Тақырыбы: Батыс Еуропа, Поляк әдебиеті
Дайындаған: Нұрманова Ж
Поляктар[1] (пол. Polacy "поляци") — славянды ұлт, Польшаның байырғы және негізгі халқы. ТМД елдерінде, АҚШ, Франция, Канада, Бельгия, Бразилия, Аргентина, т.б. мемлекеттерде де тұрады. Жалпы саны 45 млн. адам (2003). Славян тілдерінің батыс тармағына жататын поляк тілінде сөйлейді. Жазуы латын әліпбиіне негізделген. Христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Поляктардың этникалық негізін ерте орта ғасырлардағы полян, слезан, вислян, мазовшан, поморян секілді славян тайпалары қалаған. Ұлт ретінде 10 — 11 ғ-ларда Поляк мемлекеті құрылғаннан кейін қалыптаса бастады. Негізгі өзегін батыс славян тайпалары құрады. Поляктардың басым бөлігі қалалық жерлерде орналасқан. Олар түрлі салалық өндірістер мен халыққа қызмет көрсету орындарында жұмыс істейді. Табиғи ерекшеліктері мен тарихи тағдырлары әрбір өңірде өзіндік дәстүрлі шаруашылық пен мәдениеттің қалыптасуына әсерін тигізген. Малопольша мен Силезия секілді таулы аймақтарда мал шаруашылығы, Поморьенің батысы мен шығысында теңіз кәсіпшілігі ертеден дамыған. Ұлттық киімдері: әйелдер юбка, көйлек, сыртынан алтын және күміс зермен тоқылған корсаж; ерлер жағалы көйлек, жолақты шалбар, көк кафтан, ал басына конфедератка киеді. Халық арасында қолөнердің сан алуан түрлері (тоқымашылық, тігіншілік, құмырашылық, ағаш ою, т.б.), бай ауыз әдебиеті (тұрмыстық өлеңдер, аңыз-әңгімелер, ертегі, т.б.) сақталған.
Артур Игнатиус Конан Дайуль шотланд және ағылшын жазушысы. 1859 жылы 22 мамырда Эдинбург жерінде дүниеге келген. Шотландияда 1930 жылы 7 шілдеде қайтыс болған
Дүниежүзілік атаққа Шерлок Холмс туралы детектив жанрында жазылған шығармаларымен, профессор Челленджер туралы ғылыми-фантастикалық, бригадир Жерар туралы юморлық шығармаларымен ие болады. Сондай-ақ Конан Дойль – («Ватерлоо», «Ангелы Тьмы», «Огни судьбы», «Пёстрая лента») пьесаларының және (1898) «Песни действия» және «Песни дороги» баллада жинағы) өлеңдерінің, («Записки Старка Монро», сондай-ақ «Загадка Старка Монро» шығармасының) автобиографиялық очерктерінің авторы.[2]
Агата Кристи детекивті проза авторларының ішіндегі ең танымал жазушы. Кристи 60 детективті роман, 6 психологиялық роман жəне 19 əңгімелер жинағын шығарды. Оның 16 пьесасы Лондон қаласында қойылған, кітаптары 4 миллиардтан астам тиражбен сатылып, 100 тілден көп тілге аударылды. Агата Миллер 15 қыркүйек күні 1890 жылы, Торки қаласында туған. Миллер отбасысында Агатадан басқа Маргарет Фрэри (1879-1950) жəне Луис Монтан (1880-1929) болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде ол ауруханада медбике болып істеді. Бұл жұмыс оған қатты ұнайтын жəне Агата оны ең пайдалы мамандық деп атады. Ол фармацевт болып та істеді, мүмкін осы жұмысы оның оқиғаларындағы өлімдерге əсер етті. Себебі 83 өлім уланудың кесірінен болды.
Бірінші рет Агата Арчибальд Кристиге күйеуге 1914 жылы шықты. Оларда Розалинда атты қыздары туды. 1926 жылы Агата Кристи анасы қайтыс болды жəне сол жылдың аяғында Арчибальд басқаны жақсы көретінін айтты.
1930 жылы Ирактағы сапарында ол Маркс Маллоуэн мен танысады. Олар бір бірін жақсы көріп, неке қияды. 1971 жылы оның денсаулығы нашарлай бастады. Бірақ ол жазуды тоқтатқан жоқ. Дəрігерлердің айтуы бойынша Агата Кристи Альцгеймер ауруына шалдыққан. 1976 жылы ол Уоллингфорд қаласындағы үйінде қайтыс болды.
Он негр баласы тамақ ішуге барды,
Біреуі шашалып өлді, тоғызы ғана қалды.
Тоғыз негр баласы сосын жатып демалды,
Біреуі оянбады, сегізі ғана қалды.
Сегіз негр баласы Девонға қарай салды,
Біреуі оралмады, жетеуі ғана қалды.
Жеті негр баласы отынға кесті талды,
Біреуі өзін-өзі шапты, алтауы ғана қалды.
Алты негр баласы омартадан бал алды,
Ара шақты біреуін, бесеуі ғана қалды.
Бес негр баласы шығарды сотта жанжалды,
Біреуіне жаза берілді, төртеуі - ақ қалды.
Төрт негр баласы теңізге шомылуға барды,
Біреуі жемге алданды, үшеуі ғана қалды.
Үш негр баласы айуанханаға аттанды,
Біреуін аю талады, екеуі ғана қалды.
Екі негр баласы күн көзінде демалды,
Біреуі күйіп кетті - ана жазған жалғыз қалды.
Соңғы негр баласы шаршады, тыныс алған жоқ,
Барды да өлді асылып, енді ешкім қалған жоқ.
Энтони Марстон — жас жігіт, автомобильді қатты айдағанды жақсы көреді. Машинамен екі баланы басып өлтірген.
Этель Роджерс — Томас Роджерстің әйелі, аспаз.
Джон Макартур — кәрі генерал, әйелінің көңілдесін өлтірген.
Томас Роджерс — қызметші.
Эмили Брент — орта жастағы әйел, аяғы ауыр қызметшісін өлтірді деп айыпталды.
Лоуренс Джон Уоргрейв — сот, кінәсіз адамды ату жазасына бұйырған.
Эдуард Армстронг — доктор, бір әйелді операция үстінде өлтірген.
Уильям Генри Блор — отставкадағы инспектор, пара алған, соның кесірінен кінәсіз біреу түрмеге отырып, бір жылдан соң өлген.
Филипп Ломбард — лас істермен айналысқан алаяқ, шығыс Африкада 20 адамның өліміне себеп болған.
Вера Клейторн — жас қыз, соның кесірінен бір бала суға ағып өлген.
Роман желісімен түсірілген фильмдер
1945 — "Енді ешкім де қалған жоқ"
1965 — "Он қара домалақ"
1987 — "Он негр баласы"
2015 — "Енді ешкім де қалған жоқ" (Мини сериал)