Бірінші Президенттің бастамалары
Мемлекет өміріндегі аса маңызды мәселелерді демократиялық әдістермен шешіп отырды;
○ 1991 ж. 29-тамызда Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды;
○ 1991 ж .21-желтоқсан күні Алматы қаласында ТМД құрды;
○ 1992ж.қыркүйек-қазан айларында Алматыда дүние жүзі қазақтарының құрылтайын өткізіп, жер бетінде тарыдай шашылған қазақтарды тарихи Отанына шақырды;
○ 1993 ж. Лиссабон хаттамасына қол қойды. Қазақстан ядролық қарудан еркін аймақ болып жарияланды;
○ 1994ж. Орталық Азия экономикалық қауымдас-тығын құрды (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, кейін Тәжікстан);
○ 1994ж. Қазақстан Президенті Еуразиялық мемлекеттер одағын ұйымдастыруды ұсынды. (Одақтың мақсаты: Кеңес үкіметінен кейінгі кеңістікте пайда болған елдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін нығайту, әлеуметтік-экон-қ жаңғырту процестерін жүзеге асыру);
○ Әскери-саяси одақ НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды орын береді. Бұл ынтымақтастық “Бейбітшілік үшін әріптестік” бағдарламасы негізінде жүзеге асуда;
○ Халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге жол ашылды
Елбасы өзін тек бір ғана мемлекеттің қауіпсіздігі мен мүддесін ойлатын тар шеңбердегі саясаткер емес, өз елі орналасқан аймақ елдерінің, халықтарының және бүкіл адамзаттың қауіпсіздігі мен тыныштығын, даму болашағын ойлайтын және оған жетудің тиімді жолдарын ұсына алатын қайраткер екенін байқатты.
Н.Назарбаевтың ел басшылығын қолға алған соң Семей ядролық полигонын жауып, кеңестік кезден мұра болып қалған ядролық қаруларды жойып, Қазақстанды ядролық қарусыз елге айналдыруын бүкіл әлем елдері ризалық сезіммен қолдағаны баршаға мәлім.
Қазақстан Президенті Кеңес Одағы ыдырап, ауыр саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарыс құрсауында қалған бұрынғы одақтас республикалар тағдырына, олардың болашағына алаңдай отырып Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (1991) құру жолында ерекше еңбек сіңірді.
Қазақстан басшысы қазір Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанды біріктіретін аймақтық-Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымын (1996) құруға және қалыптасуына ықпал ете білді. Қазір бұл ұйым жұмысына 5 мемлекет бақылаушы ретінде қатысса, 8 мемлекет әріптестік байланыс орнатқан.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 1992 жылғы 5 қазанда өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Азия аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ұйым-Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) құруды ұсынып, әлемнің өзге өңірлеріне қарағанда әлі тиісті тетігі қалыптасып болмаған Азия құрлығында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ықпалды, әрі әмбебап құрылымның қажеттігін дәлелдеп, 10 жылдай қажымай талмай аймақ елдері басшыларымен келіссөздер жүргізіп, 2002 жылы Алматыда осы ұйымның құрылуына қол жеткізді және қазір 26 мемлекетті біріктіріп отырған осы ұйымның тиімді жұмыс жүргізуіне ықпал етті.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық маңызды бастамасының бірі- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізуге байланысты екені баршаға аян. Осы маңызды съездің бірінші отырысы 2003 жылы өтіп, содан бері ол диалог пен өзара іс-қимылдың бірегей алаңына айналды. Қазақстан әлемдік қоғамдастық тарапынан өркениетаралық және дінаралық диалогтың маңызды халықаралық орталығы ретінде мойындалды.Әлемге белгілі көптеген танымал саясаткерлер, діни қайраткерлер осы диалог алаңын ұйымдастыру бойынша Н.Назарбаевтың бастамасын жоғары бағалады.
3)Қорытынды
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – 1991 жылдың 1 желтоқсанында бірінші бүкілхалықтық сайлауда сайланған Қазақстанның Тұңғыш Президенті және Елбасы. Н.Ә.Назарбаевтың тұлғасы ел өміріндегі тұтас дәуірді белгілейді.Ұлттық рухты оятып, мемлекеттілігімізді жаңғырту миссиясы қазіргі жаһандық саясат сардарларының бірі – Нұрсұлтан Назарбаевтың еншісіне тиді. Оның тұғырлы тұлғасы ғасырлар бойы бақытты ұрпағымыз үшін темірқазықтай жол сілтеп тұрады. Тәуелсіздік таңы атқан кезде халқымыз жаңа Қазақстанның негізін қалап, қалыптастыруды дәл осы азаматқа сеніп тапсырды. Уақыт осынау маңызды таңдаудың дұрыстығын дәлелдеді.
Пайдаланылған Әдебиеттер
1.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің №1118 Қаулысы – Астана: Ақорда, 2010 жыл 7 желтоқсан www.nkaoko.kz/documents/law_of_education/ .
2.«Өрлеу Шымкент» эдістемелік-педагогикалық журналы, 2013 жыл.
3. ↑ Назарбаев отклонил референдум о президентстве до 2020 (орыс.). BBC (Үлгі:TranslateDate/ru). Басты дереккөзінен мұрағатталған 24 тамыз 2011.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 7 қаңтар 2011.
4. ↑ Конституционный совет Казахстана признал незаконным продление полномочий Нурсултана Назарбаева Российская газета, 31.01.2011.
5. Информация интернет ресурса. - http://terve.su/zagadki-finskoy-shkoly-menshe-uchi.
Достарыңызбен бөлісу: |