Тақырыбы: «Қауіпсіз жаз-2022». Жазғы демалыс кезіңдегі балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау ережелері нұсқаулығы Өту мерзімі: 23-24 мамыр, 2022 жыл. Қатысушылар: 1-5 сынып оқушылары. Мақсаты



бет2/3
Дата23.05.2022
өлшемі12,98 Kb.
#35370
1   2   3
Қатаң тыйым салынады:

  1. Табиғат аясына серуенге үлкен адамдарсыз жалғыз баруға болмайды;

  2. Серуен барысында табиғатты ластауға болмайды;

  3. Үлкендердің бақылауынсыз бассейнде, көлде , өзенде, теңізде суға шомылуға , жүзуге болмайды;

  4. Қайықпен жүруге, көпірден өтуге, қайықтан, биік жардан суға сүңгуге болмайды;

  5. Кешке қарай және түнде суға түсуөте қауіпті;

  6.  Көл, өзен, теңіз жағалауынан алыс кетуге, шомылуға рұқсат етілген белгілерден шығуға болмайды;

  7. Жүзіп жүрген кемелерге, катерлерге, гидроцикл, ескекті қайықтарға жақын баруға болмайды;

  8. Қайықтан, катерден, желкенді қайықтан және басқа да жүзу құралдарынан және өзіңізге таныс емес жерлерде суға секіруге болмайды;

  9. Айлақтардың, көпірлердің, т.б. жанында шомылуға болмайды;

  10.  Суда бір-бірін қуып, суға батырып ойнайтын ойындарға қатаң тыйым салынады. Судың астында біреуді аяғынан ұстауға болмайды

Үйде қауіпсіздікті сақтау тәртібі
Егер Сіз үйде жалғыз қалсаңыз, қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұмытпаңыз:

  1. Балкон мен терезеге жақындауға, терезеден басыңды сыртқа шығаруға немесе терезе алдына шығып отыруға болмайды;

  2. Баспалдақ /сатыдан/ жүгіріп түсуге, мінуге қатаң тыйым салынады;

  3. Су қолмен электр құралдарына, розеткаға, тоқ қосқышқа жақындау өте қауіпті, тоқ соғуы мүмкін;

  4. Электр құрылғылары: үтік, плита, кір жуғыш машина т.б. үлкендердің рұқсатынсыз пайдалануға, қосуға тыйым салынады.

  5. Үй жағдайында, далада сіріңкені қолдануға болмайды;

  6. Дәрі-дәрмек қобдишасынан да ата-ананың рұқсатынсыз дәрі алып ішуге болмайды;

  7. Телефон және компьютерде ұзақ отыруға болмайды;

  8. Әлеуметтік желілерді де дұрыс қолдана білу керек;

  9. Әлеуметтік желі арқылы біреуге жаман, былапыт сөздер жазуға қатаң тыйым салынады;

  10. Әлеуметтік желіден балалар жасына сәйкес ғана ақпараттар мен бейнежазбалар, мультфильмдерді қарау қажет;

  11. Өрт жағдайы да өте қауіпті екенін естен шығармаңыз;

  12. Егер өрт болып жатырғанын көрсеңіз 101-ге хабарласып өрт сөндірушілерді шақыру қажет;

  13. Мүмкіндік болса түтінге уланып қалмай тұрып, бірден тез арада далаға шығып кетуге тырысыңыз;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет