Тақырыбы: Ежелгі Мысыр


Ғұламалардың Арыстан баб туралы еңбектері



бет5/7
Дата16.03.2022
өлшемі1,07 Mb.
#28212
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
6аптаБӨЖ

Ғұламалардың Арыстан баб туралы еңбектері

  • Молда Мұса Сайрамидің "Тарих-и аминийа" атты еңбегінде XVI ғасырда өмір сүрген Әбілғазы Үбайдолла хан куәландырған Арыстан бабты Әзірет Әліден тарататын шежіре бойынша: Әлі имам Мұхаммед Ханафийа—Абд әл-Фаттах Баб—Абд әл-Жаббар Баб—Абд әр-Рахман Баб—Абд әр-Рахим Баб—Абд ел-Жалил Баб—Абд әл-Кәрим Баб — Ысқақ Баб—Исмайил Баб— Омар Баб—Осман Баб—Ифти- хар Баб—Махмуд Баб—Илйас Баб—Арыстан баб. Э.Муминов мұны Арыстан бабтың ата тегі деп танымайды. Шығыстанушының пікірінше, бұл Отырардың бас әулиесіне Мұхаммедтің өсиеті, ілімі кімдер арқылы жеткенін көрсететін тізім (силсила). Арыстан баб есімі Қожа Ахметтің "Диуани хикметінде" жиі аталады. "Арыстан бабам айтты", "Арыстан бабам сөздері, естіңіз, тәбәррәк" деген жолдар жиі қайталанатын тоқсаныншы хикмет Арыстан баб өсиеттерінен тұрады десе де болады. Бұл хикметтерден байқайтынымыз, Арыстан баб адамдарды инсаниат жолына шақырып, алдына "иншалла, есіткеңдерді хақтан тілеп алармыз, Шайтан жолынан алып, хақ жолына салармын, медет берсе, Мұстафа күнәларын тілермін" деп мақсат қойған. Арыстан баб жайлы ең құнды мағлұматтар да осы хикметтерден кездеседі. Алайда үлгі-өнегесі елге аңыз болып тараған Арыстан бабтың тұрмысы, тіршілігі жайлы нақты деректер сақталмаған. Оның өмірі жайлы өз хикметтерінде Ясауи "жатқан жері кедір-бұдыр, көргені қорлық пен зорлық" деп қана сипаттап өткен. Арыстан баб жөнінде К.Г.Зелеман, В.Диваев, В.В.Бартольд, М.Е.Массон, А.А.Семенов, Д.Тирмингэм, И.Меликофф еңбектерінде кездеседі. Арыстан баб тек Отырар өңіріне ғана емес, түркі әлемінің исламдануына септігін тигізген ірі тұлға болған. Отырар ауданында қазір Арыстан баб атындағы мешіт, конақүй, т.б. мәдени мекемелер бар. Оның қабірі де сонда.

Арыстан баб кесенесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет