Дәріс тақырыбы: Жемқорлық құлықтарының психологиялық ерекшеліктері



бет1/3
Дата30.03.2023
өлшемі32,46 Kb.
#77509
  1   2   3
Байланысты:
8 д р¦с Жем орлы лы тарыны психологиялы ерекшел¦ктер¦


дәріс тақырыбы: Жемқорлық құлықтарының психологиялық ерекшеліктері
жоспары:
1. Жемқорлық мінез-құлықтарының тетіктері
2. Жемқорлық мінез-құлықтарының тұлғалық детерминанты
3. Тұлғаны профильдендіру -өзін-өзі тұлғалық ұстаудың модельі
4. Жемқорлықты факторлар ықпалына түспейтін тұлғаны тәрбиелеу ерекшеліктері
Дәріс :
Жемқорлық мінез-құлық тетігі дегеніміз объективтік шындықтың сыртқы факторлары мен жемқорлыққа бару шешімін детерминация-лайтын, бағыттайтын және оның орындалуын бақылайтын ішкі, пси-хикалық процестер мен жағдайлардың байланысы мен өзара ықпалдастығы. Жемқорлық мінез құлықтарының тетігі тұлға мен сыртқы ортаның өзара ықпалдасуы нәтижесінде орын алады. Қылмыс жасау тетігі әр сатысында сыртқы орта жауап беріп отырады, ал тұлға болса, өз кезегінде осы жауаптарға қатысты шешім қабылдайды.
Жемқорлық мінез-құлықтың мотивациясы дегеніміз мотивтің заңға қайшы қылықты жасаудың саналы түрткісі ретінде қалыптасу процесі.
Бұл көрініске қарап отырсақ, жемқорлықтың ең бастауы, түбірі мотив сияқты болып көрінеді. Тіпті, қылмыстық құқық та қылмыс мотивін қарастырады және қылмыстық субъективтік жағының қосымша бел-гісі ретінде адамның мінез-құлқының ішкі түркісі деп қарастырады. Шынында да мотив ең бір әрекеттің бастауы болып табылады, деген-мен, ол да әлі беті жағы осы мотивтің қалыптасуының өзіне де бірне-ше факторлар ықпал етеді. Олардың да белгілі бір жолдан өтетін тіз-бегі бар .
Бұл тізбек тек қана жемқорлық мінез-құлыққа ғана тән емес, барлық заңды мінез-құлыққа да тән. Мұқтаждықтар ең алғашқы және адаммен туа бітті мотивтің қайнар көзі болып табылады. Бірақ жалғыз ғана емес.
Әлеуметтік субъект ретінде адамда одан да басқа мотив көздері пайда болады. Олар - өмірлік жоспарлар мен проблемалық жағдайлар. Осы үшеуінен барып мүдде туындайды. Мүдде мұқтаждықпен тығыз байланыс-ты. Мүдде категориясының әлеуметтік, философиялық және құқықтық мағыналары бар. Өз кезегінде мұқтаждық мүддеге айнала алады. Қарапайым мысалмен айтқанда ‘’Қарным ашып тұр’’- дегеніміз мұқтаждық та, ‘’Қалай тамақ тауып жеймін?’’- дегеніміз мүдде. Демек, мұқтаждық адам санасымен сезілген уақытта мүддеге айналады. Ол “өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру жолындағы субъектінің объектіге қатынасы”. Мүдде сонымен бірге, мұқтаждық, құндылық т.б. сияқты қоғам дамуының қозғаушы күштерінің қатарына жатады. Қоғам дамуының секірістері үшін әлеуметтік қайшылық және оны шешуге ұмтылыс қажет. Осы қайшылықтарды шешуге ұмтылған әлеуметтік субъектілердің прогрессивтік әрекетіне түрткі болатын олардың мұқтаждық-мүдделері және т.б. итермелеуші күштер. Маркстің сөзімен айтқанда ‘’ескі мұқтаждықтарды қанағаттандырып болған соң жаңа мұқтаждықтардың туындауының өзі - тарихи процесс’’. Егер де мұқтаждықтар өспей, жаңасы туындамай, бір деңгейде қала берсе, онда адамзат әлі алма теріп, арба итеріп жүрген болар еді, немесе әлі де homo sapіens sapіens-ке жете алмай жануар тектес кейіпте қалған болар ме еді?!! “Егер мұқтаждық, ең алдымен, мұқтаждық затына бағытталса, мүдде мұқтаждықты қанағаттандыра алатын заттарды, құндылықтарды, игіліктерді тарату соларға байланысты болатын әлеуметтік қатынастарға, институттарға, құрылымдарға бет түзейді”. Гегельше