Жердің жалпы құрамын оның жоғарғы қабығы — жер қыртысының құрамымен салыстыру, Жерде оның ядросының әсер етуінен ауыр металдардың - темір мен никельдің үлесі күрт артатынын (тиісінше олар Жерде 35-40%, ал жер қыртысында 2,4-3,5%) көрсетті. Кестеде келтірілген элементтер негізінен химиялық қосылыстар түрінде таралған, олар сомтума күйде сирек кездеседі.
Жердің жалпы құрамын оның жоғарғы қабығы — жер қыртысының құрамымен салыстыру, Жерде оның ядросының әсер етуінен ауыр металдардың - темір мен никельдің үлесі күрт артатынын (тиісінше олар Жерде 35-40%, ал жер қыртысында 2,4-3,5%) көрсетті. Кестеде келтірілген элементтер негізінен химиялық қосылыстар түрінде таралған, олар сомтума күйде сирек кездеседі.
Жер ядросы қазіргі түсініктер бойынша сидеролиттің (темір-тас метеорит) құрамына жақын, яғни темір-никель құрамды болуы ықтимал. Металдарды соққылау арқылы сығу эксперименттері көрсеткендей, сыртқы ядро (Е белдемі) сұйық күйде болады, оның құрамына темір мен никельден басқа темір оксидтері кіреді, ал темір-никель қорытпасы 84-92% мөлшерінен аспайды.
4980-5120 км тереңдіктер аралығындағы өтпелі қабаттың (Ғ белдемі) құрамына күкіртті темір - троилит FeS кіреді, ол сидеролиттерге тән қосылыс.
Субъядро (G белдемі) туралы деректер өте аз. Жанама мәліметтер бойынша ол темір-никель корытпасынан тұратын қатты күйде болуы ықтимал.
Жер мантиясы көлемі мен массасы бойынша ең үлкен геосфера және құрамы өте күрделі, ол туралы геосфералардың жаралуы туралы қазіргі түсініктер негізінде тұжырым жасауға болады. Осы түсінік бойынша геосфералар Жердің бастапқы заты оның қойнауы қатты кызған кезде дифференциаңиялануға (қабаттарға жіктелуге) үшырауынан қапыптаскан. Жіктелудің бірінші кезеңінде бастапқы заттан ауыр металдар - темір мен никель балқып шығып төменге батып, Жердің қазіргі ядросын қалыптастырған. Балқыған ауыр металдар бөлініп кеткеннен кейін қалған зат - пиролит қазіргі мантияны құраған. Мантия затының дифференциациялану процесі қазір де жалғасуда. Дифференциация Гутенберг қабаты мен оның астындағы Голицын қабатын да қамтитыны байқалады. Төменгі қабатта балқудың (магманың) жекелеген ошақтарының пайда болуы, олармен ең терең фокусты (тоғысты) жерсілкінулер байланысты болуы мүмкін.
Жер қыртысы қазіргі түсініктер бойынша заттың дифференциациялану нәтижесі болып табылады. Ол қыртыс горизонттарына тән термодинамикалық жағдайларда жаралған элементтер қосылыстарынан тұрады. Бұл химиялық қосылыстар минералдар деп аталып, олар өз кезегінде таужыныстар құрамына кіреді.
Жердің ішкі қойнауқаттары мен сыртқы қабықтарының химиялық құрамы туралы салыстырмалы деректер төмендегі кестеде көрсетілген.[1]
Литосфераның геоэкологиялық функциялары. Литосфераның экологиялық функциялары деп оның биота мен адамзат қоғамының тіршілігін қамтамасыз етудегі рөлін анықтайтын қасиеттердің алуан түрлілігі түсініледі. Оларды төрт негізгі топқа бөлуге болады