Тәрбие – қиын іс, тәрбиеге жағдай жасау – әр адамның ең елеулі борыштарының бірі. Тәрбие ошағы - мектеп. Тәрбиенің ауданы кең, түбі терең. Тәрбие болмаған жерде шын ақылды, мәдениетті өмір де болмақ емес…
Жүру барысы:
Музыка ойналып тұрады.
Мұғалімнің сөзі:
Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Сіздерді еліміздің ең үлкен мерекесі Республика күнімен құттықтаймын! Қазақтың батыры Бауыржан Момышұлы кезінде «Отан үшін отқа түс-күймейсің» деген. Өйткені Отан- қасиетті ұғым. Отанымызға, туған халқымызға адал қызмет ету – біздің азаматтық борышымыз. Қазақстан Республикасының туған күні қазақ тарихына алтын әріппен жазылды.
Аңсап халық көп күткен
Аңсап халық көп күткен
Егеменді ел болдық
Көңіл – күйі тоқ жұртпен
Тереміз тең болдық
Асқақтатып саз, әнге
Сал өнерпаз кіл дүлдүл.
25 – і қазанның
Республика күні бұл!
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ
сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
әні: Шәмші Қалдаяқов Алтын күн аспаны, Ұрпаққа жол ашқан, Алтын дән даласы, Кең байтақ жерім бар. Ерліктің дастаны, Бірлігі жарасқан, Еліме қарашы! Тәуелсіз елім бар . Ежелден ер деген, Қарсы алған уақытты, Даңкымыз шықты ғой. Мәңгілік досындай. Намысын бермеген, Біздің ел бақытты, Қазағым мықты ғой! Біздің ел осындай! Қайырмасы: Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің – Қазақстаным!