«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасына» сәйкес балаларды табиғатпен таныстыру процесінде өзара тығыз байланысты білімдік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады. Ақыл-ой тәрбиесінің негізгі міндеті – балаларға өлі табиғат туралы, өсімдіктер, жануарлар және балалардың сезіммен қабылдай алатын обьектілері мен құбылыстарының арасындағы қарапайым байланыстар жөнінде білім беру. Атеистік тәрбиенің, мектепте биологияны оқытудың негізінде және балаларда диалектикалық-материалистік дүниетанымды қалыптастырудың негізінде дұрыс түсінік пен ұғым жатуға тиіс. Балалардың білімді меңгеруі – олардың танымдық қабілеттіліктерінің, сенсорлық аппаратының, логикалық ойлауының, зейінінің, тілінің, байқағыштығының, білімге құмарлығының дамуымен тығыз байланысты болуы тиіс.