1971 жылы Италияда ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беретін мектепте оқыту құқығы туралы бірінші Заң пайда болады. 1977 жылы мұндай оқытуды ұйымдастырудың белгілі нормативтерін құрастырған Заң қабылданды:
- сыныптағы балалардың ең көп саны – 20;
- дамуында ерекшеліктері бар балалардың сыныптағы ең көп саны – 2;
- мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау бойынша арнайы іс-шаралар, сыныптағы сабақтың мазмұнына «енгізілген»;
- арнайы бағдарламалар бойынша оқитын сыныптар қысқартылады;
- арнайы педагогтар қалыпты мектеп мұғалімдерімен командаға бірігеді;
- педагогтардың екі категориясы сыныптың барлық оқушыларымен өзара әрекетке түседі.
Қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі барлық балалардың 99%-ы жалпы білім беретін мектепте оқиды.
Арнайы педагогтар мен мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ресми арақатынасы – 1:4, бірақ шынына келген бұл 1:2 болады.
1992 жылы шыққан Италияның жаңа заңы
16 мыңға жуық балалар арнайы (коррекциялық) мектептен жалпы білім беретін мектепке ауыстырылды
10 мыңға жуық оқушы әдеттегі университеттерге қабылданды,
1997 жылы Италияда дискриминация туралы Заң қабылданды, содан кейін ерекше қажеттіліктері бар 160 мың бала жалпы білім беретін мектептерге ауыстырылды, олардың мыңға жуығының дамуында ауытқуы бар.
2003 жылы Италияның білім министрлігі мектептердің барлық директорларына жұмыстан үздіксіз тренингке қатысуды міндеттейді, бұл тренингке қатысу өмірге инклюзивті білім берудің ұлттық саясатын жетілдіру үшін қажет болады. Мұнда жалпы білім беретін мектептің барлық мұғалімдеріне, жылына 40 сағат боп белгіленген біліктілікті арттыру курсынан өту міндеттелді.
АҚШ-да 1875 жыл мен 1914 жылдары міндетті мектепте білім беру енгізілді, соған байланысты ақыл-ойы жетілмеген балалар үшін және «мінез-құлқын түзетуге болмайтын» балалар, саңырау немесе физикалық мүгедек балалар үшін сыныптар құрылды.
1975 жылы №94-142 Мемлекеттік заңы қабылданды, ол ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға келесі маңызды кепілдіктерді ұсынды:
- «минималды шектеулері бар ортада» білім беру;
- тегін және адекватты білім беру қызметі;
- әділетті және дискриминациясыз бағалау және қажетті құқықтық қамтамасыз ету;
- жеке оқу жоспары.
1990-жылдары АҚШ-да мүгедектігі бар балаларға жекелей оқыту принципі бар білім беру туралы заң қабылданды.
Арнайы білім беру саласында жүргізілетін АҚШ-ның қазіргі заманғы саясаты, жалпы білім беру және арнайы білім беруді біріктіру ұсынысынан құралады. Бұл біріктірудің үш негізгі тұғыры ұсынылады:
1) «негізгі бағыт»;
2) «жалпы білім беру бастамасы»;
3) «енгізілу».
Алғаш рет «арнайы білім беру қажеттіліктер» ұғымы елдің білім беру жүйесіне қатысты 1978 жылы арнайы комитеттің баяндамасында құрастырылды
Арнайы білім беру қажеттіліктерін ресми анықтау мен бағалау механизмі мен процедурасының әрі қарай дамуы, «Кодекс практики» (1994) арнайы құжатында өзінің жалғасын тапты.
Қазіргі кезде осы саясаттың ортасында білім министрлігі 2004 жылы құрастырған «Каждый ребенок важен» («Әрбір бала маңызды») құжат алынады. Бұл бағдарлама 2020 жылға қарай балалар арасындағы кедейшілікті жоюға қабілетті және әрбір балаға толығымен өзінің әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін алдын алу мен көмек түріндегі іс-шараларға бағытталған. Оның басты назарында – «әлеуметтік эксклюзияға» қарсы күрес. Бұл бағдарламаның барлық балалар үшін бес маңызды нәтижесі мыналар:
- денсаулық;
- қауіпсіздік;
- өзін-өзі маңызды ету;
- өзінің тұлғалық әлеуетін жүзеге асыру;
- қоғамның пайдалы мүшесі болу шеберлігі және экономикалық әл-ауқат.
Швеция
Интеграцияға бағыт алу бұл елде 1969 жылы басталды, бұл кезде Швецияда соған сәйкес үкіметтік құжат пайда болды.
60-70-жылдары Швецияда, дамуы артта қалған адамдарға арналған ірі интернататтар және психиатриялық ауруханалар жабылды. 1980 жылы Швеция дамуында ауытқуы бар балаларды оқытуды ұйымдастырудағы тұғырлардың өзгерісін тіркеген оқу жоспарын қабылдады.
1989 жылы орта білім туралы жаңа Заң қабылданды, ал 1990 жылдан бастап – коррекциялық педагогтарды оқытудың арнайы бағдарламасы қайта қарастырылды.