Таќырыбы: Бірінші д‰ние ж‰зілік соѓыс


Тақырыбы: І-ші д.ж. соғыс



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата03.12.2023
өлшемі100,59 Kb.
#133284
1   2   3   4
Тақырыбы: І-ші д.ж. соғыс
Жоспар
І.Кіріспе
1. Соғыстың шығу себептері
ІІ. Негізгі бөлім
1. Соғыстың басталуы
2. Соғыстың сипаты
3. Ұлы Октябрь және соғысушы елдердегі революциялық қозғалыс
4. Төрттік одақтың жеңілуі
ІІІ. Қорытынды.
1. Жаңа тарих 1871-1917ж 10-сынып. 235-165беттер
2. СССР тарихы 9-сынып 106-109беттер
3. Имперализмнің дамуы, ең алдымен импералистер арасындағы
қайшылықтардың шиеленісуі, европалық державалардың саяси -әскери екі
тобының –Антанта мен Үштік одақтың арасындағы дүние жүзін бөлісу
жолындағы күрес бірінші дүние жүзілік соғыстың шығуына әкеп
соқтырды.
1914ж қарай импералистік державалар арасындағы қайшылықтар
әбден шиленісті. Мұның ең бастысы Германия мен Англия арасындағы
қайшылықтар еді.
Герман импералистері Англия мен Францияның есебінен жаңа
отарларды жаулап алып, Франция мен Россияны әлсіреткісі келді, сөйтіп
Европада өз үстемдігін орнатпақ болды. Австрия –Венгрия Балқанға өз
ықпалын күшейтіп, езгіге ұшыраған славян халықтарының ұлт-азаматтық
қозғалысын басып–жаншуға тырысты.
Ағылшын импералистері соғыс арқылы германияны әлсіретіп,
Германия отарларының бір бөлігін жаулап алып, Осман импермасын
бөліспек болды. Бұған француз импералистері де күш салды. Оның үстіне,


олар Эльзас пен Шығыс Лоторингияны қатарып, Германиядан Сааһды
және Рейн облысының бір бөлігн жаулап алғысы келді.
Орыс патшалығы Балқанда және Босфор мен Дарданела бұғаздарында
өз үстемдігін орнатуға сондай-ақ Германияны экономикалық жағынан
әлсіретіп, Балқанда Австрия-Венгрияның үстемдік орнату қаупін жоюға
тырысты. 
Оның үстіне, барлық импералистік мемлекеттердің билеуші топтары
соғыс уақытының заңдарын жұмысшы және демократиялық қозғалысты
басып-жаншу үшін қолданбақ болды. 
Соғыстың шығуына барлық елдердің импералистері айыпты болды.
Ал 1914ж соғыс өртін тұтандырудың инициаторлары Германия мен
Австрия –Венгрияның билеуші топтары еді. Олар соғысқа өз
қарсылыстарына қарағанда тез әрі жақсы дайындалған болатын.
Ол кезде атшимпериалистік күштер дүние жүзілік соғысты
болдыртпай тастай алмады. Австрия Сербия арасындағы жан-жал
соғыстың басталуынан желеу болды. Австрия –Венгрия армиясының бас
қолбасшысы Эрцгерцог Франц –Фердинанд Босниядағы (революциялық
партиот) маневрлерге қатысты. 28 июньде Сараевода Сербиядан келген
революциялық патриоттық “Млада Босна” ұйымның мүшесі Г.Принцип
Австрия мен Венгрия тағының мұрагерін өлтірді. Берлинде бұл қолайлы
жағдайды соғыс өртін тұтандыру үшін пайдаланып қалуды ұйғарды.
Австрия Венгрия Эрцгерцогтың өліміне Сербияны ешбір негізсіз
айыптады да, оған ультимутум жолдап, соғыс жариялады. 
1914ж июльдің аяғында Австрия Венгрия әскерлері Сербия
территоориясынан басып кіріп. Белградты бомбаның астына алды.
Сербияны қолдауға уәде берген Россия ішінара мобилизация жүргізе
бастады. Германияның билеуші топтары 1 августа Россияға, ал одан кейін
3 августа оның одақтасы Францияға да соғыс жариялау үшін осыны желеу
етті.