айтсақ, “ештеңе де мүддеден тыс жүзеге асырылмайды”. Ол мүдделер нақты шешім қабылдауға негіз болытын мотивт қалыптастыру үшін әлі де мүмкіндіктерге сүйенуі тиіс. Мүмкіндіктің философиялық ұғымы мүддеден де кем түспейді. Ол да жан-жақты. Ол тұлғаның қандай да бір өзгерістерді жасай алуы. Мысалға, заттан келетін мүмкіндік дегеніміз заттың объектитвтік шындыққа алып келетін өзгерісін тұлғаның өзіне таңуы, телуі. Ал жалпы әлеуметтік мүмкіндік болса, одан да кең өз әрекеттері мен дене қимылын қоса алғанда кез келген әлеуметтік өзгерістерді еркімен жасай алуы. Әлеуметтік мүмкіндіктер методологиядағы мүмкіндік пен шындық категорияларынан бастау алса да, бірдей емес. Себебі ол методологиядағы мүмкіндік - объективтік те (адамның еркі мен қалауында шаруысы жоқ), әлеуметтік мүмкіндік субъектитвтік: тек қана тұлғаға ғана тән, оның еркімен байланысы. Әлбетте, объектитвтік факторларды ысырып тастауға болмайды, себебі кез келген адам өз еркі тілеген нәтижесіне қол жеткізе алмайды ғой (мүмкіндігі жоқ).
Ары қарай өз жолымен дамып келген осы көздерді құндылық бағдарларына сүйене отырып, бағыттау керек, сонсоң ғана осылардың нәтижесінде белгілі бір актіге деген мотив пайда болады. Мысалға, Жемқорлық деген өте сан салалы күрделі әрекетті алмай-ақ, қарапайым бір-ақ актіден тұратын әрекетті алайық. Айталық, студент сабақ үстінде мұғалімнен далаға шығып келуге рұқсат беруін өтінуі керек. Осы бір ‘’Ағай, далаға шығып келейінші’’ деген түрткінің қалыптасуына ең алдымен, мұқтаждық пен әйестік ықпал етеді, яғни не болмаса белгілі бір табиғи мұқтаждықтар не болмаса басқа да мұқтаждықтар (үйге телефон шалып келу, су ішіп келу) немесе әуестіктер (дәлізде сенделіп жүріп қайту, өзге топтағы досқа барып әңгіме айтып келу т.б.) ықпал етеді. Бірақ ол сұранбас бұрын проблемалық жағдайлармен де санасуы керек: ол ағай қатаң - ешкімді жібермейді, сұранғанды жақсы көрмейді, өткенде жасаған шалыс әрекетіме өш сақтауы мүмкін т.б. Сол сияқты демнің арасында іштей санада әуелден шынайы қалыптасып қалған өмірлік жоспарлар да жанасып өтеді: мен білім алу үшін бір минутты да жібермеймін деп өзіме уәде бергенмін, бос нәрсеге әуес болма. Осылардың нәтижесінде олар мүддеге (енді қалай сұранамын?), одан мүмкіндікке (мен семинарда отырмын ба, әлде курстық дәрістемін бе, деканат тексеріп қалмай ма?), одан құндылық бағдарларына (маған білім керек пе, әлде арасында сабақтарды түсінбей қалсам да бола ма?) ұласады. Одан әрі осы мотивтің негінде далаға шығуға шешім қабылданып, жоспарлай бастайды (дәл қай уақытта сұранамын?), содан соң ғана, студент ‘’Далаға шығып келуге бола ма?’’- деп қолын көтереді. Жаңағы тізбек бір демнің ішінде бірі бірімен біте қайнасып зу етіп өте шығады. Бұл бір ғана акт, ал дәл осындай ‘’кримино хирургиялық операцияны’’ адам әректінің күрделі түрлерінің бірі қылмысқа жасауға тура келеді. Енді осы жерде айта кетелік, мұқтаждық барлық мінез-құлықтың бастауы екені рас, бірақ оның да түр түрі және деңгейі бар.
Адамзат өзінің мыңдаған жылдық тарихында мұқтаждықтарды жоғары деңгейлерге көтере алды. Мотивтің қалыптасуына осы аталған ішкі факторлар ғана емес, сыртқы тұлғаның өз ерекшеліктері, тәрбие де ықпал етеді. Әдетте, адамның мотивациялық аясының ерекшеліктерін тұлғаның өзін талдау шегінде қарастырады. Жемқор тұлғасын зерттей келе зерттеушілер төмендегідей типтік мотив түрлерін бөледі:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет