Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
1. Оқушылардың танымдық ойлау және қиялдау қабілеттерінің белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз ету шараларын анықтау:
- оқушылардың оқылатын объектілері мен құбылыстарды саналы қабылдау және оларды ұғыну жолдарын жоспарлау;
- сендіру, көндіру тәсілдерін қолдану;
- оқушылардың материалды қабылдауын және олардың зейінін тұрақты ұстау шарттарын жоспарлау;
- оқушылардың жадында алдында игерген білімдерін, біліктіліктерін және дағдыларын өзектілендіру үшін жаңа материалды қабылдау қажет (әңгіме, жеке сұрау, қайталау бойынша жаттығулар сияқты) жұмыстың әртүрлі формаларын қолдану;
Жаңа білімдерді және біліктіліктерді қалыптастыру үрдісінде, ойлау және қиялдау әрекеттерін ұйымдастыру:
- оқушылар білімдері мен біліктіліктерінің қалыптасу деңгейін (ұғымдарды нақты елестетіп түсіну, бейнелерді жалпылау, «жаңалық ашу», қорытындыларды тұжырымдау деңгейінде) анықтау;
- оқушылардың ойлау және қиялдау әрекеттерін, жаңа бейнелерді елестету және түсіну деңгейлерін ұйымдастырғанда ұғымдарды қалыптастырудың психологиялық заңдылықтарына сүйену;
- оқушылардың өздігінен ойлау қабілетін жүзеге асыратын және белсенділігін қамтамасыз ететін жұмыстың түрі мен тәсілін жоспарлау (проблемалы жағдайларды жасау, іздеу немесе танымдық жұмыстарды жүргізу, тапсырмаларды күрделендіру);
- түсіну деңгейін арттыру (сипаттамалықтан бастап салыстырмалыға, түсіндірмеліктен – жалпыламалыққа, бағалауға, мәселелікке) және әңгімелесу, сөйлесу, ойқорыту, пайымдау қабілеттерін қалыптастыру;
- оқушылардың шығармашылық жұмыстарының әрүрлі
- формаларын қолдану (жұмыстың мақсатын, оны өңдеуді түсіндіру);
Оқушылардың жастық ерекшеліктерін ескеру:
- сабақты оқушылардың жеке дербестік және жас
- ерекшеліктеріне сәйкес жоспарлау;
- сабақты нашар және жақсы оқитын оқушыларды ескере отырып жүргізу; сараланған әдістерді қолдану.
Жұмыстың нәтижесін бекіту:
- тапсырмалар арқылы дағдыларды қалыптастыру;
- алдында игерілген дағдылары мен біліктіліктерін жұмыстың жаңа жағдайында қолдануға үйрету, ойланбай ауыстырудан ескерту;
Оқушылардың ұйымшылдығы, жинақылығы:
- оқушылардың оқуға деген көзқарасы, олардың өзін-өзі ұйымдастыру және ақыл-ой дамуының деңгейі;
- оқушылардың оқуды қабылдау қабілетінің деңгейі бойынша топтастыру мүмкіндігі, сабақта жұмыстың жеке, топтық және жаппай формаларын анықтағанда, осы жағдайларды ескеру.
Достарыңызбен бөлісу: |