Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Тарих және Дінтану кафедрасы
Тарих факультеті
Баяндама
Тақырыбы: «Қазақстан археологтары»
Орындаған:Таубаева Т тарих102
Тексерген:Уразмағанбетов Н
Ақтөбе,2021ж
«Қазақстан археологтары»
Қазақ даласы алтын мұралардың сыр сандығы іспеттес. Алтын адамнан бастап түрлі ежелгі қазақ болмысын танытатын, тарихтан сыр шертетін түрлі мұралардың қазындысы табылып, мұражайларда сақтаулы тұр. Бірақ, бар уақытын қазу жұмыстары мен сыры белгісіз далаға арнайтын археологтардың есімдерін бірі білсе, бірі біле бермейді.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835, Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Құсмұрын жері — 10 сәуір 1865, Көшентоған, Жетісу) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен «Шоқан» аталып кеткен. Ұлытау-Жезқазған өңіріне сапар шегіп, Алаша хан мазары, Жұбан ана кесенесі, Аяққамыр күмбезі секілді сәулет ескерткіштеріне сипаттма берген. Ер Едіге, Қойлыбай бақсы, Байғозы, Жаулыбай және Оразымбет (Оразай) батырлар жайлы құнды тарихи деректер қалдырған.
Әлкей Марғұлан
Ә.X.Марғұлан Оңтүстік Қазақстанда Сырдария, Талас және Шу өзендерінің бойынан ежелгі қала мәдениетінің іздерін ашып зерттеді. Отырар, Тараз, Сайрам және Сығанақ қалаларында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізумен бірге сан алуан көне аңыз әңгімелер, ертегілер мен эпикалық жырлар нұсқаларын ел арасынан көптеп жинады, қазақтың материалдық және рухани мәдениетімен жіті шұғылданды. Оның жан-жақты жүргізген археологиялық және этнографиялық зерттеулерінің нәтижесі 1950 жылы басылып шыққан Қазақстандағы көне қалалар тарихы жайындағы көлемді монографиялық еңбегі болды.
Мадияр Елеуов
1946 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген тарихшы, археологтің еңбегі орасан зор. Тараз қаласының ежелгі орнын зерттеу барысында VII-VIII ғасыр аралығына сәйкес келетін үйлердің қирандыларын тапқан. 80-ге жуық ортағасырға сәйкес келетін тиындардың куәгері болған. Зерттеу барысында XI-XII жататын керамика бөлігін тапқан. Оның ішкі бөлігінде бейнеленген қыздың Айша Бибі болу мүмкіндігі жоғары екендігін айтқан болатын. Өйткені, керамикада бейнеленген ою-өрнектің салыну әдісі Айша Бибі кесенісімен сәйкес келетінін аңғарған.
Кемел Ақышев
1950 жылдардың соңында К.Ақышевтің қазба жұмыстары кезінде табылған сақ дәуіріне жататын Бесшатыр қорымы оның ғылыми өмірбаянынан ерекше орын алады. Көне және орта ғасырлардағы Қазақстан ескерткіштерін әлемдік маңызы зор Есік обасынан табылған «Алтын адам» (б.з.б. \/-І\/ ғасырлар), Бесшатыр (б.з.б. \/І-\/ ғасырлар), Отырар жәдігерлерін ашып зерттеді. Қола, ерте темір дәуірлерінің мәдениеттерін кезеңдеу және мерзімдеу мәселелерін анықтады.
Сержан Ақынжанов
“Ортағасырлық Қазақстан тарихындағы қыпшақтар” атты қыпшақтардың қоғамдық құрылысы, мемлекеттік құрылымдары мен мал шаруашылығы түрлері жөніндегі көлемді монографиясы жарыққа шықты (1989, 1995). Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясына, Шульба археологиялық экспедициясы (1982-1986), Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясына (1985), Қазақстан археологиясы тарихында тұңғыш құрылған қазақ-америка халықаралық археологиялық-этнографиялық экспедициясына жетекшілік етті.
Хасан Алпысбаев
Оңтүстік Қазақстандағы петроглифтік орталықтың негізін қалады. Қазақстан алғашқы адамдар мекен еткен орталық деген ойды ортаға салған алғашқы археологтардың бірі.
Қадырбаев Мир
Темір дәуіріне жататын алғашқы қазба жұмыстарының авторы. Қазақстанның Оңтүстік бөлігінде мұралардағы петроглифтердің шешімін табуға көп септігін тигізді.
Мырзабаев Абдуқадыр
Ақсу-Жабағалы, Боралдай аймағында табылған алғашқы петроглифтрді зерттеумен айналысты.
Василий Васильевич
Берел қорғанын ашқан қазақстандық археолог.
Карл Байпақов
Қазақстанның ортағасырлық қалалары тарихын, қала мен дала арасындағы өзара байланысты зерттеп, ғылымда жаңа бағытты дамытты. Байпақов бірнеше халықаралық конференцияға қатысты. ЮНЕСКО ұйымдастырған «Жібек жолы» халықаралық экспедициясына 1991 жылы Қазақстан тарапынан жетекшілік етті. ЮНЕСКО-ның Орталық Азия тарихымен айналысатын Халықаралық ғылыми комитетті мен «Ұлы Жібек жолы» Қазақстан ұлттық комитетінің мүшесі қызметін атқарды.
Достарыңызбен бөлісу: |