Тақырыбы: Б. Майлин, С. Сейфуллин, І. Жансүіров шығармашылығының көркемдік ерекшелігі



бет6/6
Дата22.10.2022
өлшемі49,63 Kb.
#44963
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Б Майлин С Сейфуллин І Жансүіров

Қобызшы ол – «Ақкөбікті» аңыратқан,
Боздатып «Бозінгенді» күңіренткен, –
деп, қылқобыз өнерінің шебері қобызшы Молықбай күйшінің өнері жайлы жырлаған. Поэмаға арқау болған ботасынан айырылған боз інгеннің зарынан туған «Бозінген» күйінің тарихына тоқталған.
Ілияс Жансүгіровтің өнер тақырыбына арнаған шоқтығы биік шығармасы – «Құлагер» поэмасы. Поэма кейіпкерлері: Ақан – Арқаның атақты әнші-сазгеріКүреңбай – сыншы, Батыраш – мақтаншақ, қызғаншақ, қара ниетті адам.
Поэма оқиғасы Арқаның атақты әнші-сазгері Ақан сері трагедиясына құрылған. Арқада Ереймен тауының бауырындағы Құсақ көлінің жағасында паң Нұрмағанбет 94-ке келіп қайтыс болған әкесі Сағынайға ас береді. Жыр дүлдүлі Ілияс аста өткен ат бәйгесіне қосылған 1300 аттың ішінен жиырма жүйрік атқа жырмен сипаттама берген. Бәйгеге 30 боз, 20 жирен, 40 қара, 90 торы, 70 көк, 200 кер ат қосылған. Бәйгеге қосылған 1300 жүйріктің алдында келе жатқан Құлагер Көкөзекке түсе бергенде, қандықол қарақшылардың қолынан мерт болады. Бұл трагедия поэманың «Жалғыз қазық» тарауында жырланған. Жан серігі тұлпарынан айырылған Ақан зарлы да мұңды атақты «Құлагер» әнін шығарған. Поэма Ақан трагедиясымен аяқталған. «Құлагер» поэмасы қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар, ақынға «Қазақ поэзиясының Құлагері» (М. Қаратаев) деген атақ әперген, Ілияс Жансүгіровтің соңғы поэмасы болып табылады.
І. Жансүгіровтің «Жол аузында» деген прозалық шығармалар мен «Құқ» атты фельетондар жинағы, «Жолдастар» романының, «Кек», «Түрксіб», «Исатай-Махамбет» пьесаларының да қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар.
Көзі тірісінде қазақ поэзиясының өрен жүйрігі, ақындықтың Құлагері атанған Ілияс Жансүгіров 1938 жылы жазықсыз жазаға ұшыраған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет