Тақырыбы: Қазақстанның XIV ғасыр –XVIII ғғ. бас кезі аралығындағы Мәдениет
Орындаған:Молдахожа.М Кітапхана ісі - 3жылдық 1курс
Алматы 2022
Қазақ халқы ежелден-ақ бесіктегі баласына батырлық жырлар мен аңыз, әңгімелерді құлағына сіңдіріп өсіреді. Қазақ әдебиетінің тарих пен шығармашылыққа бай болғаны сонша оларды бір арнаға түгелдей тоғыстыру мүмкін емес.Тіпті біздің қазақ мәдениетіміз де осы әдебиеттен бастау алады. Яғни қазақ хандығының XlV пен XVlll ғасыр аралығындағы мәдениетіне бірден бір халық ауыз әдебиетін мысал ете аламыз.
Ең бірінші кезек те ноғайлы дәуіріне жататын күйлер мен жырлар. Ал жоңғар шапқыншылығы кезеңінде пайда болған толғаулар мен жырлар халық ауыз әдебиетінің негізгі бөлігі. «Елім-ай», «Беласар»,» Абылайдык қара жорғасы» атты батырлық жанрдағы жыр дастандар осы кезеңнің негізігі бөлігі болып табылады. Қазақ тарихында заманның шындығын бейнелеген ақын, жыраулар өте көп болды. Олар мәдениетпен, халық ауыз әдебиетін бір тізбекте ұстап, оларды ұштастыра білді. Оларды халықта пір тұтып, өнерлерінде құрметтеген болатын. Бұдан шығатын түйін мәдениет қазақ әдебиеті ғана емес, сонымен қатар біздің жырауларымызбен, олардың шығармалары. Ал енді қазақ тарихында өшпес атпен, ұмытылмас мәнге ие жырауларға тоқтала кетейік.
Қазтуған — ноғай ұлысында билік қызмет атқарған, сенімен қатар өзінің шешендігімен ел билеген жырау. Оның есімі орыс деректерінде жиілеп кездеседі. Бала кезінен алғыр әрі шешен болып өз бауырларынан ерекше болып ер жетеді. Қолына қару алып қалмақ қарсы жорыққада қатысып, ел ішіне аты тарала бастайды. Тіпті ел арасында оны «Қарға бойлы Қазтуған» деп атып, есімін ұлықтап, әрдайым еске алып, қадір тұтады. Қазтуған өз шығармашылығынд қайғы мен мұңмен қатар, батырлар мен жауынгерлердің рухын көтеру үшін жыр шертіп, ерлік дәстүрін жырлаған деседі. Өзінің жырларында сөзге тән теңеу мен метафоралар қолданған. Мәселен, «Ж» әрпінен басталатын ұзақ шумақты өлеңінде туған жердің құнарлығы өте айқын жеткізіледі.
Жабағалы жас тайлақ,
Жардай атан болған жер.
Жатып қалған бір тоқты,
Жайыоып мың қой болған жер.
Жарлысы мен байы тең,
Жабысы мен тайы тең,
Жары менен сайы тең.
Бұқар Қалқаманұлы — көп деректерде Абылайдың жанынан ерген, жоңғарға қарсы соғысқа белек сыбан қатысқан жырау ретінде сипатталады. Абылайдың оң қолы, әрі кеңесшісі болып өз жырына Абылай хандыда қосады. Оның шығармашылығы бала кезден басталады. «Ақтабан шұбырынды» кезінде біраз қиыншылық көріп, кейін сол туралы жазады. Заманында көрген қиыншылығы оны өмірде сөзден таймауға, әділеттілікті айтуға дәріптейді. Оның шығармашылығы арқылы Абылай туралы көп біле аламыз. «Қазақтың ханы Абылай», «Ай, Абылай, Абылай» жырларында Абылай ханның болмысы мен мінезі айқын сипатталады. Тек ол ғана емес замандастары Бөгенбай, Наурызбай секілді баһадүрлерді өз жырына қосады. Олардың өліміне жайында толғаулар арнап, өзінің шешендігімен соны Абылайға естіртеді.
Қорытындылай келе, Қазақ мәдениеті сан ғасыр бойы өзінің мінін жоғалтпаған тарихи арна. Ал біз келешек ұрпақ ретінде оны қастерлеп, қадір тұтуымыз керек. Бабаларымыздың жер мен ел үшін жасаған ерлігі әрқашанда мәңгі құрметке ие.