1995 жылы Республика Президентінің ұсынысымен 30 тамызда өткен бүкілодақтық референдум Қазақстан халқының жаңа конституциясын қабылдады.
Өркендедік, ел болдық та кемелді,
Тереземіз өзгелермен теңелді.
Елім менің Ата Заңын ардақтап,
Еркіндіктің шуағына бөленді!
5 – сынып оқушылары Ата Заң туралы айтады.
5 – сынып оқушылары Ата Заң туралы айтады.
Ән: «Алатау»
Ортаға әрбір сыныптан оқушылар шығып, Отан туралы мақал- мәтел айтады.
Үйіңде атаңның намысын қорға,
Шет жерде Отаныңның намысын қорға.
Отаны бардың оты өшпес.
Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
4. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
5. Халықтың ортақ үйі – Отаны.
6. Отан оттан да ыстық.
7. Жері байдың елі бай.
8. Ердің сыншысы – халық.
9. Туған жерге туың тік.
10. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
Мұғалімнің сөзі:
Мұғалімнің сөзі:
Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі –халқымыз өз таңдауымен ел президентін сайлады. Сөйтіп оған үлкен сенім артты, міндет жүктеді. «Рухы күшті ел – алынбайтын қамал» дейді халық нақылы. Халық үшін қызмет етуді бақыт санайтын президентіміз тұрғанда Қазақстан келешекте дамыған, өркениетті ел боларына кәміл сенеміз.
Халық үшін Елбасы,
Әскер үшін қолбасы.
Тар жол тайғақ кешуде
Қасым - Жомарт ағаны
Туған жұрты қолдасын, - деп бүгінгі Республика күніне арналған әдеби – музыкалық кешімізді аяқтаймыз.