Тақырыбы: «Қазақстанның физикалық географиясы» Тақырыбы: Қазақстанның физикалық географиялық орны, ауданы және шекаралары



бет1/23
Дата07.02.2023
өлшемі77,72 Kb.
#65837
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Қазақстанның физикалық гегр


Тақырыбы: «Қазақстанның физикалық географиясы» 
Тақырыбы: Қазақстанның физикалық географиялық орны, ауданы және шекаралары

Қазақстан Республикасының территориясы – Евразия материгінің орталық бөлігінде, ТМД елдерінің оңтүстігінде 55°26-40°56с.е. және 45°27-87°18 ш.б. аралығында орналасқан, яғни батысында Волга өзенінің төменгі ағысынан шығыста Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге, ал солтүстікте Батыс сібір жазығынан оңтүстігінде Тянь-Шань тау жүйесіне дейін 1600 км-ге созылып жатыр. Жалпы Қазақ жері қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерін, ал қиыр оңтүстіктегі субтропикаға өтпелі белдеудің солтүстік шетін алып жатыр.
Қазақстан мемлекеттік щекарасының жалпы ұзындығы 15000км, оның 12000км құрлықпен, 3000км сумен (Каспий және Арал теңіздері) өтеді. Батысында, солтүстігінде және солтүстік батысында Ресей Федерациясымен, оңтүстігінде және оңтүстік батысында Орта Азия ресеймен (Түркімен, Өзбекстан, Қырғызтан), оңтүстік шығысы мен шығысында ҚХР-сымен шектеседі. Қазақстанның қазіргі шекарасы ұлттық ерекшеліктерге, қазақ халқының ежелгі қоныстану өңірлеріне сай қалыптасқан.
Жер көлемі – 2,7 млн.км², дүние жүзі жерінің ауданы жөнінде 9-орында тұр, атап айтсақ Республиканың территориясы Батыс Европадағы ең ірі держава – Франциядан 5 есе үлкен, яғни Қазақстан жеріне Франция, Испания, Португалия, Италия, Греция, Швеция, Норвегия және Финляндия мемлекеттері еркін сияды.
Халқының саны 15млн. адамға жуықтайды. Жер бедері жағынан Қазақстан жазықты және ойпатты елге жатады. Оның көлемді кең жазығы Орталық Қазақстан өңірінде жекеленген аласа таулы Сарыарқа, Шығыс және оңтүстік – шығыста Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань тау жүйелеріне ұласады. Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы және Алтай тау жүйелерінің абсолюттік биіктігі 4500м-ден асады. Қазақстанның ең биік нүктесі – Қырғызтан, Қытаймен шекарада орны – Хан Тәңірі шыңы (6995ж), ең төменгі нүктесі – Каспий теңізі жағалауындағы Қарақия ойысы, теңіз деңгейінен – 132 м. Тереңде жатыр. Қазақстан жер қойнауы темір рудасына, тас көмір мен қоңыр көмірге, түсті металдарға, фосфоритке, тұз және әртүрлі құрылыс металдарына бай болып келеді.
Евразия материгінің орталық бөлігінде мұхиттар мен теңіздерден тым алшақ жатуына байланысты Республика территориясына тым континенттік, қуаң климат ықпал етеді. Қазақстан Қара теңізден 2000км, Балтық және Араб теңіздерінен 3000км, Жапон теңізінен 5000км қашықта жатыр. Бірақ жылдық салқын маусымдарында Қазақстан территориясында Арктика мен Шығыс.Сібірдің қатал климатының әсері байқалады.
Климат пен жер бедерінің көптеген ерекшеліктеріне сәйкес Қазақстанның өзіне тән су жүйесі мен гидрологиялық режимі қалыптасқан. Мұндағы гидрологиялық тордың бірден-бір ерекшелігі республиканың ішкі су алабтары тұйық бассейінді болу керек. Ірі өзендерге Ертіс, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл, Есіл жатса, оларда бүкіл жыл бойына судың жоғары деңгейі сақталады. Республиканың негізгі көл айдындары – Балқаш, Алакөл, Зайсан, Теңіз, Сілеті.
Орта ендікте орналасуына байланысты Қазақстанда қоңыржай белдеудің табиғат зоналары таралған. Қиыр солтүстігінде орманды дала, одан оңтүстікке қарай дала шөлейт және шөлге ауысады. Топырақтан орманның сұр, шалғынды, күлгінді, қара, қызылқоңыр, және сортаң топырақ типтері кездеседі.
Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығыс бөліктеріндегі биік таулы аймақтардың табиғат жағдайлары биіктік зоналық немесе белдеуліктер бойынша өзгеріп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет