Тақырыбы: атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары



бет8/65
Дата15.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#50187
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   65
Байланысты:
lektsiyalar (1)

FeCl3+3NaOH=Fe(ОН)3+NaCl
Алынған теңдеуде сол жақтағы әрбір элементтің атомының саны оң жақтағы атомдардың санына тең. Бұл алынған теңдеу заттар массасының сақталу заңын қанағаттандырады, демек ол дұрыс жазылған.Химиялық реакция теңдеуіндегі заттардың формуласы алдындағы коэффициенттерді стехиометриялық коэффициенттер деп атайды. Стехиометрия — әрекеттесуші заттардың арасындағы массалық және көлемдік қатынасын қарастыратын химия бөлімі. Стехиометриялық шама — реакция теңдеуіне немесе формулаға сәйкес келетін заттардың мөлшері. Стехиометриялық есептеулер — химиялық формула немесе теңдеу бойынша жүргізілетін есептеулер және заттардың формулалары мен реакция теңдеулерін қорытып шығару. Теңдеудің екі жағындағы коэффициенттерді бірдей санға еселеп көбейтуге немесе азайтуға болады. Мысал үшін, бір моль натрий гидроксиді деп алып теңдеудің коэффициенттерін жазсақ, онда жоғарыда көрсетілген теңдеудің түрі мынадай болады.
1/ЗFеСl3 +NаОН = 1/ЗҒе(ОН)3 + NаС1
Бұл жағдайда да теңдеу дұрыс болады, себебі заттар массасының сақталу заңы орындалады. Әдетте бір деген коэффициент жазылмайды.
Химиялық теңдеулердің коэффициенттерін реакция схемасы жазылғаннан кейін қарапайым жолмен іріктеп алады. Тотығу-тотықсыздану реакциясы теңдеуінде коэффициенттер ерекше тәсілдермен іріктеліп алынады.
Химиялық формулалар мен теңдеулер бойынша өнеркәсіп пен ауылшаруашылық өндірісінде және лабораториялық практикаға қажетті әралуан санды есептеулерді жүргізуге болады.
Химиялық реакциялар. Реакциялардың жіктелуі
Заттар өзара әрекеттесіп әралуан өзгерістерге ұшырайды. Мәселен, бериллий ауадағы оттегімен әрекеттесіп 500°С жоғары температурада бериллий оксидіне ауысады, көмір жанып көмірқышқыл газын түзеді және с. с.
Бір заттың құрамы мен қасиетінің өзгеріп басқа затқа айналуын және бұл кезде атом ядросының құрамында өзгеріс болмайтын құбылысты химиялық деп атайды.
Ауада тотығу, жану, кеннен металдарды алу, темірдің таттануы мұның бәрі химиялық құбылыстар. Оларды өзгеше химиялық өзгерістер, химиялық реакциялар немесе химиялық әрекеттесулер деп атайды.
Химиялық және физикалық құбылыстарды ажырата білу керек. . Физикалық құбылыста заттың пішіні мен физикалық күйі өзгереді немесе атом ядросының құрамы өзгеріп жаңа заттар түзіледі.
Мәселен, газ күйіндегі аммиак сұйық азотпен әрекеттескенде аммиак алғашында сұйық, ал одан кейін қатты күйге өтеді. Бұл химиялық емес, физикалық құбылыс, себебі заттардың (азоттың, аммиактың) құрамы өзгермейді. Жаңа заттардың түзілуіне әкелетін кейбір құбылыстар физикалық құбылысқа жатады. Мәселен, бір элементтің атомынан басқа заттың атомы түзілетін ядролық реакциялар жатады. Мұндай құбылыстарды ядролық физика зерттейді.
Химиялық реакциялар сияқты физикалық кұбылыстар да кең таралған: металл өткізгіштен (сымнан) электр тогының өтуі, металды жаншу және балқыту, жылудың бөлінуі, судың мұзға немесе буға айналуы ж. т. б.
Химнялық реакциялар физикалық құбылыстармен әрдайым бірге жүреді. Мәселен, магний жанғанда жылу мен жарық бөлінеді, ал гальваникалық элементтің химиялық реакция нәтижесінде электр тогы пайда болады.
Атом-молекулалық ілім мен массаның сақталу заңына сай химиялық реакцияда катысқан заттардың атомдарынан жаңа заттар (жәй, күрделі) түзіледі. Әрбір элементтің атомдарының жалпы саны әрдайым тұрақты болады.
Химиялық реакциялар әртүрлі сипаттарына сай жіктеледі:
1. Жылуды бөліп шығару немесе сіңіру сипатына қарай. Жылу бөле жүретін реакцияларды экзотермиялық деп атайды. Мысалы, сутегі мен хлордан хлорсутектің түзілу реакциясы:
Н2 + С12=2НС1, ΔН= –184,6 кДж.
Қоршаған ортадан жылу сіңіре жүретін реакцияларды эндотермиялық деп атайды. Мысалы, жоғарғы температурада жүретін азот пен оттектен азот (II) оксидінің түзілу реакциясы:
N2 + О2=2NО ΔН=180,8кДж.
Реакция нәтижесінде бөлініп шыққан немесе сіңіріп алынған жылу мөлшерін процестің жылу эффектісі деп атайды. Әртүрлі процестердің жылу эффектісін зерттейтін химия бөлімін термохимия деп атайды.
Реакциялардың жылу эффектісі келтірілген химиялық теңдеулерді термохимиялық теңдеулер деп атайды. Мұндай тедеулерде формулалар алдындағы коэффициенттер заттардың моль санын көрсетеді, сондықтан да бөлшек сандар болуы мүмкін.
Реакцияның жылу эффектісі температура мен қысымға тәуелді болғандықтан оны қалыпты (стандарттық) жағдайға келтіру келісілген: температура 25°С (298 немесе дәлірек, 298, 15 К), қысым р = 101325 Па≈10ІЗ кПа. Термохимиялық теңдеулерде әрекеттесетін заттардың күйі көрсетіледі: кристалды (к), сұйық (с), газ (г), еріген (е) және т. б.
Жылу эффектісін ΔН деп белгілеу (дельта аш деп оқылады) қабылданған, килоджоулмен (кДж) өрнектеп реакция теңдеуімен анықталған заттың моль санына, шағады. Жылу эффектілерінің таңбалары эндотермиялық процестер үшін оң (жылу сіңіріледі ΔН>0) және экзотермиялық процестер үшін теріс (жылу бөлінеді ΔН<0) деп алынған.
Реакцияның жылу эффектісінің ΔН мәнін түсіндіреміз. Әрбір заттың белгілі бір энтальпиясы (жылу қоры) болады. Энталытия (оны латынша ДН әрпімен белгілейді) зат түзілгенде жиналатын энергияның мөлшері. Тұрақты қысымда реакцияның жылу эффектісі ΔН — реакцияның соңғы өнімдерінің энтальпиясы ( Н соңғы деп белгілейді) мен алғашқы әрекеттесуші заттардың энтальпиясының (Н баст. деп белгіленеді) айырымына тең, яғни


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет