«Сипап сезу» дидактикалық ойыны Жемістерге сипаттама айтылады. Шарты: Қатысушы «ғажайып қорапқа» қолын салып, бір жемісті, не көкөністі қораптан шығармай, сипау арқылы қандай жеміс екенін табады, сипаттап, сол жеміске немесе көкөніске сөйлем құрайды және үш тілде жемістің, не көкөністің аталуын айтады.
Мысалы: Алма, яболко, apple - жеміс, тәтті, сары, қызыл, жасыл алмалар болады. Алма - дөңгелек. Алма ағашта өседі. Алмада дәрумендер бар, салат жасауға болады. Банан, банан, banana – жеміс, тәтті, жұмсақ. Түсі сарғыш, жасыл да болады. Сопақша болып келеді. Бананнан түрлі салаттар жасауға болады. Пияз, лук, onion – бұл көкөніс, ащы, көзден жас шығарады. Тамақ пісіргенде қолданады. ...
«Көкөністер мен жемістер қай дәруменде кездеседі?»ойыны
Бұл ойында жылдам екі топқа бөлінеміз.
Балалар, берілген суреттердегі көкөністер пен жемістер қай дәруменде кездесетінін дұрыс орналастырыңдар.
Мысалы: С дәрумені Қара қарақат Итмұрын Жасыл пияз Қызыл бұрыш
Қызыл бұрыш
Орамжапырақ
Апельсин
«Мәзір құрастыру» ойыны
Бұл ойында жылдам үш топқа бөлінеміз.
Сендердің міндеттерің алдарыңда жатқан сөздерден мәзір құру.
ТАҢҒЫ АС командасы - таңғы асқа қажет азық-түліктердің мәзірін құрайды.