Тақырыбы: Ауылым алтын бесігім


Психологиялық сәт: «Психогеометрия



бет3/3
Дата16.06.2023
өлшемі20,37 Kb.
#101774
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
ауылым дөңгелек үст

Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін - өзі тану: Өзіңізге ұнаған геометриялық фигуралардың кез - келгенін таңдаңыз. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік. 

Квадрат. Сізде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңыздағы адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілеттері баршылық. Сізден үздік администратор шығады .


Зигзаг. Сізде әсемдікті көре білу қабілеті жоғары қалыптасқан, сондай - ақ шығармашылық қабілетіңіз, ой - өрісіңіз дамыған. Сізде табиғи өткір ойлылық бар, өз айналаңызға қабілетті адамдарды жинай аласыз. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды


Шеңбер. Сізде адамгершілік жоғары дамыған. Сіз өз әріптесіңізді тыңдай аласыз және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесіз, басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілеті жоғары қалыптасқан. Сізге жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңізді олардан аулақ ұстайсыз. Сізден үздік психолог шығуы мүмкін.


Үшбұрыш. Сізге басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатыңызға қол жеткізу үшін барлық мүмкіншілікті жасайсыз. Өзіңізге сенімдісіз және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесіз. Абыройлысыз. Сіз қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесіз, жұмысыңызда жоғарыға көтерілуге бейімділігіңіз бар.


Мамандық таңдауда мынадай бір формула бар: «ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – ҮЙРЕНУ КЕРЕК».


ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – бұл талап - тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі;


ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – қабілет , таланттың, денсаулықтың кеңістігі;


ҮЙРЕНУ КЕРЕК – еңбек рыногындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік - экономикалық проблемалардың, әлемдік экономикалық даму тенденцияларының кеңістігі.

Кәсіп осы үш дөңгелектің тоғысу нүктесі арқылы оңтайлы таңдалады. Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, жақсы мамандық иесі болайық. 




Бүгінгі кездесу сағатымызға келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, кешіміз сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет