Тақырыбы: Бірінші Президенттің бастамалары мемлекеттің жаңғыру жолында



бет1/2
Дата20.05.2022
өлшемі26,46 Kb.
#35169
  1   2
Байланысты:
Реферат Тарих


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педогогикалық университеті
Баяндама
Тақырыбы: Бірінші Президенттің бастамалары мемлекеттің жаңғыру жолында

Орындаған: Есіркеп Е.Қ.


Қабылдаған:Мамраймов С.Д.
Тобы: 1504-11
Жоспары
1)Кіріспе
2)Негізгі бөлім
2.1Тәуелсіз Қазақстаннның жаңғыру жолында Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі
2.2Бірінші Президенттің бастамалары
3)Қорытынды
4)Пайдаланылған әдебиеттер

1)Кіріспе


1991 жылы 1 желтоқсан күні Қазақстан тарихындағы тұңғыш жалпыхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев жеңіп шықты. Сайлауға қатысқан халықтың 98,78 пайызы дауыс берді. 5-ші желтоқсан күні Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың соңғы қорытындысын жария етті. Ол бойынша республикадағы 21 сайлау округіндегі сайлаушылар тізіміне 9 961 242 азамат енгізілген. Олардың ішінде сайлауға 8 788 726 адам немесе 88,23% дауыс беруге қатысқан.
Сайлау нәтижесі бойынша Н.Назарбаевты қолдап сайлаушылардың 8 681 276-сы дауыс берген, бұл дауыс беруге қатысушылардың 98,78% пайызын құрады. Осылайша, Нұрсұлтан Назарбаев барша халық сайлаған Қазақстанның Президенті мандатын тұңғыш рет иеленді.
Тұңғыш Президенттің қызметіне ресми кірісуі мен Елбасының ант беру рәсімі 1991 жылдың 10 желтоқсанында өтті. Ал осыдан 6 күн өткенде Қазақстан Республикасы әлемге өз Тәуелсіздігін жариялады. 2011 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының бастамасымен "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы" ҚР Заңы қабылданған болатын.
Осы заңда 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі болып белгіленді. Яғни бүгін Тұңғыш Президент күні осымен 11-ші рет аталып өтеді.


2.1Тәуелсіз Қазақстаннның жаңғыру жолында Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі
Елімізде 1991 жылы 1 желтоқсанда – бүкілхалықтық сайлау қорытындысымен Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Е.М. Асанбаев – вице-президент. 1991 жылғы 10 желтоқсан – Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді. Осы сәттен бастап Н.Ә. Назарбаев Тәуелсіз Қазақстаннның жаңғыру жолында тынбай еңбек етті. Атап өтер болсақ:
1991 жылғы 10 желтоқсан – ҚазақКСР-інің атауы Қазақстан Республикасы деп өзгертілді;
1991 жылғы 16 желтоқсанда Республика Жоғарғы Кеңесінің (ЖК) 7 сессиясында “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Заң қабылданды;
Тәуелсіз Ел ретінде мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын бейбіт жолмен жүргізді;
Барлық мемлекеттермен халықаралық құқық ұстанымы негізінде қарым-қатынас орнықтырды;
Республика жері-біртұтас, бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды деп жариялады;
Ұлттық мәдениетті, дәстүр мен тілді қайта жаңғыртып, дамытты;
Қазақстандық ұлт өкілдері мен қазақтардың ұлттық қадір-қасиетін нығайтты;
Қоғамдық татулық және саяси тұрақтылық жолында жұмыс жүргізді;
Халық игілігін көздейтін экономикалық даму жолына қадам басты.
Қазақстан Президенті Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін сыйлығын тағайындау туралы шешім қабылдады Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыздану ісіне қосқан және қосып келе жатқан үлесі ұшан-теңіз. Мемлекет басшысы 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні аясында Астанада болып өткен «Ядролық қарусыз әлем құру» деп аталатын халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде Қазақстанда ядролық қарусыздану және бейбітшілік жолында еңбек сіңірген адамдарға халықаралық сыйлық тағайындалатыны туралы хабарлаған еді. Және бұл сыйлықтың өзінің бастамасымен алдағы қараша айында Астанада өтетін бейбітшілік саммиті барысында тапсырылатынын да атап көрсеткен болатын. Сөйтіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін деп аталатын халықаралық сыйлық тағайындады. Қазақстан Президенті аталған алғашқы сыйлықты Иордания Королі Абдалла II-ге беру туралы шешім қабылдағанын жария етті. Бұл халықаралық сыйлық оған ядролық қарусыз әлем құруға қосқан үлесі үшін берілгелі отыр. Қазақстандықтар бұл бастаманы бірауыздан қолдайтындықтарын білдіруде. Қазақстанның орыс, славян және казак ұйым­дары қауымдастығы Мемлекет бас­шысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қа­зақстан Президентінің ядролық қару­сыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін сыйлығын Иордания королі ІІ Абдаллаға тағайындау туралы шешіміне толық қолдау білдіреді. Осы сыйлықты тағайындау Елба­сы­ның планетаны ядролық қарудан азат ету жөніндегі орасан жұмысының жалғасы болып отыр. Семей ядролық полигонын жабу, яд­ролық қарудан ерікті түрде бас тарту адам­заттың халық­аралық саясаттағы жаңа биік моральдық стандартына айналды. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассам­б­леясы Қазақ­станның 29 тамызды ядро­лық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні деп жариялау жөніндегі бастамасын қолдады. 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші мерей­тойлық сессиясында Нұр­сұл­тан Әбішұлы Назарбаев Жаһандық Стра­тегиялық Бастама – 2045 жос­парын әзір­леуді ұсынды, соның аясында БҰҰ-ның ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөнін­дегі Жалпыға ортақ декларациясын қабылдау ұсынылды. Қазақстан Президентінің планетада әділ әрі қауіпсіз әлем құрылымын қа­лып­­тастыруға бағытталған «Әлем. ХХІ ға­сыр» манифесі кең ауқымды халықаралық резонансқа ие болды. Қазақстан осы сыйлықтың толық құ­қылы құрылтайшысы, ал оны тағайындау адамдардың ХХІ ғасырда қауіпсіз және әділ әлем тәртібін орнатуға деген талпынысын жаһандық ынталандыру болады. Жаһандық бейбітшілік және қауіп­сіздік жөнін­дегі жаңа арнаулы сыйлық тағайындау мәселесі өте өзекті. Біздің бәріміз әлемде не болып жат­қанының куәсіміз. Біздің Елбасы 2016 жылғы 29 тамыздағы «Ядролық қарусыз әлем құру» атты конференцияда жасаған баян­дамасында ядролық қарулану жарысының салдарын айқындап берді. Планетаның болашағына алаңдайтын адам ретінде бұл зұлымдық ешкімге пайда әкелмейтінін айтты. Мұндай ауқымдағы іс-шара әлемнің барлық алаңдарында өтуі тиіс деп есептейміз. Сыйлық жыл сайын 29 тамызда, Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні тапсырылатын болады. Және де Қазақстан Нұрсұлтан Назар­баев­тың басшылығымен жаһандық қоғам­дастықты келісімге және ядролық қару­сыз әлем құруға шақыратынына аса қуанышты. 2016 жылы 29 тамызда Астана қала­сында Президент Н.Назарбаев жариялаған бей­біт бастамаларға, бейбітшілік сыйлы­ғын тағайындауға қолдау ретінде Қазақ­стан халқы Ассамблеясының Аналар кеңе­сінің және елорда жұртшылығының қаты­суымен «Ақ орамал» акция-митингі өтті. Планетаның барша аналары үшін бұл қадам балалар қауіпсіздігінің кепілі болып саналады, бұл барлық әлемдік көшбасшылар үшін үлгі болуы тиіс. Ақмола облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі * * * Қазақстан ядросыз әлем құрылысы сияқты ізгі қозғалыстың әрдайым көш ба­сында тұрды


2.2

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет