1. Қара топырақтар –Қазақстанның солтүстігінде таралып, жалпы теспублика териториясының 7,2% алып жатыр, олар бірнеше подтипке бөлінеді. 1) орташа гумусты; 2) орташа гумусты сортаң; 3) азгумусты; 4) азгумусты сортаң.
1) Ортагусмусты қара топырақтардың құрамында гумустың мөлшері 6-8%, механикалық құрамы түйіршікті болып, құрамында өсімдіктер тіршілігі үшін зиянды ерітінділер болмайды. Мұндай топырақтардың карбонатты қабаттары 70-80см тереңдікте орналасқан. Топырақтың бұл типтері суармайтын егіншілік өсірумен айналасуға өте қолайлы.
2) Ортагумусты сортаң топырақтар рельфтің ойысты жерлерінде көп кездеседі, олардың негізгі ерекшелігі, беткі 40-50 см қабаты өте тығыздалған, карбонатты және гипсті қабаттар жер бетіне жақын жатады.мұндай сортаң топырақтарда егіншілікпен айнлысу үшін минералды тыңайтқыштар мен қолдан суаруды қажет етеді.
3) Азгумусті топырақтар Ақмола, Солтүстік Қазақстан,Қостанай және Ақтөбе облыстардың оңтүстік аймақтарында таралған. Ондағы гумус мөлшері 4-7%, ал гумус қабатының қалыңдығы 30-40см. Бұл топырақтың физикалық қасиеттрін байланысты құрамында қоректену заттары өт көп, сондықтан құрғақ климаттық жағдайдағы, қалың қар қабаттарын қажет етеді.
2. Каштан (қызылқоңыр) топырақтар. Топырақтың бұл типі Қазақтың Ұсақ шоқысының, Каспий маңы ойпатының және Торғай қатпарлы өлкесінің солтүстік аймақтарында таралған, олар республиканың жалпы трриториясының 37%-ін алып жатыр. Механикалық құрамына қарай 2-ге бөлінеді: 1) күңгірт каштан; 2) ашық каштан;
Мұндай топырақтың түсі құрамындағы гумус мөлшеріне қарай өзгеріп отырады, яғни гумус артқан сайын,топырақ күңгірттенсе, гумус азайған сайын ашық түске өтеді.
1) Күңгірт каштан топырақтарда гумус мөлшері 3-4,5%, ал оның қалыңдығы 35-45см, құрылымы түйіршікті болып келеді. Топырақтың карбонатты қабаты 30-50см тереңдікте қалыптасқан. Мұндай топырақтар мал жайылымы үшін өте пайдалы және құрғақ климаттық жағдайда суармайтын егіншілік өсіруге қолайлы. Көл қазаншұңқырларында және жазықтың аласа бөліктерінде сортаң топырақтыр таралған.
2) Ашық каштан топырақтар көбінесе құрғақ аймақтарға тән. Мұнда гумус мөлшері аз, 2-3%, оның қалыңдығы 25-30см. Ашық каштан топырақтардың құрамындағы сортаңдар егін шаруашылығы үшін тиімсіздеу болғандықтан, мұндай топырақтарды көбінесе малға жайылым ретінде қолданады.