Герман әскерлері Бельгияның бейтараптығын бұзып, оған басып кірді.
Ертеректе Пруссия қол қойған Бельгияның бейтараптығы туралы шартты
империя канцлері арсыздықпен “бір парақ қағаз” деп атады. Бельгияны
қорғауды сылтау етіп, Англия үкіметі 4 августа Германияға соғыс
жариялады. Бір жағынан-Германия мен Австрия Венгрияның, екінші
жағынан Англияның, Францияның және Россияның арасындағы соғыс өрті
осылай тұтанды.
Соғысқа дүние жүзінің едәуір бөлігін бақылап отырған Европаның аса
ірі импералистік державалары қосылды. Ол дүние жүзілік соғысқа
айналды. Соғысқа жаңа елде ылғи қосыла берді. Августың соңында
Жапония Германияға қарсы соғыс жариялады. Бірақ ол әскерлерін
Еуропаға жіберген жоқ, жағдайды тынық мұхиттағы Германия иеліктерін
басып алу үшін және Қытайды бағындыру үшін пайдаланды. 
Октябрьде Германия Осман империясының Россияның және
Антантаның басқа державаларына қарсы шығуына қол жеткізді.
Закавказьеде, Сирияда және Полистинада жаңа майдандар құрылды. 
Соғысқа әлемнің әр тарапынан 36 мемлекет біртіндеп қосылды.
Қарулы күшке барлық мемлекеттерден 70млн–нан астам адам
жұмылдырылды. 
Импералистік үкіметтермен барлық буржуазиялық және помещиктік
партиялар соғыстың тонаушылық сипатын Отан қорғау деген ұранмен
бүркемеледі. Олар соғыс болашақ ұрпақтың бақытты үшін және мәңгілік
бейбітшілік үшін жүргізіп отыр деп мәлімдеді. Оларды шіркеу қолдады.
Ұлтшылдық белсенді түрде насихатталып, шовинизм өрши түсті. Бұл үшін
баспасөз бен кино кеңінен қолданылды. Дүниежүзілік соғыс
империалистік, басқыншылық, екі жақтан да әдлетсіз соғыс болды. Ол
көптеген мемлекеттер мен халықтардың, жүздеген миллион адамдардың
тағдырына қауіп төнді.


Ұлы Октябрь социалистік революциясы 1917ж 6-8 ноябрьде
Петроградтағы көтерілістен бастайды. КПСС Программасында атап
көрсетілгендей ол “Бүкіл дүниежүзілік тарихтың бет бұрысты оқиғасы
болды, дүние жүзілік дамудың сара бағытымен негізгі тенденцияларын
айқындап берді, кері бұрылмайтын процесті –капитализмнің орнына жаңа,
коммунистік экономикалық формацияның келуін бастап берді”. 
Россияда қанашыларды құлату жұмысшы табының басты роль
атқаруымен еңбекшілер өкіметін орнату және елдердің империалистік
соғыстан революциялық жолмен шығу мүмкіндігі 1917-1918 жылдардың
өзінде-ақ дәлелденген болатын. Лениндік бітім туралы декретте барлық
халықтар мен үкіметтерге әділетті демократиялық бітім жағдайлары
ұсынылған. Антанта мен АҚШ үкіметтері советтік ұсынысты
қабылдамағанын пайдаланып, германия импералистері мен олардың
одақтастары Брест-Литровекідегі келіссөздерде Советтік Россияяға
тонаушылық бітім шарттарын зорлап міндеттеді. Қайткенмен де Россия
империалисті соғыстан шықты. Осы, сондай-ақ Совет өкіметі жүргізген
әлеуеметтік –экономикалық және саяси өзгерістер, Россия халықтарының
контрреволюционерлер
мен
империалистік
(империалистік)
интервенттерге қарсы қаһармандық күресі бүкіл дүние жүзінің
еңбекшілеріне орасан зор әсерін тигізді.
Оппортунистердің көпшілігі Октябрь революциясының социалистік
сипатын теріске шығарды. Басқалары Россиядағы социалистік
революцияны асығыс және түбінде апатқа ұшырайтын революция деп
есептеді. Олардың бәрі де пролетариат диктатурасын айыптады.
Революцияшыл социал-демократтар большевиктердің пікіріне
қосылды. Олар Окктябрь революциясының тәжіресін өз елдерінде
пайдалануға әрекет жасады, еңбекшілердің өз елдерінде пайдалануға
әрекет жасады, еңбекшілерді “Россиядағыдай жасауға” шақыры және
Советтік Россияны барынша қолдады.


Ұлы Октябрь социалистік революциясы бүкіл дүние жүзі
еңбекшілерінің сана-сезімін, оятып, оларды қанаушыларға қарсы күреске
жігерлендірді. Империалистік соғыстың қырсығы –майданда апат болу,
тылдағы ауыр еңбек қайшылық пен ашаршылық халық бұқарасы үшшін
ерекше төзгісіз жағдай туғызды, өйтені енді Советтік Россия оларға үлгі
көрсетті.
1918ж революциялық қозғалыс соғысушы елдердің бәрінде күшейе
түсті. Импералистік қырғынды дереу тоқтатуды және демократиялық бітім
орнатуды талап ете отырып, еңбекшілер сонымен бірге соғысқұмарлар
диктатурасын, алыпсатарлар мен қанаушылардың зорлық-зомбылығын
жоюға күш салды, демократия мен әлеуметтік үшін күресті. Олардың
авангарды –революцияшыл социал-демократтар бітім жолындағы күресті
социализм жолындағы күреспен байланыстырды. Революциялыққозғалыс
еңбекшілердің Советтік Россиямен ынтымақтасу қозғалысымен тығыз
байланысты. Бұл шетелдерде коммунисті партиялардың пайда болуына,
жаңа коммунистік интернационал құруға қолайлы жағдай жасады.
1918ж көтемде герман ккомандованиесі АҚШ-тың ірі қарулы күштері
Европаға келіп кіргенше ағылшын-француз әскерін талқандауға әрекет
жасады. Ол солдаттарды бұл шешуші шайқас болады деп сендірді.
Март айнының аяғынан бастап Германия шабуылға кірісті. Олар көп
шығынға ұшырай отырып, Парижге жақындады, көптеген тұтқындармен
көп олжаны қолға түсірді. Бірақ АҚШ әскерлері келіп жеткенше ағылшын
француз армиясын талқандай алмады. Германияның материалдық ғана
емес, адам резервіде таусылуға айналды: олар майданға жасөспірім
жеткіншіктерді жібере бастады. Солдаттар әбден қалжырап, соғысудан бас
тартты, көпшілігі қашып кетті. 
Герман әскерлерінің шабуылы жеңіске ұшырап инициатива Антанта
жағына көшті. Ағылышн француз әскерлері және жетіп үлгерген АҚШ
дивизиялары Германия әскерлерін бастапқы позицияға ысырып тастады.


8 августта француз маршалы Фоштың жалпы басшылығымен
Франция, Англия және АҚШ әскерлерінің шабуылы басталды. Олар
қарсыластарының майдан шебін бұзып өтіп, бүркінде 16 дивизияның тас
талқанын шығарды. Соғысқысы келмеген неміс солдаттары тұтқынға
берілді. Германия бас штабының жетекшісі генерал Людендорфтың
айтуынша, бұл “Герман армиясының дүние жүзілік соғыс тарихындағы ең
қаралы күні болды. 
Германияның әскери күштері енді, Франция –Англия –Америка
әскерлерінің басты шабуылына тойтарыс бере алмады.
Ағылшын-француз және Сербия әскерлері Балқан майданында
шабуыл жасады. Болгар армиясы талқандалып, Болгария тізе бүкті.
Ағылшын және француз әскерлері Палестина мен Сирияда Түркия
армиясын талқандағаннан кейін Осман империясы да тізе бүкті. Австрия –
Венгрия әскерлері соғысудан бас тартты. Австрия Венгрия күйреді. Оның
террриториясында бірақатар тәуелсіз мемлекеттер құрылды. 1918 жыл 3
ноябрьде Австрия Венгрия командованиесі Антанта таңған уақытша
бітімге қол қойды. Германияда революция басталды. 
9 ноябрьде халық монархияны құлатты. Ел республикаға айналды.
Жаңа үкімет құрылды.1918 жылғы 11 ноябрьде таңертеңгісін Компьен
орманында, Фоштың штабы вагонында германиямен оның қарсыласы
арасында уақытша бітімге қол қойылды. 
11 ноябрь күні таңертеңгі сағат 11-де жоғарғы бас қолбасшының штаб
вагонының қасында тұрған дабыл қағушы керней үнімен “Оқ ату
тоқтатылсын!” деген белгі берді. Бұл дабыл бүкіл майдан шегіне
таратылды. Сол сәтте соғыс қимылдары тоқтатылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет