Тақырыбы: «Денсаулықты нығайту және алдын алу бағдарламаларын ұйымдастыру, жоспарлау және бағалау» Жоспар



бет1/3
Дата28.09.2024
өлшемі361,53 Kb.
#146012
  1   2   3
Байланысты:
Денсаулықты-нығайту-слайд


Тақырыбы: «Денсаулықты нығайту және алдын алу бағдарламаларын ұйымдастыру, жоспарлау және бағалау»
Жоспар:
I. Кіріспе.
II. Салауаттанудың рөлі, нысандары.
III. Денсаулық сақтау шаралары.
IV. Қорытынды.
  • Кіріспе.

  • Қазіргі заманда денсаулықты сақтау мен нығайту ең басты мәселелердің бірі екені белгілі. ХХІ ғасыр адамына денсаулықты қалыптастыруға үйрену қажет. Валеологиялық мәдениетті қалыптастыру өсіп келе жатқан ұрпақта денсаулықтың мәдениетін қалыптастыру мақсатына жетудің басты шарты. Салауаттану – тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым. Әлеумет себепші болған аурулар санының өсуіне, адамның әлеуметтік биологиялық мәні арасындағы қарама – қайшылықтардың шиеленісуіне байланысты – салауаттанудың пайда болуы заңдылық. Салауаттану ғылымы аурудың алғашқы алдын алу әдіснамасын, денсаулықты сақтау және нығайту амалдары мен әдістерін зерттейтін салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми негізі болып табылады.

Салауаттану нысаны, біріншіден – дені сау адам, екіншіден – оны қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар, үшіншіден – аурудың пайда болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері, төртіншіден – сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табылады.
II. Салауаттанудың ролі, нысандары.
Салауаттанудың ролі – адамның ішкі биологиялық табиғатымен, өзін қоршаған тірі және өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту, кикілжіңнің көзін жою болып табылады.
Денсаулықты сақтау үшін мыналарды орындауың қажет:
• жеке бас гигиенасын сақта; • күн тәртібін орында; • денешынықтырумен айналыс; • дұрыс тамақтан • ағзаңды шыңда • белсенді және көңілді бол.
III. Денсаулық сақтау шаралары.
Қимыл белсенділігі
Бұл салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Ол өмірлік маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін жақсартады, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Ал аз қозғалған кезде организмде өзгерістер дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет