Тақырыбы: Биология сабағында өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруды зерттеу



бет2/5
Дата09.05.2022
өлшемі39,28 Kb.
#33496
1   2   3   4   5
Тақырыптың өзектілігі: Өзіндік жұмыстар - оқытудың қазіргі кезеңдегі ең көп қолданылатын үрдістерінің бірі. Ол берілген білім мен өзіндік ой-сананы реттейді, оқушылардың алған білімдерінің бір-бірімен сабақтастығын бір жүйеге келтіреді. Өзіндік жұмыстар оқушының меңгерген білімін кешенді түрде пайдалана білуге жол ашады. Бұл мәселенің ең негізгі дидактикалық міндеті – оқыту үрдісінің білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты күшейте отырып, білім сапасын көтеру болып табылады.

Өзіндік жұмыстардың алдына қоятын мақсаты сан алуан. Бірі білімнің теориялық негізін күшейтуді көздесе, екіншісі, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруды, үшіншісі осы мәселе негізінде оқушылардың практикалық дағдылары мен шеберліктерін дамытуды тағы басқа сол сияқты түрлі- түрлі мақсаттарды көздейді. Сонымен қатар, өзіндік жұмыс арқылы оқушылардың оқу-танымдық қызметі мен оқытушының оқыту қызметінің өзара байланысын күшейту мәселесі де қарастырылуы мүмкін.

Оқытуда өзіндік жұмыстарды қолдану мәселесін жүзеге асыру арқылы білім беру үрдісінің пәндік құрылымына сүйене отырып, оқушы санасында қоршаған ортадағы нақты құбылыстар жөнінде білім жүйелерін беру, олардың дүниенің біртұтастығы туралы ұғымын қалыптастыру мақсаттары жүзеге асады.

Орта мектептерде биологиядан білім берудің тиімді тұстарын саралаған авторлар қатарына А.П. Крешковты, А.А.Ярославцевті, К.М.Ольшанованы, З.А.Барсукованы атауға болады. Осы ғалымдардың еңбектеріндегі тиімді қағидаларды мен өз жұмысымның барысында пайдалануға тырыстым.

Орта мектептерде өзіндік жұмыстарды пайдалануды жүзеге асыру оқытушының аса күрделі әдістемелік міндеттерді шешуін талап етеді. Себебі, оқытушы тек бір ғана негізгі пәннің мазмұнын, мақсатын, әдістерін меңгеріп қана қоймай, арнайы пәндердің, мысалы «Химия», «Физика», «Биология» т.б. ғылымдарының мазмұнын, мақсатын және оларды оқытуға қойылатын талаптарды жете білуі қажет. Сондықтан мектептерде биология пәнін оқытуда өзіндік жұмыстарды қолдануды жүзеге асыру үшін осы пәндерді оқытатын оқытушылар бірлесіп жұмыс істегенде ғана жетістікке қол жетеді.

Биологияны өзіндік жұмыстар арқылы оқыту үрдісін жүзеге асыруда әдістемелік тұрғыдан оқытушының қызметі күрделеніп, төмендегідей кезеңдерді қамтиды:



  • Жалпы биологияның оқу бағдарламасын талдап, оның өзіндік жұмыстарды жүзеге асырудағы мүмкіндігін анықтау. Биологияның теориялық материалдарын тірек ете отырып, арнайы пәндердің бағдарламаларымен байланыстыруға болатын бөлімдерін анықтау. Осы байланыстар негізінде игерілетін білім, білік, дағдылар көлемін анықтау;

  • өзіндік жұмысқа арналған тақырыптық сабақ жоспарларын құру;

  • нақты тақырыптар бойынша пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудағы дидактикалық талаптарды ескере отырып, сабақта қолданылатын құралдарды, танымдық есептерді, тапсырмаларды тұжырымдап, қосымша әдебиеттерді анықтау, арнайы пәндер бойынша көрнекіліктер мен таратып берілетін материалдарды іріктеу;

  • оқытуды ұйымдастырудың кешенді түрлері мен жүргізу жолдарын саралау (пәнаралық байланыстағы қорытынды сабақтары, кешенді семинарлар т.б.);

  • өзіндік жұмыстарды жүзеге асыру нәтижелерін бақылау мен бағалаудың түрлерін, құралдарын, әдіс-тәсілдерін анықтау (пәнаралық байланыстар бойынша алған білімдері мен біліктерін анықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар);

  • өзіндік жұмыстарды жүзеге асыруда қолданылатын белсенді технологияларды іріктеу.

Оқушыларды өзіндік жұмыстар негізінде оқытудың алғашқы кезеңдерінде түсіндірмелі - иллюстрациялы әдіс жиі қолданылады. Оның себебі, оқытушы ғылыми мазмұндағы материалды түсіндіре отырып, білім алушылардың жұмыс түрлерін жүргізе білу дайындығын күшейту. Осы арқылы біртіндеп оқушыларда пәнаралық мазмұндағы материалмен жұмыс істеу білігі қалыптасады. Осыдан кейін барып, репродуктивті және ішінара ізденіс әдістерін қолданып және шығармашылық іс-әрекеттерін дамыту мүмкіндігі туады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет