Тақырыбы: «Қазақстанның физикалық географиясы» Тақырыбы: Қазақстанның физикалық географиялық орны, ауданы және шекаралары



бет12/23
Дата07.02.2023
өлшемі77,72 Kb.
#65837
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
Қазақстанның физикалық гегр

3. Құба және сұр құба топырақтар. Шөл зонасының солтүстігімен шөлейтті зоналарында таралған. Олар Қазақстан территориясының 32% бөлігін қамтиды. Мұндай топырақтар негізіенен жылына орта есеппен 100-200мм жауын-шашын түсетін құрғақ аймақтарда түзіледі. Құба топырақтар түсі ақшылдау болып, гумус мөлшері 2%, құрамы сортаңды болуы керек. Ал сұр құба топырақтардың 10-20см тереңдігінде тығыздалған қабатта гипс кзездеседі., мұндай топырақтарда өскен өсімдіктер мал жайылымы үшін қолданылады.
Қазақстанның жазықты аймақтарының көпшілік жерлерінде сорлар, сортаңдар және тақыр тәрізді топырақтар көп таралған.
Ал таулы аймақтарда тау топырақтарының мынадай типтері бар: сұр тлпырақтар, каштан топырақтар, қара топырақтар, таудың күңгірт түсті орман топырақтар, таудың шалғынды топырақтары және тундралы топырақтары.
Оңтүстік Қазақстан тауларының етектерінде ашық сұр топырақтар кездеседі. Ондағы гумус мөлшері 0,7-1,5%, құрамында сарғыш түсті қабаттармен бірге, 15-20см тереңдікте горизонт қабаты кездеседі.
Ал, таудың икаштан топырағы жылына орта есеппен 300-400 мм жауын-шашын түсетін таулы аудандарда таралған. Түсі қоңырлау болып, гумус мөлшері 3,5-4,5%, ал оның қалыңдығы 35-40 см-ге жетеді. Таудың каштан топырақты аймақтарында егін шаруашылығын ұйымдастырған тиімді.
Таудың қара топырақтары каштан топырақты белдеудің жоғарғы бөлігінде орналасқан, олар әдетте әртүрлі шөптесінді және бұталы өсімдіктер өсетін далада қалыптасқан.ондағы гумус мөлшері 6-10%, ал оның қалығңдығы 60-70см, құрамы органикалық заттарға бай,егін шаруашылығы үшінөте қолайлы.
Таулы орманның күңгірт түсті топырақтары Тянь-Шань, Жоңғар Алатауының жапырақты және шыршалы орманды өскен солтүстік беткейлерінде дамыған. Ондағы гумус 46%, карбонатты қабат 60-70см тереңдікте орналасқн. Ал Алтай тауларында емен-қайыңды ормандарда орманның сұр топырақтары, ал самырсынды тайгасында таудың күлгін топырақтары тараған.
Таулы топырақтардың келесі типі – шалғынды топырақтар. Мұндай топырақтардың ең беткі қабатында гумус мөлшері өте көп, яғни 15-20%, альпі шалғындығында гумус 10-12%,ал гумус қабатының қалыңдығы 50-70см, оның төменгі жағында қиыршықтастар кездеседі. Орманның тундралы топырағы өте әлсіз, олардың құрамында шымдар көптеп кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет