Tagеtes-Бархатгүл. Орталық және Оңтүстік Америкадан тараған, күтімді көп талғамайтын, биіктігі 20-70 см жететін хош иісті, жаз бойы гүлдейтін өсімдік. Гүл шоғыры дөңгеленген сары, қызғылт сары, қоңыр түсті. Тұқымын сәуірдің аяқ шенінде, мамырда себеді. Маусымда көшетін арасын 20-25 см жеткізіп балкондағы жәшікке отырғызады.
Begonia-Бегония. Бұл үнемі гүлдейтін, гүлдерінің түсі қызыл, қызғылт, кейде ақ өсімдік. Оның тұқымын желтоқсан-қаңтар айларында себеді. Көшетін бірінші жапырақ пайда болысымен-ақ арасын 2х2 см етіп көшіріп отырғызады. Егер көктемгі аяз біткенше көшеттер жапырақтарымен бірін -бірі қалқалап қыса бастаса, онда арасын 4х4 см етіп қайтадан көшіріп отырғызады.
Күзде жапырақтары солып кепкесін түйнекті бегонияның түйнек тамырларын қазып алады да, жылылығы 8-10°, ауасы құрғақ үйге кіргізіп, құмға көміп қояды. Келесі жылдың март-апрель айларында оларды топырақ пен құрғақ тамырларынан ажыратып жәшікке отырғызады.
Galantus- Подснежники-Бәйшешектер. Май айында гүлдейтін биіктігі 50-60 см жуашықты өсімдіктер. Олар күннің сәулесі жақсы түсетін жерлерде өседі. Әр жылы қыркүйек айларында жуашықтарын арасын 10-15 см етіп, 12-16 см тереңдікке отырғызады. Шілде-тамыз айларында гүлі солған бәйшешектің жуашықтарын ептеп қазып алады да терезенің алдына 10-15 күндей қойып кептіреді. Сосын оны қайтадан орнына отырғызады. Көктемде өсімдіктің гүлі мен сабақтары солысымен, олардың арасына жаз гүлдейтін өсімдіктер отырғызады. Lathyrus odoratus -Хош иісті бұршақ-Чина душистая. Биіктігі 1-1,5 м жететін жаз бойы гүлдейтін шырмауық өсімдік. Гүлдері ірі, әрі хош иісті. Сәуір-мамыр айларында тұқымын 10-15 сағат бойына жылы суға малады да арасын 30-50 см етіп әр ұяға 3-5 бұршақтан себеді. Сабағы өсе бастасымен оны тірекке бейімдеп бекітеді.
Verbéna - Шашақгүл- Вербена. Оңтүстік Америкадан шыққан ең ұзақ гүлдейтін өсімдіктердің бірі. Сабағы төселмелі. Гүл шоғыры шатыр тәрізді. Гүлдері хош иісті, түсі ақ, қызғылт, қызыл. Биіктігі 35-40 см. Тұқымын ақпан-наурыз айларында құмдақ топыраққа себеді де жылылығы 12-14° жерге қояды. Бастапқы екі жапырағы пайда болысымен көшетін қайтадан отырғызады. Мамыр айларында арасын 30-40 см етіп балкондағы жәшікке орнатады. Viola trícolor-Үш түсті шегіргүл - Виола. Violaceae- Шегіргүлдер тұқымдасы. Гүлдері өте ірі және алуан түсті, биіктігі 20-25 см жететін көктем гүлі. Қөлеңкеде де өсе береді. Тұқымын күзде себеді де сәуір-мамыр айларында арасын 20 см етіп жәшікке отырғызады.