Тақырыбы: Б. Майлин, С. Сейфуллин, І. Жансүіров шығармашылығының көркемдік ерекшелігі


Құрман – Есімбектің құдасы. Зәйкүл



бет4/6
Дата22.10.2022
өлшемі49,63 Kb.
#44963
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Б Майлин С Сейфуллин І Жансүіров

Құрман – Есімбектің құдасы.
Зәйкүл – Шұғаның жеңгесі.
Қасымжан – оқиғаны баяндаушы әңгімеші жігіт.
«Шұғаның белгісі» повесі – жастардың теңдікті, еркіндікті аңсап, әлеуметтік әділетсіздіктерге қарсы үн көтере бастағанын реалистікпен бейнелеген көркем туынды.
Б. Майлиннің «Кедей теңдігі», «Айранбай», «Сексен сом», «Шапайдың хаты», «Сары ала тон» әңгімелерінде кедейлердің өсу жолын көрсетсе, «Күлтай болыс», «Кеңес ағасы – Кәмила», «Раушан – коммунист» шығармаларында кедейлердің тұрмыс-тіршілігіндегі, ой-санасындағы өзгерістерді әйелдер бейнесі арқылы жеткізген. «Ұлболсын», «Қызыл әскердің үйі», «Қара шелек», «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры», «Көктеректің бауырында», «Арыстанбайдың Мұқышы», «Колхоз қорасында», «Он бес үй» шығармаларында кедейлер өміріндегі шаруалардың ұжымдық шаруашылыққа бірігуі кезіндегі оқиғалар сөз болған. «Қанды кек», «Өлім тырнағында» әңгімелерінде 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі мен азамат соғысы жылдарының оқиғасы, таптық күрестің барысы суреттелген. Жазушы «Азамат Азаматыч» романында, «Раушан – коммунист» повесінде қазақ кедейлері қатарынан оқыған адамдардың шыға бастауын көрсеткен.
Б. Майлин қазақ әдебиетіндегі драматургия саласында да қарқынды еңбек еткен. «Ауыл мектебі», «Шаншар молда», «Неке қияр», «Көзілдірік», «Талтаңбайдың тәртібі», «Шұға», «Жалбыр», «Біздің жігіттер», «Майдан», Ғ. Мүсіреповпен бірігіп жазған «Амангелді» пьесаларында поэзиялық, прозалық шығармаларындағы тақырыптарды тереңдете түскен. Жазушының ең көрнекті де көлемді, таптық тартысқа құрылған драмалық шығармасы – «Майдан». Шығарманың әдеби маңызын Қазақстан жазушыларының бірінші съезінде сөйлеген сөзінде М. Әуезов: «Драмалық ірі серпіннің басы», – деп өте жоғары бағалаған. Пьесаның негізгі кейіпкерлері:
Досан – кеңес тәрбиесін алған, колхоз құрылысына белсене қатысушы.
Зәуре – кеңес заманында сауатын ашқан, қоғамдық қызмет атқарушы қазақ әйелі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет