Мақал –мәтелдер
- Қандай мақал –мәтелдер білесіңдер ?
1.Туған жер –тұғырың ,
Туған ел –қыдырың .
2.Туған жердей жер болмас ,
Туған елдей ел болмас .
3. Бөтен елде сұлтан болғанша , өз еліңде ұлтан бол.
4.Жері байдың ,елі бай.
5. Ауылым –алтын бесік.
Пікірсайыс / дискуссия /
Ауылда тұрған
Ұнайды Ұнамайды
- Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай: Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
Сахналау:
« Егерде мен ............... болсам » ойыны.
Әкім
Директор
Суретші
Су маманы
Балалар өздеріне ұнайтын мамандықты таңдап ,сол мамандықты таңдап алып ,
сол мамандықтың иесі рөлінде өз ойларын айтады.
Ендеше қонақтарымызға сөз кезегін берейік. Алғашқы сұрағымыз:
1.Өз мамандығының шебері болу үшін адам өзін - өзі қалай дайындау керек деп есептейсіз? 2.Мамандық таңдауда ата - ананың ықпалы қандай дәрежеде болуы мүмкін деп ойлайсыздар? 3.Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?
4.Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыздар?
5.Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?
6.Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүру үшін не істеу керек?
7.Сіздің мамандығыңыз нарық заманында бақталастыққа төтеп бере ала ма?
8.Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
9.Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
10.Сіз қандай маман болуды армандадыңыз?
11.Адам өзің белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек?
12.Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?
13.Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
Достарыңызбен бөлісу: |