Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар:
Сабақтың психологиялық мақсаты:
оқушылардың дамуын нақты оқу пәні және нақты сабақ шегінде жобалау;
сабақтың мақсатын қою кезінде, тақырыпты оқытудың және оның нәтижесінің психологиялық мақсатын ескеру;
оқушылардың дамуын қамтамасыз ететін әдістемелік тәсілдердің психологиялық және педагогикалық әсерлерінің жеке құралдарын қадағалау.
Сабақтың стилі:
1. Оқытудың дамытушылық принципіне сай сабақтың құрылымы мен мазмұнын анықтау:
- оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілетіне әсер ететін жүктемелердің қатынасы;
- оқушылардың шығармашылық және жүзеге асыру іс-әрекетінің көлемін анықтау;
- дайын түрде (мұғалімнің сөзінен, кітаптан немесе қосымша құралдардан) және өздігінен іздену кезінде білімдерді меңгеруді жоспарлау;
- проблемалық-эвристикалық оқытуды мұғалім мен оқушылардың орындауы (проблеманы кім қояды, кім тұжырымдайды және оны кім шешеді);
- мұғалім жүзеге асыратын әрекеттерді: оқушылардың ісәрекетін тексеру, талдау мен бағалау және оқушылардың өзара сынай бағалауын, өзін-өзі бақылауын, өзін-өзі талдауын есепке алу.
Мұғалімнің өзін-өзі ұйымдастыру ерекшеліктері:
- сабаққа деген дайындығы және ең бастысы– психологиялық мақсатты түсіну, оны жүзеге асыруға іштей дайын болу;
- сабақтың басында және барысындағы көңіл-күй – жинақылық, сабақтың психологиялық мақсаты мен тақырыпқа байланысты өзін-өзі баптау, жігерлілік, анықталған мақсатты орындауға табандылықпен ұмтылу, педагогикалық шеберлік; - педагогикалық әдептілік;
- сабақтағы психологиялық жағдай.
Достарыңызбен бөлісу: |