Филология институты



Дата19.09.2023
өлшемі15,29 Kb.
#108395
Байланысты:
Самал едхә 31.03


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ



СӨЖ


Ежелгі хандық дәуірдегі әдебиет

Орындаған: 108 топ студенті Демес Самал Шалхарқызы
Тексерген: аға оқытушы Юсуп П.Қ.

Алматы, 2023ж



Тақырыбы:

Ғалым пікірі

Өз пікірім

Жыраулар поэзиясының Көне Түркі дәуіріндегі әдебиетпен байланысы

1)Профессор А.Егеубай жыраулар поэзиясының қазақ ұлтының рухани қалыптасуына жасаған ықпалы туралы: «Жыраулар толғаған адамшылық, имандылық, қаһармандық, жігерлілік һәм жайсаңдық жаңа қалыптаса бастаған қазақ ұлысының рухани келбетін кестелеуі тиіс еді. Солай болды да. Қазақ елінің ажары мен жан дүниесі сол шығармалардан танылды..», – дейді.
2) Көрнекті ғалым-жазушы М.Мағауиннің айтуынша: «Қазақ халқының жалпы түркілік ортақ этнос құрамынан бөлініп, дербес Орда құрған хандық заманы төрт ғасырға жуық ұзақ дәуірге созылды». Ол тағы бірде «ХV–ХVІІІ ғасырларда жасалған әдебиет ел мүддесін, жұрт мұратын бірінші орынға қойды. Өзіндік түр тауып, айқын ұлттық сипатта қалыптасты.
3) З.Қабдолов айтқандай «ол оқырманға бұрын беймәлім өмірді, шындықты, бейтаныс заманды , адамды танытады,... оқырман үшін бұрын-сонды беймәлім дүниенің есігі секілді. Сол есікті ашып кіргенде ғана адам өзіне белгісіз құпиялар сырына тереңдеп, танымын байытпақ».
4)Н.Келімбетов: «Х-ХІІ ғасырларда өзінің шарықтау шегіне жеткен дидактикалық сарындағы әдебиет қазақ хандығы тұсында (ХҮ-ХІХ ғасырлар) жыраулар поэзиясы арқылы өзінің тарихи, әлеуметтік, көркемдік дәстүр жалғастығын тапты.»
5)ғалым Х.Сүйіншәлиевтің пікірінше: «Ауыз әдебиеті туындыларын ілкі жасашылар да, ескі әдеби дәстүрлерді кейінгіге жалғастырушылар да шешендер мен жыраулар еді. …ХІІІ-ХІҮ ғасырлардағы көне түркі ескерткіштерінен бастау алған әдебиетіміз ХҮ-ХҮІІ ғасырларда өзінің ауыр даму кезеңдерін басынан кешті», - деген тұжырымды ойлар айтады.

Негізінен жыраулық поэзия Көне Түркі дәуіріндегі әдебиетпен тығыз байланысты деп ойлаймын. Себебі, жыраулық поэзия Түркі дәуіріндегі әдебиеттің хандық дәуірі кезеңінің жалғасы іспеттес .Көне түркі шығармаларында елдің жеке мемлекет болу үшін жүргізген әр алуан шайқастары, батырлардың көзсіз ерліктері жырланып келсе,орта ғасыр шығармаларында адамгершілік, адамдардың бір-бірімен қарым-қаты­настары, сол кездегі дау-мәселелермен теңсіздік мәселелері ақын­дардың басты та­қырыбына айналған. Жыраулар поэ­зиясында өзіне дейінгі туындылардағы мазмұн-сипаттары сақталып, сонымен қатар за­ман шындығы мен дәуір сырын да жыр жолдарына қосады. Көне түркі әдебиетінің даму сатысы жыраулық поэзияның дамуына берік әсер тигізді.Қазақ тарихының құпия сырларының бастаушысындай болған Көне түркі әдебиеті кейінгі Қазақтың ұлы әдебиетіне қызыл кілем жайды.Жыраулар поэзиясының дамуы өсіп өркендеуі ел тарихындағы түрлі оқиғалар мен тарихи шындықтардың бізге жетіп,танылуының ең негізгі кілті.Әдебиетпен адамның,адаммен өмірдің ,өмірмен шындықтың бастау қайнары тарих.Басы болған дүниенің аяғы болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет