Жердің ішкі қабаттарының құрамы туралы тек табиғат құбылыстарының нәтижелеріне байланысты деректер алынады. Олардың бірі- жанар тау вулкандарының атқылауы. Жер сілкіну, тау көтерілу, вулкан атқылау үнемі үздіксіз жүретін процестерге жатады. Сонымен қатар жер бетіндегі тау-тастар жел қағу, күн шағу, су шаю әрекеттерінен бұзылып отырады.

Жер сілкінуден, тау көтерілуден тау жыныстарының жер бетіне шығуымен қатар жер астының қалың қабатынан бізге аз болсада деректер беретін әсерге жер сілкінгенде пайда болатын серпімді толқындар. Ол толқындар түрлі-түрлі қабаттарда салмағы әр түрлі тау жыныстарында әр түрлі жылдамдықпен тарайды, демек толқындар әр түрлі сынып, қабаттардан шағылады. Осы толқындарды өлшеп зерттеу арқылы тау жыныстары туралы мәлімет алуға болады.

Жер күнді айналып жүрген планеталардың бірі. Сондықтан кейбір астрономиялық әдістерде жердің ішкі құрылысы туралы мәліметтер береді. Мысалы, аспаннан жерге келіп түскен метеорит заттардың құрылысын, құрамын өлшеп, соны жер құрылысымен салыстыру, басқа аспан денелері мен жердің арасындағы тартылыс күштерін бақылау, сол арқылы жердің тығыздығын анықтау және т.б.. Осы тұрғыдан зерттеу нәтижесінде жердің орташа тығыздығы 5,5 (т/м3), ал оның беткі қабаттарындағы тау жыныстарының тығыздығы 2,6–3,0 (т/м3) құрайды. Осы мәліметтерге сүйенсек жер қабаттарының тереңдігі артқан сайын олардың тығыздықтарыда жоғарылай беруі мүмкін деген қорытынды шығарылады.