Таќырыбы: Бірінші д‰ние ж‰зілік соѓыс



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата03.12.2023
өлшемі100,59 Kb.
#133284
1   2   3   4
тесняктары,
Польша Корольдығы мен Литваның социал-демократиясы,
Италияның, Франіцияның Англияның АҚШ-тың және басқа елдердің
революцияшыл социалистері күрес жүргізді.
Көптеген елдердің жұмысшы қозғалысында революцияшыл социал-
демократттар ол кезде аз болатын. Бірақ жұмысшы табымен басқада
еңбекшілердің шынайы мүддесін білдірген нақ солар еді.
2. Соғысқа кіріскен мемлекеттің әрқайсы соғыс қимылдарының
жоспарын алдын ала жасап қойған еді, онда әрине, жеңіске жету көзделген
болатын. Германия өзінің бас штабына көп жылдар бойы басшщылық
еткен, өзі соғыстың алдында ғана қайтыс болған адамның атымен аталған


“Глиффен жоспарына” сүйенді. Ол қорғанысы нашар Люксембург пен
Бельгияның шекарасы арқылы Францияға бұзып кіріп, Россия өз
әскерлерін соққы беруге жұмылдырып үлгергенше оны тізе бүгуге мәжбүр
етпек болды. Одан кейін қысқа уақыттың ішінде Россияны тас-талқан
етпек еді.
Герман әскерлерінің қуатты тобы Бельгия армияясы қуып тастады да,
Францияға басып кірді. Француздар және Францияның солтүстік
жағалауына түсірілген ағылшын корпусы басты күштің тегеурініне төтеп
бере алмай шегінуге мәжбүр болды. Дұшпан Парижге қарай жылжиды.
Император ІІ Вельгельм мейрімсіз болуға шақырып Францияны үзде жеңіп
алуға уәде берді. Франция өте қауіпті жағдайда қалды.
6.
Россияда мобилизация баяяу жүрді. Франция үкіметі
Россиядан дереу көмек көрсетуін сұраған кезде әскерлерді күшейту,
жарақтандыру және жоғарылдандыру ісі аяқталмаған болатын Россия
командованиесі одақтасына көмек көрсету ниетімен өз әскерлерін
шабуылған шығарды.
Екі армия Шығыс Пруссияның территориясына енді Пруссия
помещиктерінің арасында дүрбелең туғызып, оның едәуір бөлігін тартып
алды. Германия командованиесі Франциядан екі атқынтар корпусы мен
атты әскер дивизиясын жедел түрде сонда жөнелтті, Францияға шабуыл
жасауға арналған күштің бір бөлігін Шығыс Пруссияны қорғауға жіберді.
Ауыз бірлігі болмағандықтан, орыстың бір армиясы Мазер көлдері
маңында жеңіліп қалды, екінші немістер Шығыс Пруссиядан тықсырып
шығарды.
Алайда Россияның бірнеше армиясының оңтүстіктегі шабуылы
жалғаса берді. Австрия –Венгрия әскерлерінің қоршауын бұзып шығып,
оларды қуды да, Перемышель қарасты бөлігін және Галицияны басып
алды. Неміс әскерлерінің Варшаваға соққы беріп одақтастарына


көмектеспекші болған ниетті іске аспай қалды: орыстар оларды 100
километрден астам жерге қуып тастады.
Орыс әскерлерінің ілгері жылжуы Германия үшін маңызды өнер кәсіп
аудандары –Силезия мен Познаньға қауіп төнлірді, орыстар Шығыс
Пруссияға қайтып кірді. Оқ-дәрі мен азық –түліктің мүлдем жетіспеуі
олардың шабуылына кедергі болды. Алайда оларды тоқтату үшін
Германия мұнда Франциядан тағы да 6 корпусымен басқада әскерлерін
жеткізуге мәжбүр болды.
Дайындықсыз жасалған шабуылда Россия орасан зор шығынға
ұшырады, алайда олар Францияны құтқарып қалды.
7. 1915ж өзінде Германия Англияға ойсырата соққы беруге әрекет
жасады. Ол Англияға қажетті шикізат пен азық-түлік жеткізуге кедергі
жасау үшін біршама жаңа қару, сүңгіру қайықтарын бірінші рет кеңінен
пайдаланды. Жүздеген кемелер құртылды, олардың командасы мен
жолаушылары қаза тапты. Бейтарап елдердің ашу-ызасы Германияны
жолаушы кемелерін ескертусіз суға батырмауға мәжбүр етті. Ал Англия
кеме жасауды ұлғайту мен жеделдету арқылы, сондай-ақ сүңгіру
қайықтарына қарсы тиімді күрес шараларын жасай отырып, өзіне төнген
қауіпті жеңіп отырды.
1915ж көктемде Германия соғыс тарихында бірінші болып
адамгершілікке жатпайтын қарудың бірі-уландырғыш заттарды қолданды,
бірақ ол тек тактикалық табысқа жеткізді.
Германияя дипломатиялық күресте де сәтсіздікке ұшырады. Антанта
Германияға және балқанда Италия мен қақтығысып қалған Австрия
Венгрияға қарағанда Италияның билеуші топтарына көп әде берді. 1915ж
майда Италия оларға соғыс жариялап Австрия Венгрия мен Германия
әскерлерінің кейбір бөлігінің назарын өзіне аударды. 1915ж күзде Болгар
үкіметінің өз халқының еркі мен мүдделеріне қарамастан, Антанта қарсы
соғысқа кірісі бұл сәтсіздіктің орнын ішінара толтырды. Осының


нәтижсеінде Германия Австрия Венгрия Туркия және Болгария Төрттік
одағы құрылды. Осының тікелей нәтижесі ретінде Германияның Австрия
Венгрияның және Болгарияның әскерлері Сербияға қарсы шабуылды
бастады. Шағын ғана себр армиясы қаһармандықпен қарсылық көрсетті,
бірақ қарсыластарының басым күшіне төтеп бере алмады. Сербтерге
көмекке жіберілген Англияның Францияның Россияның әскерлері және
серб армиясының қалдықтары балқан майданын құрды.
8. Россияны талқандауға өз күшінің жеткіліксіз екендігіне көзі жеткен
Германияның билеуші топтары Францияны әлсіретуге әрекет жасады.
1916ж 21 февральда герман әскерлері Верден түбіндегі майданның шағын
учаксіне шабуыл жасады. Герман команлованиесі осы арада бар күшін
жинақтап, француз жазушысы А.Барбюс былай деп жазды: “Бүтін орман
баудай түсті, басананың бәрі шұрқ тесілді, тіпті төбесін топырақ
толтырылған қаптармен үш қатарлап жаса да олардың түтесін шығарды,
жолдардың тоғысқан топтарының бәрінде оқ жаңбырша жауды,
жолдардың бәрі асты-үстіне шықты. Барлық жерде күлпаршасы шыққан
жүк арабаларыынң сынықтары, өлген адамдардың денесі, талқандалған
зеңбіректің бөлшектері шашылып жатты.
Алайда немістің жаяу әскерлері шабуылға ұмтылған кезде, ойда жоқ
жерден француздардың қардай боратып жаудырған оғына тап болды.
Жарты жылғы созылған ұрыстардан кейін неміс әскерлерін аз ғана жерді
жаулап алды.
Дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін-ақ соғысушы елдердің
билеуші топтары сөз, жиналыс баспасөз бостандығын жойды. Жұмысшы
ұйымдардың правиларына шек қойылды, стачкаға тыйым салынды,
үкіметке қарсы баскөтерулер үшін жазалау күшейді, өкілдік органдарының
правосы азайтылды. Сонымен бірге еңбекші лердің барлық дерлік
әлеуметтік жеңістерін жалақы туралы шарттарды жұмыс күні туралы,
еңбекті қорғау, сақтандыру туралы заңдарды жойып жіберді.


өкімет билігі қарулы күшке сүйенген адамдардың шағын ғана
тобының қолына шоғырландырылды. Финанс олигархиясының ірі
буржуазия мен помещиктердің мүддесі үшін соғыс құмарлар диктатурасы
демократиялық бостандықтарды жойып, халық бұқарасының бас
көтерулерін күшпен басты. Шовинизмнің құтырынған насихаты халықтың
көпшілігін шатастырды, мұның өзі революциялық қозғалыстың дамуын
қиындатты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет