұрады. Сондықтан полюстерде жарты жыл түн – қараңғылық болады да, жарты жыл күндіз – жарық болады. Солтүстік полюстің түні қыркүйектен наурызға дейін созылады. Жер экваторындағы нүктелер ұзақ уақыт көлеңкеде қала алмайды, олар ретімен жарты тәулік Күн жаққа шығып, жарты тәулік көлеңке жақта болады. Экватор мен полюстер аралығындағы жарты шарларда күн мен түн бірде қысқарып, бірде ұзарып отырады. Бұл жарты шарларда күн мен түн жылына екі-ақ рет A және C нүктелерінде теңеледі. 21 наурыз – күн мен түннің Солтүстік жарты шарда жазғытұры (Оңтүстік жарты шарда – күзгі) теңелу күні. 23 қыркүйек – күн мен түннің Солтүстік жарты шарда күзгі (Оңтүстік жарты шарда – жазғытұры) теңелу күні. B және D нүктелерінде күн тоқырайды. Солтүстік жарты шар үшін 22 маусым – жазғы тоқырау күні, 22 желтоқсан – қысқы тоқырау күні. Астрономиялық тұрғыдан алғанда, орбитаның АВ бөлігі жазғытұрымға, яғни көктемге (20 – 21.3 – 21 – 22.6), ВС – жазға (21 – 22.6 – 23.9), СD – күзге (24.9 – 21 – 22.12). DA – қысқа (21 – 22.12 – 20 – 21.3) сәйкес келеді. Оңтүстік жарты шарда Жыл мезгілдері бұған кері, яғни АВ күзге, BC қысқа, CD – жазғытұрымға, DA жазға сәйкес болады. Астрономиялық Жыл мезгілдерінің ұзақтығы бірдей емес: көктем 92,8 күн, жаз 93,6 күн, күз 89,8 күн, қыс 89 (кібісе жылдары 90) күн. Жылдың бірінші жартысы 186, екінші жартысы 179 (180) күн. Демек, Жер орбитаның АВС бөлігінде шапшаң, CDA бөлігінде баяу қозғалады. Оның орбитадағы орташа жылдамдығы сағатына 108 мың км. Күнделікті тұрмыста наурыз, сәуір, мамыр – жазғытұры айлар, маусым, шілде, тамыз – жаз айлары; қыркүйек, қазан, қараша – күз айлары; желтоқсан, қаңтар, ақпан – қыс айлары болып есептеледі.
«Жыл мезгілдері» Абай жыл мезгілдеріне байланысты табиғат көріністерін суреттеуді дербес жанр етіп калыптастырды. Жылдың төрт мезгілін көркем бейнелейтін «Жазғытұры», «Жаз», «Күз». «Қыс» тағы басқа өлеңдеріңде табиғат суреттері өздерінің бар бояуымен, ақиқат қалпыңда, жаңды күйіңде көрінеді. Ақын табиғат көрінісін сол көздегі қазақ өмірінің тұрмыс тіршілігімен байланыстыра қарастырады.
«Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі»,
деп басталатын «Жазғытұры» өлеңінде көктемнің жайма-шуақ, жылы лебі есілгендей сезіледі. Өлеңнен мал баққан қазақ аулы тіршілігінің әр алуан көрінісі орын алған. Қазақ халқында жыл басы - наурыз айының «Ұлыстың Ұлы күнінен» басталатыны белгілі. Ақын жазғытұры деп, көктемнің осы кезеңін айтып отыр. «Жаз» өлеңінде адам мен табиғат туралы тақырып өзара ұластырыла, тұтас күйде алынған. Жазғы жайлауға көшіп қонған ауылдың бейнесі табиғаттың ғажайып бояуларымен ұштастырыла суреттелген. Жыл мезгілдерінің жадау да жабырқау, қайыршыдай жұтаң бір кезін суреттеуден басталатын «Күзде» ақын ескі ауыл тіршілігін, кедейлердің сол күз күніндей күйзелген, тоналған тұрмысын бейнелейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет