тепе-тецдік куйдегі ситемаға сырттан әсер етсе (концентрация, температура, қысым өзгерсе), онда қарама-қарсы екі реакцияның ішінен сол әсерді азайтатынының жүруіне көмектеседі. Мұны аммиакты синтездеу реакциясын мысалға ала отырып көрсетейік
Тепе-теңдікке концентрацияның әсері. Егер сыртқы әсер сутегі немесе азот концентрациясын жоғарылатса, онда ол сол заттардың концентрациясын төмендететін реакцияның жүруіне көмек етеді, демек тепе-теңдік аммиактың түзілу бағытына қарай ығысады. Сол сияқты аммиактың концентрациясы көбейсе, онда тепе-теңдік алғашқы заттардыд бағытына қарай ығысады.
Тепе-теңдікке температураның әсері. Теңдеуден көрініп тұрғандай, тура реакция жүргенде жылу бөлінетіндіктен коспаның температурасы артқан сайын жылу сіқіре жүретін реакцияға жағдай туады да тепе-теңдік бастапқы заттар бағытына қарай ығысады; температураны төмендетсе тепе-теңдік реакция өнімдері бағытына қарай ығысады.
Тепе-теңдікке қысымның әсері. Тепе-теңдікке қысымның әсерін байқау үшін теңдеудің сол және оң жағындағы заттардың молекула санын есептеу керек.
Келтірілген мысалда теңдеудің сол жағында 2 молекула, ал оң жағында 1 молекула бар. Қысым артқанда молекулалар санының кемуіне әкелетін процесс жүретіндіктен бұл жағдайда тепе-теңдік реакция өнімінің бағытына қарай ығысады. Демек, егер қысым азайса тепе-теңдік бастапқы заттар бағытына қарай ығысады.
Қайтымды реакция теңдеуінің оң және сол жағындағы молекулалар саны тең болса, мысалы
онда қысымның өзгеруі химиялық тепе-теңдіктің ығысуын туғызбайды.
Барлық катализаторлар тура және кері реакцияны бірдей шапшаңдатады, сондықтан тепе-теңдіктің ығысуына әсер етпейді, тек қана тепе-теңдікке тез жетуге жағдай туғызады.