ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келе, жер жалпыға ортақ өндіріс құралы ретінде қарастыратын болсақ, жерден алытын өнім де жалпыға ортақ болады.
Алайда, жерді пайдалану кезінде оны ең алдымен мақсатты тұрғыда пайдаланылуын қадағалауымыз керек. Яки, жер учаскесі қандай мақсатта берілген болса, сол тұрғыдан пайдалану.
Жерді ауылшаруашылығы мақсатында пайдалану, жер пайдалнуды дамытудың ерекше құқықтық режимі болып табылады.
Ондағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді, оның негізі болып табылатын топырақ құнарлығын, яғни жердің ауыл шаруашылығы өсімдіктерін ұдайы өсіру қабылетін арттырумен және сақтаумен бір мезгілде жүргізген жағдайда ғана, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына қол жеткізуге болады. Ауылшаруашылығын дамытудың тағы бір жолы атап айтқанымыздай, ұдайы бақылаулар мен реттеу жүргізіп отыру. Бүліну алдында тұрған жерлердің алдын алу шараларын жүргізу. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекеттік реттеудің өз міндеттемелі бар екендігін барлығымыз білеміз. Сол міндетемелер бойынша арнайы зерттеу орындарында нақты жұмыстар атқарылатын болса, жерді ұтымды түрде пайдалану оңайырақ болар еді. Жерді ұтымды пайдаланатын болсақ, оның пайдалы қасиеттерін де сақтап қала аламыз. Жердің пайдалы қасиеттері оның өндіріс құралы ретіндегі жеке тұтынушылық құнын айқындайды. Бұл ретте жер еңбек өнімділігін анықтайтын объективті шарт болып табылады, яғни оның бұрынғы және қазіргі еңбекті үнемдейтін, оны неғұрлым өнімді ететін қасиеті бар.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Жер кодексі. 2003 [https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K030000442_]
Қазақстан Республикасының жер құқығы. Л.Қ.Еркінбаева, Г.Т.Айғаринова, Алматы Жеті Жарғы.
Жер кадастры оқу құралы. Т.М. Блисов. Алматы, 2014
Жер кадастры [электрондық ресурс] : оқулық / Е. Ү. Жамалбеков, Г. Н. Нүсіпова, А. С. Акашева; ҚР Білім және ғылым м-гі. - Алматы : Қазақ университеті, 2011. - 102 б.
Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттеу жөніндегі нормативтік актілердің жинағы,Астана 2003
Қазақстан Республикасында жер кадастрының арналуы, міндеттері және сипаттамасы [ https://kzref.org/almati-2012-sejfullin-j-t-sejthamzina-g-j-azastanni-jer-kadast.html?page=4]
Жер кадастры: оқулық / Т. Есболов, Т. Жоламанов, Т. Пентаев және т. б.; ҚР Білім және ғылым м-гі. - 2-бас. - Алматы : Эверо, 2016.
Достарыңызбен бөлісу: |