Тақырыбы: Дәрумендердің пайдасы. Мақсаты



бет1/3
Дата29.09.2023
өлшемі353,85 Kb.
#111777
  1   2   3
Байланысты:
Жемістер, көкөністер – дәрімендер көзі тақырыбында тәрбие сағаты (2)


Тақырыбы: Дәрумендердің пайдасы.
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың дұрыс тамақтануы, көкөністерді, жемістерді, жидектерді және басқа да пайдалы өнімдерді пайдалану қажеттілігі туралы білімдерін жүйелеу және кеңейту. Салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі ретінде рационалды тамақтану туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Балалардың алған білімдерін, ой-өрісін жетілдіру, сөйлеу мәдениетін дамыту, ағза үшін дәрменді заттардың маңызын ұғындыру.
Тәрбиелік: Күн тәртібін сақтауға, ұтымды тамақтана білуге баулу, жеке бас гигиенасын қалыптастыру.


Көрнекілігі: Суреттер, қима қағаздар, слайд.


Барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.
Мұғалім:
Балалар бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы
«Жемістер, көкөністер – дәрумендер көзі»


Мұғалім:

  • Балалар, менің сендерге бірінші сұрағым:

  • Денсаулық дегеніміз не?

Оқушылар:

  • Сау болу, күшті, төзімді, епті, әдемі болу.



Мұғалім:

  • Дұрыс айтасыңдар. Денсаулық - адам өміріндегі басты құндылық.

  • Балалар, дұрыс тамақтану, тағамды таңдай білу, күтіну ғана адамды барлық ауру-сырқаудан құтқара алады. Сол үшін де тағамның құнарлы болғанына көңіл бөлген жөн. Ал құнарсыз тағамдарды тұтыну - дәруменнің жетіспеушілігін туғызады. Егер тағам құрамында дәрумендер жеткіліксіз болса, ағзаның жұмысы нашарлап, соның салдарынан адам түрлі ауруға тез шалдығады екен.

Дәрумендер - адам ағзасы үшін өте қажетті биологиялық белсенді зат болып табылады.
Мұғалім:



  • Дәрумендерді қайдан алуға болады?

Оқушылар:

  • Жемістерден, көкөністерден.

Мұғалім:



  • Олай болса сол дәрумендердің қандай пайдасы бар, олар қандай жемістерде кездесетінін видеороликтен көріп ,есімізде сақтайық.


Дәрумендер:

  • А дәрумені.

  • А – маңызды дәрумен. Егерде көру қабілеттерің төмендесе, тістеріңнің эмалі жұқарса, сендерге мен керекпін. Менімен ағзаларыңды қалай толықтыруа болады? Бар болғаны А дәрумені бар азық-түлікті жеу керек.

  • «А» дәрумені: қызыл бұрышта, сарымсақта, қызанақта, ... бар.




  • В дәрумені.

  • Мен – В дәруменімін! Мен жалғыз емеспін, біз бір толық отбасымыз!
    Егерде сендер әлсіреп, тәбеттерің нашарласа, үнемі ренжіп, себепсіз жыласаңда - сендерге мен жетіспеймін! Үнемі көңілді болып, терің кеппесін десеңдер - мені жеңдер. Ал мені қайдан табуға болады?


  • «В» дәрумені: қиярда, қырыққабатта, сәбізде, ... кездеседі екен.




  • С дәрумені.

  • Мен – өте танымал дәруменмін. Мен барлық балғын жемістер мен жидектерде кездесемін. Мен болмасам, сендер жиі және ұзақ уақыт бойы ауырасыңдар, ал сендердің ағзаларың ауруға қарсы тұра алмайды. Мен сендерге суық тиюден қорғануға көмектесемін.

  • Сендер мені қайдан таба аласыңдар?

  • «С» дәрумені қарақатта, лимонда, мандаринде, ... кездеседі.




  • D дәрумені.

  • Менсіз өмір сүру мүмкін емес. Сүйектерің осал болады.
    D дәрумені пайда болу үшін ультрафиолет қажет болады! Мен, аса маңызды дәрумендердің бірімін. Менсіз сендердің бойларын өспейді, сүйектерің қатаймайды. Менімен жазда, күннің көзінің астында кездесуге болады.


  • «D» дәрумені: алмада, алмұртта, пиязда, жүзімде, ... .

Мұғалім:

  • Не байқадыңдар?



Оқушылар:

  • Адам ағзасына бір ғана дәрумен жеткіліксіз, адам дені сау болып өсу үшін барлық дәрумендер ағзамызға жеткілікті болуы керек.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет