Тақырыбы: Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық-азаттық


жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістің пайда болуы



бет2/3
Дата15.03.2023
өлшемі44,78 Kb.
#74691
1   2   3
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістің пайда болуы
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс — 1916 ж. шілде айының бас кезінде пайда болды. Көтерілістің шығу себебі әлеуметтікэкономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды. Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліскеайналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндепұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө.Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.
Көтерілістің негізгі себептері: 1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығы бойынша қара жұмысқа 19 –дан 43 жасқа дейінгі еңбекке жарамды барлық ер адамдар алынуға тиіс болатын.
Жердің тартып алынуы, салықтар мен алымдардың кобеюі. еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі. ұлттық араздықтың өршітілуі, соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы, орыстандыру саясаты.
Көтеріліске қатысушы революцияшыл – демократияшыл зиялылар өкілдері: Жетісуда – Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ұ. Саурықов, Ж.Мәмбетов, Ұ. Саурықов(Қарқара). Торғайда - Амангелді Иманов. Орал облысы мен Бөкей Ордасында – С.Мендешев, Ә.Әйтиев. Маңғыстауда – Ж.Мыңбаев. Ақтөбеде - Ә. Майкотов.
Жетісудағы көтеріліс
1916 жылғы шілде-тамызда Жетісу облысындағы қарулы көтеріліс бұқаралық сипат алды.Жетісу облысының генерал-губернаторы Фольбаум ұлтаралық қақтығыстар туғызу үшін арандату шараларын қолданды: Қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактарын қаруландырды. Қапал, Лепсі, Жаркент, Пржевальск уезд бастықтарынан жергілікті халыққа ойран салуды ұйымдастыруды талап етті.Қырғыздардың топтасып, бас қосуын бүлік деп санап, басып – жаныштады. Көтеріліс басшыларын тұтқындап дала сотына беріп, дереу дарға асуды ұйымдастырды. Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі Т. Бокин үгіт жұмысына басшылық етіп, соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді.Феодалдық тобының сатқындық ролін әшкерелеп, патша жарлыған орындамауға шақырды. Ол 1916 жылғы тамызда революциялық қызметі үшін қамауға алынып, түрмеде Ақпан төңкерісіне дейін отырды. Жетісудағы көтерілісті басуға патша үкіметі жазалау экспедициясын жіберді. 14 батальон, 33 жүздік, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы. Жетісу көтерілісшілері патша әскеріне табандылықпен қарсылық көрсетті, бірақ күш тең болмағандықтан жеңілді.Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеевті 1916 жылы 9 қыркүйекте жазаушылар Боралдай асуында дарға асты.Сөйтіп, 1916 жылғы қазан айында Жетісу көтерілісі талқандалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет