Жер бедері. Қазақстан территориясында орналасқан Оңтүстік Орал тауларының орташа абсолюттік биіктігі 250м-ден 600-700м-ге дейін жетеді. Жер бедерінің негізгі пішіндері үстірт тәрізді қырқалармен жоталы төбелерден құралып , көбінесе олар кристалл тау жыныстарымен көмкерілген.Cол сияқты мұзды жарлы беткейлерде бор және мергельді шөгінділермен бірге тұзды жартастарда мезозой және пермь тау жыныстары түзілген.
Оңтүстік Орал таулары Мұғалжар тауларының солтүстік тізбектермен шектесіп, сол аймақта силур және девон жасындағы шөгінділер түзілген.
Климаты. Оралдың климаты қоңыржай континентті, мұндағы климаттың континенттігі батыстан шығысқа және солтүстіктен оңтүстікке қарй артып, Оралмен көрші жатқан жазықты жерлерде климаттың күрт өзгерісі байқалады яғни климаттың қалыптасуына Шығыс Европпаға үстемдік ететін атланттық және арктикалық ауа масалары ықпал етеді. Территория бойынша ылғалдылық коэфиценті 0,3. Күн радиациясының жиынтық мөлшері 2800-3000градус С-ге тен. Жылы кезеңнің ұзақтығы 205-209 күн. Температураның абсолюттік жауын-шашынның жылдық мөлшері 250-320мм. Қар жамылғысының жату ұзақтығы 125-140күн, қалындығы 25-35см.
Су торлары. Орал таулары бойынша Солтүстік мұзды мұхиты мен Арал-Каспий ағынсыз бассеинің су айрығы басып өтеді. Оралдың өзендері көбінесе суы мол болып, олар Баренц,Кар теңізі арқылы Каспий теңізіне құяды. Негізгі өзендері Ырғыз,Елек, Ембі. Ал көлдері ұсақ әрі өте көп болғанымен суы аз.
Тақырыбы: Солтүстік Қазақ жазығы (Батыс Сібір жазығы) Қазақстан жеріне Батыс Сібір жазығының оңтүстік етегі кіреді. Ол Орал маңы үстіртінен Алтайға дейін 1400км Ұз-қа созылады да Торғай үстірті мен Қаззақтың ұсақ шоқысынан солтүстікке қарай еңістеу болып келеді. Оңтүстіктегі абс-к биіктік 200м. Тектоникалық жағынан Батыс сібір плитасына сай келеді. Бұл плитада сипты жөнінен палнзой жыныстарынан құралған қатпарлық фундамент орналасқан. Фундаменттің қалыңдығы оңтүстікте 100м, солтүстікте 1500м-к мезозой және кайназой шөгінділерінің қалың қабаттары табылған. Беткі бөлігі палеогеннің теңіздік және континенттік шөгінділкрінен түзілген.Климаты тым континенттік.Қыстыгүні бұл өңірге сібірдің максимумы аймағынан таралатын қоңыржай белдеудің континенттік ауа массалары үстемдік етеді. Жазда Оңтүстік Қазақстан Орта Азиядан өтетін континенттік тропикалық ауа масалары ықпал етеді. Аймақтың өзен торы сирек қалыптасқан. Ірі өзендері – Ертіс, Есіл, Тобыл қалған өзендерінің суы аз, негізінен қар суы мен қоректенеді. Көлге аудан өте бай, ірілері- Сілетітеңіз, Шағалылы теңіз. Батыс Сібірдің Қазақстандық бөлігінде орманды дала және қуаң дала зоналарының 5 проовинциясы орналасқан.
Орманды дала зонасындағы Есіл провинциясы Қазақстанның қиыр слтүстік бөлігін алып жатыр және Есіл өзендерінің батыс және шығыс өңірлерін қамтиды. Есіл жазығын рельеф пішіні ойпаң , көлдер мен бөлшектенген, кейбір бөлігі батпақты болып келеді.Есілдің орманды зонасындағы сұр және сілтісізденген қара топырақ жамылғысында қайың ормандары өседі.
Дала зонамындағы Тобыл мааңы провинциясы Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігін алып жатыр. Батыста Орал сырты үстірті , оңтүстікте Торғай үстірті, шығыста Есілдің солтүстік жағалауы аралығында орналасқан. Палезой фундаменті оңтүстігінде 100м, солтүстік шығысында 200-400м тереңдікте жатыр. Қатпарлы фундаменттің интркзивтік шөгінділерінде Соколов Сарыбай темір рудасы шоғырланған.
Дала зонасындағы Шағалалы Ертіс провинциясы- дала зонасының шығыс бөлігін қамтиды. Тобыл маңы провинциясын салыстврғанда палезой фундаменті тереңде шөккен, яғни 800-100 м төменде жатыр. Овинцияның көпшілік бөлігін алювилік-көлдік жазықтар алып жатыр, өзен торлары нашар дамыған. Жер асты сулары минералды, ал көлдері тұзды болып келеді. Топыраағы кәдімгі қара , өсімдіктің далалық түрлері басым болып келеді. Ауыл шаруашылығында провинция егіншілікке және мал жайылымына пайдаланады.
Қуаң дала зонасында Ертіс маңы провинциясы- Батыс Сібір физикалық географиялық елінің оңтүстік шығысының бөлігін қамтиды. Ертіс өзенінің 2 жағын ала орналасқан көлдік алювилік тегіс келген баспалдақты жазықтан тұрады. Территориясының абс-к биіктігі 110-200м. Тектоникалық жағынан Ертіс маңы ойына жатады. Нртістің сотүстік жағалауы біртіндеп Сарыарқаға ұласады. Ежелгі алювилік құмды жазықтың беті эолдық әрекеттерге ұшыраған дюналық массивтер кеңінен таралған. Провинцияның ірі өзндері- Ертіс, Шағыл, Сілеті, Шідерті, және т.б. Топырақ жамылғысы- күңгірт, қызыл қоңыр және қызыл топырақ типтерінен тұрса, өсімдіктерден бетегелі және ксеофидті түрлер кең тараған.
Құлынды провинциясы- Ертіс аңғарынан шығысқа қарай созылып жатқан қуаң дала зонасының шығыс ауданын қамтиды. Првинция территориясының бетін флювиогляциалдық көлдік шөгінділер жапқан. Климаттық жағдайы өте қуаң болып келеді. Жылына орташа есеппен енбәрі 250-260мм жауын шашын түседі. Топпырақтың күңгірт қызыл және қоңыр түрлері , өсімдіктердің далалық түрлері кездеседі.