Тақырыбы: «Қазақстанның физикалық географиясы» Тақырыбы: Қазақстанның физикалық географиялық орны, ауданы және шекаралары


Тақырыбы: Қазақстанның физикалық географиясының қазіргі кезеңдегі міндеттері



бет21/23
Дата07.02.2023
өлшемі77,72 Kb.
#65837
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Қазақстанның физикалық гегр

Тақырыбы: Қазақстанның физикалық географиясының қазіргі кезеңдегі міндеттері

  1. Экологиялық-географиялық зерттеулердің негізгі бағыттары;

  2. Техниканың табиғи ортамен өзара әрекеттесу проблемалары;

  3. Географиялық болжам және экологиялық-географиялық сараптама;

Қазіргі таңда физикалық географияның алдында тұрған басты мақсаттардың бірі, ол- Қазақстан территориясын кешенді физикалық-географиялық зерттеу яғни күрделілік деңгейі әртүрлі ТАК-ді зерттеу болып табылады. Оны зерттеу үшін 2 жол нақтыланған: ландшафттық картографиялау және физикалық-географиялық аудандастыру.
Ландшафттық зерттеу мен картографиялауда қолданылатын орта- және ұсақмасшабты карталар ТАК-дің кеңістіктегі құрылымын анықтау үшін өте тиімді. Сондықтан Қазақстанның барлық аймақтарының ортамасшабтағы ландшафттық карталары құрастырылып, баспадан шығарылған. Атап айтсақ, Украина мен Кавказдың, Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Сібірдің оңтүстік аймағының және Батыс Сібірдің орсан зор бөлігін алып жатқан Түмен облысының ландшафттық карталары жарыққа шыққан. Сол сияқты, жоғары мектептерге арналған 1: 4 000 000 масшабтағы және геологиялық-барлау мақсатында қолданылатын 1: 2 500 000 масштабтағы ТМД елдерінің ландшафттық карталары жарияланды.
Географиялық әдебиеттерде қазіргі таңда табиғат ресурстарын тиімді пайдалану үшін физикалық-географиялық аудандастырудың әдістемесі туралы мәселелер көтерілуде. Сондықтан, кешенді аудандастырудың қолданбалы схемасын жаңартып, оның әдістері мен тәсілдерін талдау физикалық географияның негізгі міндеттері болып саналады.
Тақырыбы: Қазақстан табиғатының антропогендік өзгерістері
Табиғатты қорғау ісі жөнінде Қазақстан Ресбубликасы көптеген жұмыстар жүргізіп келеді. Солтүстік пен оңтүстікке 1600 км-ге, ал батыстан шығысқа 3000 км-ге созылып жатқан кең байтақ Қазақстан жерінде табиғи ресурстар мен табиғат жағдайларының қоры шоғырланған. Мұнда 35 млн. Га жыртылған құнарлы жер, 187 млн. Га шабындық пен жайылым, 20 млн. Га орман және Менделеевтің периодтық системасындағы барлық элементтерінің ірі кен орындары бар. Су ресурстары мыңдаған өзеннен, көлден, мұздықтан және жер асты суларынан құралады. Осындай мәселелерді негізге ала отырып, табиғатты қорғау ісі саласындағы мынадай бағыттар мен міндеттер белгіленген:
1. жаңа ғылыми техникалық құралдарды пайдаланып, табиғи ресурстарды зерттеу және айналадағы ортаның жағдайын, оны ластайтын себептерді анықтау;
2. қазба байлықтардың кен орындарын тиімді пайдаланып, жер қойнауындағы шикізаттарды түгелдей барлап, оларды кешенді түрде өндіру, өндірілген қазба байлықтарының қалдықтарының айналадағы қоршаған ортаға зиянын болдырмау;
3. кәсіпорындар мен қалалардағы тиімді тазартқыш құрылымдарды орнатып, қажетті құрал-жабдықтармен бұйымдарды шығаратын өндірістерді дамыту;
4. топырақтың құнарлылығын арттырып, оны су мен жел эрозиясынан сақтау және топырақты ластануданқорғап, шымтезек өндіру мен кен орныдары жұмыстары жүргізілгеннен кейін жерді қайта жақсарту.
5. зиянды заттардың атмосфераға шығарылуына қарсы шаралар қолданып, транспорттық шуға, электр мен магнит өрістерінің әсеріне қарсы күрек жүргізу;
6. жер, су және орман ресурстарын кешенді әрі тиімді пайдаланып, оларды қорғау жөнінде шаралар ұйымсдастыру;
Осы міндеттерді толық жүзеге асыру үшін біздің елімізде барлық жағдайлар мен толық мүмкіндіктер бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет