Тақырыбы: «Балабақшадағы экологиялық тәрбие әдістемесі қазақ ағартушыларының еңбектері»



бет11/11
Дата06.01.2022
өлшемі0,94 Mb.
#14256
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Балабақшадағы экологиялық тәрбие әдістемесі қазақ ағартушыларының еңбектері

Экологиялық тәрбие жұмысына орай көрнекіліктерді қолдана отырып, табиғат бұрышының жабдықталуына байланысты конкурстар ұйымдастырылып экология проблемалары туралы, жағымды-жағымсыз әрекеттер бейнеленген картиналар пайдаланылғаны, ата-аналар мен тәрбиешілердің бірлескен жұмысының нәтижесінде табиғат туралы шағын кітапхананы өлі және тірі табиғатпен жабдықтау арқылы көрме ұйымдастырылғаны дұрыс.
  • Адамгершілік тәрбиесінің мәнісі баланың адамдарға, айналадағы ортаға, туған өлкенің табиғатына деген сүйіспеншілігін, қамқорлығын арттыруды көздейді. Эстетикалық тәрбие нысанасы – баланың бойындағы әдемілік, әсемдікке інкәрлігін оятып, табиғат сұлулығын сезіне білу, сүйіне білу қабілетін ұстарту, көзін ашқан бұлақтай талғам қиялын ұштау.
  • Еңбек тәрбиесінің балабақшадағы басты нысанасы – баланы сәбилік шағынан қарапайым еңбек дағдыларына балу, еңбек туралы дұрыс көзқарас қалыптастыру.
    • III. Қорытынды
    • Қорыта айта келе, табиғат – адам тәрбиешісі. Қоршаған ортаны аялап, оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отыра, тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдарды қалыптастырады. Адам – адам болып туып адам болып қалуы үшін табиғаттың атқарар рөлі зор. Табиғат бөлшектері: жан – жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі, өзен – сай, биік таулар, сағым тербеген сағым дала, бәрі - бәрі адамдардың ойына – сана, денесіне – қуат, бойына – күш, өнеріне шабыт, көңіліне қанат береді. Сондықтан, мектеп жасына дейінгі балаларға қоршаған ортаны қорғауды түсіндіріп, сүйіспеншілігін арттырып, маңызын түсіндіру қажет.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет