Тақырыбы: Биология сабағында өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруды зерттеу


І бөлім 1.1 Биологияны оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері



бет4/5
Дата09.05.2022
өлшемі39,28 Kb.
#33496
1   2   3   4   5
Байланысты:
айсетер диплом

І бөлім 1.1 Биологияны оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері

Қазірге дейін биологияны оқыту әдістемесі − ғылым ретінде танылып келеді. Сондықтан да биология пәні мұғалімдерін дайындайтын жоғары оқу орындарының оқу жоспарына биологияны оқыту әдістемесінің курсы енгізілді.

Биологияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым әрі оқу пәні. Биология − заттардың бір−біріне өзгеруін зерттейтін ғылым. Демек, биологияны оқыту әдістемесі мектептің биология курсындағы осындай заңдылықтарды оқушыларға үйрету жолдарын, түсіндіру тәсілдерін зерттейтін педагогикалық ғылым деп түсінуіміз керек.

Оған оқу үрдісін ұйымдастыру, оқушылардың танымдық іс−әрекетіне басшылық, сарамандық дағдылар мен іскерліктер қалыптастыру, шығармашылық қабілеттер мен ғылыми дүниетанымдық көзқарастарды дамыту жатады.

Келесі мәселе − «қалай оқиды?» − деген сұрақтың жауабына келсек, ол оқушылардың іс−әрекеті бойынша анықталады. Биологияны оқыту әдістемесіне ғылыми тұрғыдан қандай анықтама беруге болады? Бұл әлі күнге дейін толық шешімін таппаған мәселелердің бірі болып саналады. Кейбір оқу құралдарында мынадай анықтама берілген: бұл жасөспірімдерге биология ғылымын үйретудің қоғамдық әрекеті және оларды білім алуға тәрбиелеп, дамыту, мектептегі биология курсының мазмұнын оқушыларға игерту заңдылықтары туралы педагогикалық ғылым.

Биологияны оқыту әдістемесі мұғалімнің оқу материалын оқытуы мен оқушылардың биологиялық саналы меңгертуін, алған білімдерін іс жүзінде қолдану ерекшеліктерін және дағдыларын дамыту әдістері мен құралдарын айқындап береді.

Биологияны оқыту әдістемесі әрі ғылым, әрі оқу пәні ретінде оқытудың мазмұнын, оқу әдістерін тәрбие жұмысымен бірлікте, өзара байланыста зерттейді. Оқытудың заңдылықтарын ашумен қатар, оқытудың мазмұн−мақсатын, әдістерін, оқыту формалары мен құралдарын, оқытушы мен оқушының іс−әрекетін бір−бірінен ажыратпай біртұтас қарастырады.

Биологияны оқыту әдістемесінің зерттейтін обьектісі сол пәнді оқыту әрекеті. Оқыту, педагогика, дидактика және әдістеме ғылымы тұрғысынан түсінуге болатын күрделі әрекет болып табылады. Педагогикалық тұрғыдан қарастырғанда оқыту дегеніміз − жасөспірімнің бойына ұжымдық тәжірибені сіңіру. Дидактикалық жағынан алғанда, оқыту білім берудің мазмұнын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру бірлігі. Ал әдістемелік тұрғыдан алғанда оқыту − нақтылы оқу пәнінің материалын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру мен оқудың бірлігі.

Биологияны оқыту әдістемесі ғылымы оқыту әрекетін әдістемелік деңгейде зерттейді.

Оқыту әрекетін, тұтастай алғанда дидактика зерттейді. Ол оқыту әрекетінің мәнін ашып береді, заңдылықтары мен негіздерін саралайды. Дидактика бір жағынан, оқытудың теориясын жасайды, екінші жағынан сол теорияны оқыту арқылы оқытудың сарамандығын жетілдіреді. Барлық жеке пәндерді оқыту, солардың ішінде биологияны оқыту әдістемесі дидактиканың ашқан жаңалықтарына сүйенеді, оларды өзінің әдістемелік негізі ретінде пайдаланады.

Жалпы педагогикалық және дидактикалық заңдылықтарға сүйеніп, биологияны оқыту әдістемесі орта мектептегі химия пәнінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды. Соларға сәйкес, мектептегі химия курсының мазмұны таңдап алынады. Ол мазмұн бағдарламаларда, оқулықтар мен оқу құралдарында баяндалады.

Әдістеменің зерттейтін тағы бір мәселесі−оқытудың ұйымдастыру формаларын, құралдарын және әдістерін жетілдіру, мектеп алдына қойылған жаңа талаптарға сәйкестендіру. Бұлар мұғалім мен оқушы еңбегінің арасындағы қатынасты, оқушының еріктілігін, дәйектілігін және белсенділігін арттыру жағына қарай бағыттап отыр.

Әдістеме биологияны оқытудың нәтижесін, оқушылардың білім сапасына, тәрбиесі мен адами тұлғасына тигізген әсерін зерттейді. Оқушылардың химиялық білімді игерудегі таным әрекетінің ерекшеліктерін және оны іске жұмылдыру жолдарын іздестіреді.

Тәрбие беру және оқушыларды дамыту − орта мектепте оқытылатын барлық пәннің міндеті. Бұл салада мектепте өтілетін жиырмадан астам пәннің бірі ретінде ғана биология өз үлесін қосады. Оның үстіне биология өзінің бұл міндетін оқу пәні мазмұнының негізінде жүзеге асырады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере келіп, «Биологияны оқытудың әдістемесі – биологиядан білім берудің мазмұнын және биологияны оқыту барысының заңдылықтарын зерттейтін педагогика ғылымының дербес бір саласы» деген анықтама беруге болады. Мұның алғашқы бөлігі оқытудың мазмұнын, соңғы бөлігі әрекет етуін қамтиды. Мазмұнды бөліп қараудың себебі де бар.

Мұғалімдер дайындайтын жоғары оқу орындарында биологияны оқыту әдістемесінің оқу пәні теориялық және сарамандық курстардан тұрады. Теориялық курстың мазмұны студенттерге арналып, орыс тілінде басылып шыққан И.Н.Борисовтың, Д.М.Кирюшкин мен В.С.Полосиннің, Н.Е.Кузнецова және т.б., Г.М.Чернобыльскаяның әдістемелік оқу құралдарында баяндалған.

Негізгі орта мектептегі «Биология» пәнінің базалық мазмұнына сәйкес оқу үрдісін оқушылардың оқу және танымдық ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыру қажет.

Білім берудің басты ерекшелігі - әртүрлі іс-әрекеттердің түрлеріне байланысты оқушы іскерлігінің қалыптасуына ықпалын тигізетін білімдер мен біліктерді өздігінен игеруге қабілеті бар оқу үрдісінің субъекті ретіндегі оқушының рөлін жоғарылату болып табылады.

Сондай-ақ биологиялық білім беру бағдарламасының оңтайлығы тіршіліктің біртұтастығын, дүниенің ғылыми бейнесіндегі орнын, биологиялық үрдістер мен құбылыстардың мәнін саналы түсінуге аса қажетті жалпыбиологиялық заңдылықтар мен оқушыларды ертерек таныстырып, мектептің негізгі орта деңгейінде-ақ олардың жалпы білімдік дайындығының толық болуын қамтамасыз етуінде, яғни негізгі орта деңгейде биология біртұтас курс түрінде оқытылып, оның мазмұны дидактикалық дәстүрлі ұстанымдар мен бірге, тіршілікті тұтас жүйемен қарастыратын концентрлі және «абстрактылықтан нақтылыққа қарай өрлеу арқылы тану» дейтін дамыта отырып оқыту идеясының тұжырымдамалық іргелі ұстанымдарына орай қазіргі заманғы биологиялық ғылыми білім жүйесі негіздерін тұтастай қамтиды. Мектепте биологиядан білім берудің түйінді бағыттарының бірі білім берудің әлеуметтік-мәдениетке бағдарлануы, яғни, мұғалімдер ең алдымен оқушының құндылық-бағдарлы әрекетін қалыптастыруды, шығармашылық қабілетін дамытуды көздеуі қажет.

«Биология» оқу пәнінің зерттеу объектілері ретінде тіршіліктің молекулалық, жасушалық, ұлпалық, организмдік, популяциялық-түрлік және биогеоценотикалық-биосфералық деңгейлері қара стырылады. Биология курсындағы тірі жүйелер құрылымдық-қызметтік (молекулалық деңгейден биосфераға дейін) жүйелілік-құрылымдық және экологиялық-эволюциялық тұрғыда оқытылады. Сондай-ақ биологияны оқытудағы ерекше орынды биоәлеуметтік және өз еңбек іс-әрекеттерімен қоршаған ортаны өзгерте алатын тұлға ретінде қарастыру жатады.

Сонымен қатар ұсынылып отырған бағдарлама тіршілікті жоғары құндылық ретінде түсінетін, дүниенің ғылыми бейнесіндегі тіршіліктің орны мен мәнін сауатты бағдарлайтын; теорияларды, заңдарды, зандылықтарды, ұғымдар жүйесін, биологияның ғылыми және логикалық таным әдістерін жеткілікті меңгерген; салауатты өмір сүруге, өндірісті экологиялауға, сан-алуан экожүйелер мен түрлерді қорғауға, сақтауға өз білімін тиімді қолданатындай біліктілігі бар биологиялық және экологиялық сауатты тұлға дайындауға бағытталған. Тұлғаның дамуын қаматамасыз ететін, өзінің биологиядан алған білімдерін әр-түрлі салаларда белсенді іс-әрекеттері арқылы қолдана алатындай мақсатты анықтау және биологиядан білім беруді соған мақсаттандыру болып отыр.

«Биология» пәнінің негізгі мазмұны оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне сай. Мектептегі биологияның жаңа әдістемесіндегі тірі табиғаттың біртұтастығы, онымен әрекеттестік қарым-қатынас, оқушы тұлғасы дамуының қисыны мен оқу пәні қисынының бірлікте қарастырылуы, биологиялық білімнің жалпы мәдениетегі орнын анықтайтын гуманизация идеялары арқылы нақтыланып, биологиялық білім мазмұны, құрылымы, құрамы, оны оқыту әдістері осы идеяларға негізделген. Оқытудың мақсаты мен білім мазмұнының негізіне алынған дамыта оқыту идеясына, оның ұстанымдарына сәйкес оқу үрдісінде білім мазмұнының мынандай құрамдас бөліктеріне:

- тірі табиғат туралы алғашқы ұғымдардың болуы, қарапайым деңгейде биологиялық ұғымдардың дамуына;


  • тірі организмдердің құрылысы және қызметі туралы түсініктің болуы, олардың көптүрлілігі және қоршаған ортамен байланысы, яғни жүйелі түрде биологияны суреттеу деңгейінде оқытуға;

- тірі организмдердің жалпы биологиялық даму заңдылықтары, биологиялық үрдістер мен құбылыстардың мәні ашуға, биологиялық көптүрлілікті пайдаланудың маңызы және биосферадағы тепе-теңдікті сақтау, алдыңғы оқыған оқу материалдарын жалпылауға ерекше назар аударылу қажет.

Сондай-ақ, өскелең ұрпақты рухани-мәдениетпен қанықтыру үшін биология ғылымының жетістіктерін, қоршаған ортаны қорғау мәселесінде мәдени мұра, салт-дәстүрлерді білу және салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет